Ашық сабақ Құлақ-есту мүшесі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Құлақ - есту мүшесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есту мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру .

Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтау, олардың жұмыс істеу қызметін білу.Есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау.

Қоршаған ортаны есту арқылы танып білу.

Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын

Көрнекілігі: құлақтың құрылысы, сөзжұмбақ,слайдтар.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2.Психологиялық сәт.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II.Үй тапсырмасы.

Балалар,сендерге жұмбақ жасырамын.

Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.

Өткен сабағымызда көз туралы білдік


1.Көзді дұрыс күте білу ережелері.

III.Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ

1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.

(қол)

2.Қыз сөзіне қарама қарсы сөз.

(ұл)

3.Онсыз адам сөйлей алмайды.

(тіл)

4.Ананың сүті тәтті,

Ананың несі жұмсақ?

( алақаны)

5. Қойда бар тұяқ,

Ал адамда бар не?

(аяқ)

Сонда қандай сөз шықты?

-Құлақ.

Үнтаспадан түрлі дыбыстарды есту.

Не естідіңдер? Ненің дыбысы? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Оны қай мүше арқылы ажыраттың?

Ендеше бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: Құлақ - есту мүшесі

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтау, олардың жұмыс істеу қызметін білу.Есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау.

-Құлақ туралы не білеміз?

Мұғалім: Адам өмір сүретін әлем алуан түрлі дыбыстарға толы. Дыбыстарды тыңдап, оларды қабылдай отырып, адам оның айналасында не болып жатқанын біледі, басқа адамдармен араласады, қауіпті сезеді. Дыбыс дегеніміз - ауа тербелісі. Біздің есту мүшеміз секундына 16-20 мың жиілігі бар дыбыс толқындарын қабылдайды.

Есту мүшесінің құрылысы. Сыртқы ,ортаңғы,ішкі бөліктерден тұрады.

Сыртқы құлақ (құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады).Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан және ішкі жағында үш дыбыс сүйекшелері бар. Ішкі құлақ самай сүйегінде орналасқан жіңішке иірімделген өзектер мен қуыстардың күрделі жүйесі .

Әр заттан шығатын дыбысты қалай қабылдаймыз?

Сыртқы құлақ дыбыс тербелістерін ұстайды да, оларды ортаңғы құлаққа бағыттайды.Дыбыс сүйекшелерінің жүйесі дыбыс тербелістерін одан әрі ішкі құлаққа өткізеді.Пайда болған қозу үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріліп, сол жерде дыбыстың әр түрлі белгілері бойынша анықталуы жүзеге асады. Ішкі құлақтың бір бөлігі тепе теңдікті орындайды.

IV. Оқулықпен жұмыс.Енді оқулығымызды ашып құлақ -есту мүшесі туралы жазылған мәтінді оқиық

1.Іштей оқу.

2. Тізбектей оқу

3.Енді осы оқығанымызды талдайық.

1.Құлақ есту мүшесі туралы не білдік?

Құлақ қай жерде орналасқанын ?

Не үшін саңырау адам оқи алмайды?

Құлақ қандай қызмет атқарады?

.

Тағы қандай жағдайларды атар едіңдер?

Бастың қозғалысын құлақ ішіндегі тепе-теңдік қалыпты ұстайтын каналдар басқарып және соған жауап береді.

Ендеше .Құлақты күтуге арналған ережелермен танысайық.

Құлаққа қойып музыка тыңдау өте зиян . Құлақтағы дабыл жарғағының есту қабілетін нашарлатады. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, кай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін

V. Сергіту сәті.

VI. Дәптермен жұмыс

Дәтерімізді ашып , бүгінгі күнді жазамыз. Оқулықтағы Есіңде сақта! айдарын дәптерімізге жазып, үнемі есімізде сақтайық.

Есіңе сақта!
Дыбысты жақсы есту үшін, құлағыңды күте біл!

VII. Сарамандық жұмыс.

Құлағыңды қолыңмен жауып көршіңмен сөйлес. Болған соң қорытынды жаса.

Әр кезде құлағымызға күтім жасап жүрейік.

Кім жүйрік? ойыны

Берілген суреттегі заттарды екі топқа бөлеміз. Адам мына заттардың қайсысын көз арқылы көреді. Ал қай заттарды көзбен көрмей ақ дыбысы арқылы ажырата алады.

VIII.Сабақты бекіту :

Сонымен,біздің бүгінгі өткен тақырыбымыз қалай аталады?

Құлақ бізге не үшін қажет?

Құлақ құрылысы қандай?

Құлағымыздың қалай күтеміз?

IХ. Қорытынды.

Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек ?

Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек ?

Оқушы: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек ?

Оқушы: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек ?

Оқушы: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін!Он екі мүшелерің сау болсын!

ХI. Үйге: Мәтінді мазмұндау. Денсаулық тақырыбына мақал - мәтел жазу.

ХII. Бағалау ,мадақтау.



© 2010-2022