Ана тілі Екі соқа (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Екі соқа. С. Көбеев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға, оқу дағдысын жетілдіре отырып мазмұнын түсінуге және С. Көбеев туралы білімдерін кеңейтуге жағдай жасау. Бас әріптен жазылған сөздерді танып, есте сақтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, сөздік қорларын кеңейту. Сауатты, көркем жазуларын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Еңбек етуге, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс түрінде.

Сабақтың типі: топпен жұмыс.

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика, музыка.

Көрнекілігі: гүл күлтешелері, қала, жер-су топтамасы, С. Көбеевтің портреті, соқаның суреті, техникалық құрал.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау, зейінін аудару.

Психологиялық дайындық..

- Қанымызға сіңген қонақжай қалпымызбен қонақтармен тұрып, сәлемдесіп алайық.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

5 пен 4-ке қол жеткізу.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Топтарға бөлінеміз. «Жауқазын», «Бәйшешек», «Қалампыр», «Сарыгүл».

ІІ. - Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Жер ана» Қ. Сәрсекеев (1-2 оқушы мазмұнын айту);

ә) «Жер ана» тақырыбын бекіту.

- Балалар, мына суретте не көріп отырмыз?

- Құмыра. Құмырадағы гүл әлі бүршік жармаған. Сол гүлдің гүлдеуіне сендердің көмектерің қажет. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында гүл күлтешелерінің артында сұрақтар жазылған.

Ана тілі Екі соқа (1 класс)

1. Қария Бейбітке не айтты?

2. Бейбіт неге таңғалды?

3. Анасы оған не айтты?

4. Заттың атын білдіретін сөздер дегеніміз не? (Ережесін сұрау)

5. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер дегеніміз не? (Ережесін сұрау)

6. Сонымен, «Жер - анамыз» дейтін себебіміз неліктен?

ІІІ. Жаңа сабақ..

- Мінекей балалар сендердің білімдеріңнің арқасында гүлдің бүршік жаруына көмектестік. Гүл күлтешелерінің артында нелердің аттары жазылған екен?

Ана тілі Екі соқа (1 класс)

- Алматы, Астана, Балқаш, Алатау, Медеу. (Дыбыстық талдау жасату)

- Осы жер-су атауларының елі, мекені қалай аталады? Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

- Дұрыс айтасыңдар Қазақстан екен.

- Қалалардың, көлдің, жердің атаулары бірінші әрпі қандай әріптен басталып жазылған?

- Бас әріппен.

- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы жер-су аттарының бас әріппен басталып жазылуы.

Ереже: Жер-су атттары бас әріптен басталып жазылады: Қазақстан, Астана, Алатау, Жетісу, Нұра.

- Осы аталған Қазақстан жеріндегі қалалардың бәрінде әртүрлі өндіріс түрлері өндіріледі. Мысалы: Ақтау, Атырау қалаларында мұнай өндірілсе, Шымкентте мақта өсіріледі, Қызылорда да күріш, ал Астана, Қостанай қалаларында бидай өсіріледі.

- Айтыңдаршы балалар мақта, күріш, бидай қай жерде өсіріледі?
- Дұрыс айтасыңдар жерде, егістікте өседі екен.

- Біздің күнделікті өмірімізге қажетті тағамдарымыздың бәрі жерде өсіп-өнеді. Олар өздігінен жерде өсе бере ме?

- Әрине жоқ.. Жақсы өнім беру үшін жерге жақсы қарау керек. Көп еңбекті қажет етеді.

Оқулықпен жұмыс.

- Бүгінгі өтетін мәтініміздің тақырыбы «Екі соқа» деп аталады. Мәтінмен таныспас бұрын осы мәтіннің авторы туралы қысқаша мағлұмат алайық..

Ана тілі Екі соқа (1 класс)

Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог-жазушы. Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған.

Ұстазы Ы. Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған. С.Көбеев 1912 жылы Қазан қаласында «Үлгілі бала» кітабын бастырады. Осы уақытқа дейін оның көптеген шығармалары жарыққа шыққан. Соның ішінде бүгін сендерге ұсынып отырған «Екі соқа» мәтіні.

Ана тілі Екі соқа (1 класс)Ана тілі Екі соқа (1 класс)

- Балалар, соқа дегеніміз не? Естулерің бар ма?

Соқа - жер өңдеу құралы. Адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы барысында орасан зор орын алған, көне заманнан қазіргі заманға дейін қолданылып келе жатқан бұл еңбек құралы. Мыңдаған бойы жетіле келе ертедегі қарапайым имек ағаштан осы заманғы күрделі а.ш. техникасына айналды. Ерте заманда соқаны өгіз, бұқа, есек, ат сияқты жануарларға жегіп жер жыртқан.

- Балалар мына техникалық құралдан мәтіннің оқылуын мұқият тыңдайық..

а) оқытушының оқуы;

ә) мәтінді төрт топқа тізбектей оқыту;

б) әр топтан мазмұнын сұрау;

в) мәтін бойынша сұрақ қою арқылы талдау.

Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазғызу.

Наурыздың он үші.

Спандияр Көбеев. «Екі соқа»

100-жаттығу. 1. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 2. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар. 3. Бұлар қандай сөздер? Ненің атын білдіреді?

Тақтамен жұмыс. Әр топтан бір оқушыдан шығып, бір сойлемнен тақтаға жазады.

101-жаттығу. «Ертіс» сөзінің бас әріптен басталып жазылуын түсіндіріңдер. (Ауызша)

- Балалар, «Ертіс» дегеніміз ненің аты? Естулерің бар ма?

- Иә, дұрыс «Ертіс» судың аты. «Ертіс» Көкшетау қаласының баурайында ағып жатқан өзеннің аты. (бір-екі оқушыға оқыту.)

- Балалар тауықтың баласын не дейді? Балапан.

- Балапан не жейді? Дұрыс дән, бидай.

- Дән, бидай қайда өсіріледі? жерде.

- Олай болса осы шөже балапандарға байланысты әннің әуеніне билеп, бір сергіп алайық..

Сергіту сәті. «Ай менің шөжелерім» әні.

102-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жер-су аттарын атаңдар. Әр топтан бір-бір оқушыдан оқыту.

- Сонымен кісі, жер-су аттары қалай жазылған?

- Қанекей, бүгінгі өткен ережені есімізге түсірейік.

ІY. Сабақты бекіту. - Екі соқаны салыстырыңдар. Екеуі бірдей ма?

- Көктемгі әңгіме жайында әр топтан бір-бір оқушыға әңгімелету.

- Балалар, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Y. Сабақты қорыту. Көрініс. «Еңбекпен тапқан тиын» әр топтан көрініске қатысатын бір-бір оқушыдан шығып рөлге бөліп ойнайды.

- Сонымен балалар бүгінгі жаңа тақырыбымызды қорытындылай келе «Ердің атын еңбек шығарады» деген қазақтың мақалымен аяқтағым келіп отыр. Әрқашан балалар құр жүре бермей еңбектену керек. Мына сендердің сабаққа келіп, білім алғандарыңның өзі еңбекке жатады. Өйткені сендер құр қарап жатпай, күнделікті сабаққа дайындаласыңдар.

YІ. Үйге тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Өздерінің қаласының немесе ауданның, тұратын мекен-жайларын бас әріптен бастап жазып келу.

YІІ. Бағалау. оқушыларды сабаққа белсене қатысқандары үшін мақдақтай тырып баоғалау.

© 2010-2022