9 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

ә)дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мен пайдаланатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта,үлестірме материалдар, (геометриялық фигуралар)ақ парақшалар.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:Ана тілі,еңбекке баулу

Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,топпен жұмыс, жұппен жұмыс,таңдау әдісі.

Сабақтың барысы: I.кезең

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Үстелдің үстіндегі геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды төрт топқа бөлу (таңдау әдісі арқылы)

Үшбұрыштар Төртбұрыштар Шаршылар Шеңберлер

Айналайын балғын бала жүзіңнен,

Айналайын нұр ойнаған көзіңнен.

Айналайын елім деген жүректен,

Балғындары жас ұрпақтың көрінген.

.Оқушыларға жұмбақ жасыру

Он асықтың біреуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?(9)

Алшаға кеп күнара

Қонушы еді бір ара

Бүгін сегіз туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алшаға

Келіп қонды қанша ара?(9)

Қараңдаршы балалар, мен сендерге екі жұмбақ жасырдым ол екеуінің де жауабы 9-ға тең.

IV Мақсат қою кезеңі:

Демек,бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы 9 санын қосу және азайту.

Ал енді балалар, дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді және 9 санын көркем етіп, дәптерлерімізге жазамыз.

9 9 9 9 9.....

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Оқулықпен жұмыс

1-мысал

Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құр және мәндерін тап. Азайтқышы 9 болатын айырмалар жаз және мәндерін тап.

1+9=10

9+1=10

0+9=9

9+0=9

10-9=1

2-мысал

10-3=7 Ж -10см

4+3=7 Қ -4см

7=7 К -3см

VI.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

3-есеп(слайдта көрсету)

Шарты:

Болды-10(қап)

Сатылды-8(қап)

Қалды-?

Шешуі:

10-8=2(қап)

Жауабы: Қалды 2 қап.

4-мысал

Тиісті сандарды орнына қою:

3+4=7 4+2=6 4+5=9

5+2=7 3+3=6 6+3=9

6+1=7 1+5=6

Өз бетінше орындауға арналған тапсырма

Сергіту сәті: «Ақ бұлақ»

Балалар, сәл демалып алдық па?

VII.Бекіту кезеңі:

Топтық жұмыс

5-мысал(шартты есеп)

(әрбір топқа тапсырмалар беріледі оны слайдтан көрсету)

Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау

«Алтын балық» ертегісі (слайдтан көрсету)

Бұл ертегіні білеміз бе?

Олай болса мына тақтаға назар аударайық.

Балалар, біз білетін «алтын балық» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар етін? ал мұнда қандай кейіпкерлерді көрдік?

Ал енді балалар математика пәнін қаншалықты жақсы білетінімізді көрсетейік.

(слайдтан көрсету көршілерін тап)

Енді балалар мен сендерге мынадай тапсырмалар беремін.

Санның құрамын тап:

Алдымен осы сандардың көршілерін анықтайықшы.10 9 9 8

Логикалық тапсырма

Сол жақтағы сызықтардың қайсысы оң жақтағы сызықтың жалғасы?

слайдпен жұмыс (бақшадағы гүлдер)

Жұптық жұмыс

Кім жылдам?

4+ =9 6+ =9

10- =9 5+ =9

+6=9 2+ =9

8+ =9 9 + =9

7+ =9 1+ =9

10-5*5+4 6+4*5+3 7+1*6+2 10-5*5+1

Сабақты қорытындылау:Сұрақ-жауап әдісін қолдану

Санның құрамын жатқа сұрау

Бағалау: Жеңіске жеткен топты мұғалім марапаттайды.

Үйге тапсырма беру:Өтілген материалды пысықтап келу.





© 2010-2022