Аудандық ашық сабақ. Әдебиеттік оқу пәнінен өзгертілген сабақ жоспары. Тақырыбы: Қыс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талғар ауданы Нұра ауылы

№12 орта мектеп 3Б сынып оқушысы

Сейдахмет Азель

Талғар ауданы Нұра ауылы

№12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Умбеталиева Брлянт ҚұмарбекқызыАудандық ашық сабақ. Әдебиеттік оқу пәнінен өзгертілген сабақ жоспары. Тақырыбы: Қыс




Сабақтың тақырыбы: Қыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша өткен әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматикалық ережелерді пысықтау. Дамытушылық: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсендіктерін, қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту Сабақтың түрі: Интерактивті Көрнекілігі: интерактивтік тақта, электрондық оқулық, суреттер, аннимациялар, музыка І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықтарын ояту

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
ІІ. Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс» Сабағымыздың мақсаты: «Қыс» тақырыбын жалғастырып, алдыңғы сабақта алған білімдерімізді жинақтау. Мен бүгінгі сабағымды Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінен бастағым келіп тұр. Тыңдаймыз. Бұл өлеңмен балалар алдағы сабақтарда жақынырақ танысып, жатқа білетін боламыз. ІІІ. Жан-жақты тексеру
  1. Қазір қай жыл мезгілі?
  2. Қыс айларын атаңдар?
  3. Қыста күндер қандай болады?
  4. Қыста адамдар қалай киінеді?
  5. Қыста қандай мереке болады?
Жаңа жыл мерекесінде Балалар бүгін біздің сабаққа Аяз атамен Ақшақар келе жатыр екен. Музыка
ІУ. Олар келгенше біз шыршаны безендіріп қояйық. Әр ойыншықтың өз тапсырмасы бар. Біз ойланып, бірге орындайық.
  1. Мәтінді тыңда
  2. Мәтінді оқып, түсін
  3. Мәтінге ауызша сұрақта құрастырыңдар
  4. Бір-біріңе сұрақтар қойыңдар
  5. Зат есімнің тірек-сызбасын толтырыңдар
  6. Берілген зат есімге сипаттама беріңдер
  7. Зат есімдер: қар, балалар, шаңғы.
Балалар, интерактивті тақтада шыршамызды безендірдік. Қандай тамаша біздің шыршамыз.
Сергіту сәті. Ойын «Кім көп біледі?» У. Қараңдаршы, балалар, бізге аққалалар да қонаққа келіп қалыпты. Олар шыршаны айналып бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алғысы келеді екен. Олар да сендерге өз тапсырмаларын алып келіпті.

Тақтада деңгейлік тапсырмалар:
  1. Сын есімнің тірек-сызбасын толтырыңдар. 3 мин
  2. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
  3. Әліпби дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
  4. Үндестік заңы. Екпін.
  5. Антоним дегеніміз не?
  6. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
  7. Берілген сын есімдерге сипаттама беріңдер.
  8. Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.


Оқушылар тақтаға шығып, немесе орындарында жауап береді. УІ. Қорытынды. Сұрақ-жауап Сабақ соңында Аяз атамен Ақшақар келеді. УІІІ. Үй жұмысы: Оқушылар өз деңгейлеріне қарай шағын шығарма жазып келеді.







© 2010-2022