Бұлбұл мен тоқылдақ (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:29.04.2015

Кабинет

Мұғалім:Бекмурзина Ж.

Сабақтың атауы

Ш.Смаханұлы. Бұлбұл мен Тоқылдақ (Мысал)

Мақсаты

а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.
Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Мысалдың мазмұнын түсінді, негізгі идеяны ұғынды, мысалдың өмірмен байланысын түсінді

Сілтеме

Оқулық: Әдебиеттік оқу 2-сынып, Алматы, ,,Атамұра,,,2013 жыл.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, сто стратегиясын пайдалану, диалогтік оқыту. АКТ, оқытуды басқару және көшбасшылық,

Ресурстар

Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ, блоб ағаш.

ой толғау , Венн диаграммасы,


Психологиялық ахуал

Құстардың даусын тыңдау.
- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?
- Қай құстардың даусы ұнайды? - Балалар,бұл қай құстың дыбыс - Ол не істеп жатыр деп ойлайсыңдар? - Ал, мынау ненің дыбысы? - Бұлбұлдың қандай пайдасы бар?


Оқушылар жауабы:. -Тоқылдақ. -Орман ағаштарын құрт-құмырсқадан тазартады.Тоқылдақ- орман емшісі.

-Бұлбұлдың. - Ол- әнші.


Қызығушылықты ояту

Мысал туралы білетіндерін айтады.

1.Жаман жақсы қасиеттерді салыстырады.

2.Адам бойындағы мінез құлықтарды көрсетеді.

3.Өмірді бейнелейді.

4.Адамды жануарлар, жәндіктермен бейнелейді.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады. Авторы Ш. Смаханұлы (авторға тоқталу )
- Балалар біз қандай мысалдармен таныс едік?
- Мысалда не туралы айтылады екен?
Мағынаны тану
а) Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Өлеңнің мазмұнын сұрау.

Өлеңді рөлге бөліп оқу.

4. Сұрақтармен жұмыс.
- мысалда қандай кейіпкерлер бар?
- бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- тоқылдақ не деп жауап берді?
- мысалдан не түсіндік?


Оқушыларды 3 топқа бөлу, тапсырмалар беру:
1қатар-Өлеңдегі тоқылдақ бейнесін айта отырып, жалпы тоқылдақ құс жайында білетінін баяндау

2қатар-Бұл қатар бұлбұл құсы туралы постер қорғау

3қатар-Мысалдағы бұлбұл мен тоқылдақты салыстыру

Сергіту сәті

Қозғалыс жаттығулары

Видеороликтегі көре отырып, қозғалыс қимылдарын жасау

Ой толғаныс

Ой толғау
Қазіргі өмірде Тоқылдақ, Бұлбұл сияқты адамдар

бар ма?

Венн диаграмасы арқылы қорыту


Үйге тапсырма

Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Жинаған жұлдыздарына қарай бағалау

Бұлбұл мен тоқылдақ(2 класс)Бұлбұл мен тоқылдақ(2 класс)

Жинаған жұлдыздарын санау


Кері байланыс


"Блоб" ағашы

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, блоб ағашына жапсыру.




© 2010-2022