Поурочный план на тему Карга мен колбака (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№32 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Абилова Салтанат Исматовна

Сабақтың тақырыбы: Қарға мен Көлбақа.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу және негізгі идеясын түсіну. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қарға мен Көлбақаның суреті, оқулық.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, оқу, жазу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Б) Балалар сабақты бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1. Елімізге тыныштық тілейміз!
2. Күніміз жарқын болсын!
3. Аспанымыз ашық болсын!
4. Көк туымыз биік болсын!
Балалар біз бүгін Әліппе пәнінен «Қарға мен Көлбақа» мәтінін оқып, түсінігімізді айтып үйренеміз.

- Балалар біз Қазақ әліпбиін есімізге түсіріп, қайталап алайық.
- Ендеше кім Әліпбиді жатқа айтады?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар? 42 әріп, 40 дыбыс
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу және талдау.

Түсінігін айту.

Сергіту сәті. Жұмбақ жасыру

Сұм жүзді,

Құралай көзді.

Киікше секірген,

Бура санды,

Жолбарыс тонды.

Дәптермен жұмыс.

Мәтінді көшіріп жазу.
Жоғалған әріптерді тап.... үл, бүр... е, іл... ек, мер... ен, ерте... і, әң... іме, бел... і, бәй... е.
Сабақты қорыту.
Ой қозғау.
- Бүгін сабақта біз не үйрендік?
Сабақты қорытындылау

«Қарға» туралы өлең шығару

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу.
Оқушыларды мадақтау



© 2010-2022