Презентация сценария Международного женского дня 8 Марта

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана - өмір шуағы

Мақсаты: І. Анаға деген мейірімділік пен сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкенге құрмет- кішіге ізетті бола білуді ұғындыру. Дүниедегі бар жақсылық күннің нұры мен ананың ақ пейілінен тарайтынын түсіндіре отырып, бойларына сіңіру.
ІІ. Оқушыларға халықаралық әйелдер мерекесінің тарихын тереңнен біліп,мазмұны мен қажеттілігіне көз жеткізіп, аналарды құрметтеу сезімдерін дамыту.
ІІІ. Балалардың бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық, мейірімділік сияқты ұлттық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: өнеге сабақ Тәрбие сағатының барысы:
«Аналар мерекесі құтты болсын»( 1 слайд) Еңсеповтың «Балауса»күйі
І. Көктем аруы ерекше тілек айтып музыка әуенімен келіп мерекелік кешімізді ашып береді.
1 - жүргізуші Қайырлы күн аяулы аналар, құрметті ұстаздар! Қадірлі қонақтар, балдырған балалар!
2 - жүргізуші (2 слайд) Бүгінгі «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік кешімізге; Қош келдіңіздер! ( 3 слайд) Бастадым сөзімді «ана» деп мен, Себебі анам ғой мені адам еткен. Өмірдің бар асылын бойына жиып, Дүниенің ардақтысы анам екен.
1 - жүргізуші ( 4 слайд) Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар!
2 - жүргізуші Армысың ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би, Сендер үшін мереке шашулары.
1 - жүргізуші Ана есімін аузына алмайтын адам жоқ,Жердің өзіне де Жер -Ана деп теңеу айтып жүрген жоқпыз ба?! ІІ. Тарихқа көз жүгіртсек, 1910 жылы копенгаген социалист әйелдердің халықаралық ІІ конференциясында әйелдер күнін атап өтуді басты мәселе деп шешіп,содан бастап барлық елдерде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні болып аталып мерекеленіп келеді.Бұл бастаманың ұйымдастырушысы халықаралық жұмысшылар қозғалысының басты қоғам қайраткері, күрескер -Ана,Коммунистік партия құрушылардың бірі - Клара Цеткин.
2 - жүргізуші «Екінші ана» дейміз ұстазды да, Құлпырады мына әлем Ұстаз барда. «Дана -Ана» деп атаймыз ұстаздарды, Мейірімдері сәуле болып шашылғанда. Бүгінгі мерекелік кешіміздің ашылу салтанатын үлкен құрметпен «Екінші анамыз» Мира Жұмабекқызына береміз.
ІІІ. Музыка әуенімен сыныпқа ұлдар тобы кіреді. (ортаға қыздарды шақырамыз) 1 - жүргізуші Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі Бишілер өнерлерін көрсетеді.
Би «Сарбаздар» Тақпақтар оқу: Алпамыс Нұрай Сағи
1 - жүргізуші Ана өмірдің қуанышы, тірегі, Бал оның жұбанышы, жүрегі. Ана алдында бас иеміз баршамыз Перзенттері жақсы тілек тіледі. Ортаға аналары мен балаларын шақырып ,қарама -қарсы қойып, әр қадам сайын аналарына құрмет сөз айта отырып сыйлықтарын табыс еткізу.
Тақпақтар оқу: Әлішер Әсел Бекзат
2 - жүргізуші Жүректерге шаттық нұрын сыйлаған, Қымбатсың ғой әсем ән мен күй маған. Көмейімнен ұшар самғап кептердей Сиқырлы саз көкірегіме сыймаған
Ән «Алтын ана» Сатығұл Сұңқар
1 - жүргізуші Құттықтаймын мейрамыңмен аналар, Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейді өмірде Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. Біз бірер күн бұрын сыныпта әжелерге, аналарға,апаларға, ұстаздарға, құрбы-құрдастарға, қарындастарға арналған құттықтау хаттар салатын жәшік қойған болатынбыз.Қазір сол құттықтауларды біздің аналарымыз оқып беруін сұраймыз.(хаттар салынған конверттер тарату)
Тақпақтар оқу: Сұңқар Арайлым Жомарт
2 - жүргізуші Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз. Қыздарды да құттықтап Мерекесін тойлаймыз.
ІV. Әзіл - сықақ. «Біздің қыздар ....»
1 - жүргізуші Кім сендерді балалар сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


2 - жүргізуші Кім сендерді балалар тербететін. Еркелетіп, ойнатып, сергітетін. Жалқау болсаң балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
1 - жүргізуші Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең. Бетін жуған жасымен сорлы анаңа, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
2 - жүргізуші Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше. Сендер қайтып келсеңдер адам болып, Еш арманы болмас еді өлгенінше.
1 - жүргізуші Ы.Алтынсарин атамыз ананың балаларын қалай аңсап, қалай сүйетінін осындай жыр жолдарымен суреттеген.Ал қазір біз осында отырған аналардың балаларын қалайша сүйетіндігін байқап көрейік.
Ойын: «Ана жүрегі сезімтал» Шарты: аналардың көзін байлап, қыздарын жаңылмай тауып алуын сұраймыз. Ортаға Зарина, Сабина, Тоғжан,Аружан, Ажарды аналарымен бірге шақырамыз Екінші кезекте: Инабат, Әлия, Әсел, Арайлым, Әсел, Диана, Нұрай және олардың аналарын ортаға шақырамыз.
Тақпақтар оқу: Нұрдәулет Мақсат Тоғжан
2 - жүргізуші Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы Тілге жеңіл , жүрекке жылы тиіп, Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы. Келесі кезекті Арайлым апайдың өз шығармашылығына берсек. Ана жайлы шумақтарын тыңдайық.

2 - жүргізуші Күнде той бола бермес дәл осындай, Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай. Бұл тойда көңіл сергіп би билесін Бишілер ортаға шық Шұғыладай.
Би: Тақпақтар оқу: Аружан, Алтынбек, Ермахан, Жәнібек
1 - жүргізуші Наурыз келді аналар мерекесі, Ана деген әр үйдің берекесі. Ер азамат шаңырақ көтергенмен Аналарсыз өрілмес керегесі.
2 - жүргізуші Аналар аман болсын жер бетінде Қуаныш күлкі ойнасын келбетінде. Күллі әлем аналармен шуақтанып, Төгілсін өлең мен жыр тербетіле.
1 - жүргізуші Бүгінгі аналар құрметіне «Анашым» әнін сыйлаймыз.
2 - жүргізуші Аналар қалқып бақыт аралында Ешқашан мұң қонбасын жанарыңа. Осымен кешімізді аяқтаймыз Гүл бітсін, баршаңыздың қадамыңа

© 2010-2022