Математика: Қосу және азайту 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Қосу және азайту есептерін шығара алады.

Логикалық ойлауға қалыптасады.

Топпен жұмыс жасай алады.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

  1. Көңіл күйді қалыптастыру

2.Ертегі кейіпкерлерінің суреттері бойынша топқа бөлу./бауырсақ,қасқыр,түлкі,аю,қоян/

3.-Балалар біз суреттер арқылы бес топқа бөліндік ,сондықтан сабақта топпен жұмыс жасаймыз.Топпен жұмыс жасау барысында мына ережелерді есімізде сақтаймыз.

Бірігіп жұмыс жасаймыз.

Бір-бірімізді сыйлаймыз.

Есепті дұрыс шығарып,

4 пен 5-ті аламыз!

Жарайсыңдар!

-Енді жаңа топқа бөліндік суреттерде нелер бейнеленген?

-Неліктен деп ойлайсыңдар?

-Иә,бүгін біз «Бауырсақ» ертегісіне шолу жасаймыз.

Ендеше ерте ,ерте ,ертеде ,ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты. Шал қарны ашып кемпіріне бауырсақ пісіріп берші дейді . Кемпірі сандық түбіндегі шамалы ұннан бауырсақ пісіріп терезе алдына қойыпты. Бауырсақ терезе алдынан секіріп түсіп орманға қашып кетеді. Міне бүгін біз сол бауырсақтың жолындағы кездескен аңдардан бауырсақты құтқару үшін лоардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

1.Бірінші бауырсақ қоянға жолығады.Қоянның тапсырмалары.

1.Әр топ сан құрамын толтырады. Үйшіктерге сандарды жазамыз.10,9,8,7,6.

2.Екінші тапсырмасы жазылған өрнектердің мәндерін тауып,компоненттерді ата 2+6= 2+3= .4+1= 6-3= 8-2=

3.Көбелектер

2.Қасқырға жолығады.

1.Қасқырдың тапсырмасын орындау үшін дәптерді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз,1,2 сандарын көркем етіп жазамыз. Оқулықты ашамыз 110 беттегі 1-тапсырма сөз есепті орындаймыз.

Таңқурай туралы шағын түсінік.

Есептің шартын талдау,слайдтан қарап жазу.

2.Көрші және әр үйдегі сандарды табу есептері 5 есеп.Тақтамен жұмыс.

3.Келесі бауырсақ аюға кездеседі.

1.Сурет бойынша өрнек құрастырамыз.5 тапсырма.

Сергіту сәті.

Музыка ырғағына қосылып,жаттығу жасату.

5. Түлкінің тапсырмалары:

1. Суретке қарап салыстырамыз.

Логикалық есептер мен қызықты сұрақтар.

2. Айырма 6-3 Қосынды 4+3 Сәуле 3+2 Кесінді 7-4 Түзу 2+2

Өрнек пен сөз арасындағы байланысты тап.

  1. Бір үйде бес жігіттің бес қарындасы бар.Барлығы үйде неше бала бар?/6/

  2. Дымбілмес алдымен 4 құлпынай ,содан соң 5 құлпынай жеді.Дымбілмес барлығы неше құлпынай жеді?

  3. Аюды туған күнімен құттықтап аңдар таңертең 3 бөшке,кешке 5 бөшке бал сыйлады. Барлығы неше бөшке бал болды?

  4. Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де,үйжі аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта?

4.Қорытынды: -Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендерге бауырсақ риза болды. Бағалау.

5. Үйге: 110 бет,№3







«Әулиекөл ауданы әкімдігінің

Әулиекөл бастауыш мектебі» ММ



Математика

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қосу және азайту»

/1 «а»-сыныбы/





Өткізген: Мизимбаева Г.Х.

2014-2015 оқу жылы











© 2010-2022