Сыныптан тыс іс-шара 4-сынып Бәсекеге қабілетті ұландар

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бәсекеге қабілетті ұландар!

Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, білмейтін тұстарын толықтыру және еркін сөйлеу, тереңнен ойлау қабілетін дамыту. Осы жарысты пайдалана отырып, ойын үстінде сабырлықты көрсетіп үлкен сайыстарға дайындау.

Көрнекілігі : слайд

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп айтып кеткендей , еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Ал сол білімді жастарды болашақта біздер құрайтын боламыз. Осы мақсатпен сыныбымызда «Бәсекеге қабілетті ұландар! » атты интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

«Бәсекеге қабілетті ұландар!» атты интеллектуалдық ойынына қатысатын 4- сынып оқушыларымен таныс болыңыздар.

1. Қошанай Бекмұрат

2. Ерғали Сымбат

3. 4 А

4. Асхат Үміт

5. Сейіт Балым

6. Нұрлыханұлы Санжар

7. Бабаева Сымбат

8. Шерхан

- Сайыскерлеріміздің біліміне әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады

І кезең: «Ұшқыр ой»

ІІ кезең: «Тіл жанашыры »

ІІІ кезең: «Ұштап ойды тағы бір, тереңінен ойлай біл!»

ІV кезең: «Сандар сыры»

V кезең: «Жеңіс таяу, қозғалма баяу!»

Құрметті оқушылар әр бөлім сайын ұпайы ең төмен оқушы ойыннан шығып отырады.

Ендеше сіздердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін 1-кезең « Ұшқыр ой » сайысын бастаймыз.

Бұл бөлімде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек. Барлығы 8 сұрақ. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай болады.

Дайынбыз ба?

1 . Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген жылдар. (1873-1938)

2. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

1991жылы 16-желтоқсан

3. Ауаның құрамын ата. (оттегі, көмірқышқыл газы, азот)

4. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

5. Өнімділікті табу үшін не істейміз? (орындылған жұмысты оған жұмсалған уақытқа бөлу керек)

6. Қыстырма сөз дегеніміз не? (сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіреді)

7. Перпендикуляр түзу дегеніміз не? (қилысқанда тік бұрыш құрайтын түзуер)

8. Қаратпа сөздің тыныс белгісі. (үтір)

2-кезең: «Тіл жанашыры»

Бұл кезеңде 8 сұрақ қойылады. Бұл сайысты сөз тіркестерінің мағынасын ашу керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Бармағын тістеу (өкіну)

  2. Көз аларты (қорқыту)

  3. Бетінен оты шығу (ұялу)

  4. Құлақ етін жеу (мазалау)

  5. Беті бері қарау (тәуір болу)

  6. Сойып қаптағандай (ұқсау)

  7. Құлақ аспау (тыңдамау)

  8. Қолы ашық (берекелді)

(Ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығады )

3-кезең: «Ұштап ойды тағы бір, тереңінен ойлай біл»

«Ұштап ойды тағы бір, тереңінен ойлай біл» кезеңінде мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақтаң жауабын қазақ тілі, орыс тілін, ағылшын тілінде жауап беру керек. Әр тілде айтылған дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

2. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз құлағы бар

Иегінде сақалы бар.

3. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

4. Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

5. Оңынан оқы

Тағаммын.

Солынан оқы

Тағаммын.

6. Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ.

Мінсең қанат,

Сүті дәрі,

Еті тамақ.

(Ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығады )

4-кезең: «Сандар сыры»

Оқушыларымыздың ойларының тереңдігін байқау үшін, бұл кезеңде логикалық сұрақтар кездеседі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1. Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының әрқайсысында бір әпке, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу?

Жауабы: 6 бала

2. Бір үйдің төрт аты бар еді. Ерлері 2 әке, 2 ұл еді ол үйде. Барлығы бір-бір атқа мінгенде, бңр ат артық қалды. Бұл қалай?

Жауабы: атасы, әкесі, баласы.

3. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Сонымен, қалаға неше адам бара жатыр?

Жауабы: 1 адам

4. Ағасы інісінен 5 жас үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады?

Жауабы: ешқашанда

5. 1 әтеш 5 жұмырта жұмыртқалапты, ол тағы 1 жұмыртқа жұмыртқалапты. 6 күнде неше жұмыртқа жұмыртқалайды?

Жауабы: жұмыртқаламайды

(Ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығады )

5-кезең: «Жеңіс таяу, қозғалма баяу!»

Оқушылар мен сендерге сергіп қалу үшін бірнеше сұрақ қойып жіберейін, сосын сайысымызды жалғастырамыз.

  • Жақсы оқушы дегеніміз, ол-

  • Жаман оқушы дегеніміз, ол-

  • Мұғалімді жақсы көретін себебім-

  • Мұғалімді жек көретін себебім-

  • Мектепті жақсы көрем, өйткені-

  • Менің ойымша жақсы мұғалім-

Олай болса, құрметті сайысқа қатысып отырған сайыскерлер, ұстаз туралы өлең шығарайық.

...................................жасырып,

...................................асырып.

...................................ұстазым,

...................................ұқсағым.

  • Әділ қазылар алқасына сөз беру.

Оқушыларды марапаттау!!!



© 2010-2022