Қазақ тілі. Тақырыбы: Жұрнақ (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.

Сабақтың мақсаты: жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру.

Пәндік нәтиже: сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрету; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Тұлғалық нәтиже: ата-анасының еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; мамандықтың бәрі жақсы, пайдалы екенін ұғындыру.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже: сөздің түбіріне жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасау тәсілін меңгерту.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықты анықтау. Сабақ бойы осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкін жағдайларды қарастыру. - Ережені бекіту

Сөз құрамы нелерден тұрады?

Сөз құрамы

Түбір

Қосымша

-Түбір сөз деген не?

-Қосымша деген не?

ә)Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: а) алдымен негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; ә) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі; б) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

1-жаттығуда берілген жаңылтпаштарды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.

Шын еңбекші - өрмекші,

Өрмекші - шын еңбекші.

Шахматшы болсаң, келе ғой,

Шоқанды, кәне, жеңе ғой.

Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен қосымша жалғанғаннан кейінгі мағынасын салыстыру арқылы сөздің мағынасының өзгергенін айтады. Оқушылар кейбір қосымшалардың түбірге жалғанғанда оның мағынасы өзгеретінін байқайды. Ондай қосымшалардың жұрнақ деп аталатынымен таныстырамын. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөздің туынды сөз деп аталатыны айтылады.

в)"Жұрнақты тап" ойыны ( Сөздерге сұрақ қойып,мағыналарын салыстырады. 1.балық+

2.кітап+

3.ас

4.ғарыш

2-жаттығу

1. « Біздің үй» өлеңін көшіріп жазу

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тауып белгілету.Қауыншы, сауыншы,егінші,тігінші. г)Кестемен жұмыс

Жұрнақ түрлері

сөз түрлендіруші сөз тудырушы

2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналған. Өлең жолдарынан туынды сөздерді тауып, белгілейді. Сөздің түбір күйіндегі мағынасы мен туынды сөздің мағынасын салыстырады.

3-жаттығуды орындау кезінде түбір сөзден туынды сөз жасауға үйренеді. Туынды сөзді жасау үшін қандай жұрнақ жалғағандары сұралады. Ол сөздерді дәптерлеріне жазады.

4, 5-жаттығулар да жаңа сабақты жан-жақты меңгертуге арналған.

№2 жұмыс дәптерімен жұмыс істеу. Бұл жаттығулар арқылы жұрнақ туралы білімдері пысықталады.

Сабақты қорытындылау. 5-жаттығу.Мақал - мәтелдерді жатқа жаздыру. Жұрнақ жалғанған сөздерді тауып, белгілету.

Өнерлі елдің оты сөнбес.

Ерлік білекте емес , жүректе

Саусағы ұзын биші болады

Құлағы үлкен күйші болады.

IV Қорытындылау «Тиісті жұрнақты қой» ойыны

Қой +

Домбыра+

Егін +

Тау+

Дәрі

Етік+

VI Бағалау.



© 2010-2022