Презентация интеллектуальная игра ХХI века 2класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:«XXI - ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі:білімділік сайысы
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI - ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып ,тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. Мектепте сапалы білімді, саналы тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі - біздің еліміздің , ұлттық өрлеуіміздің , нұрлы болашағының мәселесі. Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты , адаммен адамды теңестіретін нәрсе- білім » деген екен. Қазіргі таңда Қазақстанға білімді де білікті жастар қажет. Алдарыңызда тұрған ХХІ ғасырдың талапты да дарынды жастарымен таныс болыңыздар. Сайысқа қатысуға 7 оқушы іріктеліп алынды.

Ендеше осы алдарыңызда тұрған білімді жастарға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1.Жаны жайсаң, жүрегі толған нұрға Шәкірт үшін биік тұлға, зор тұлға . Асқақтатқан абыройын мектептің Ризамыз мектеп директоры Қаламқас апайға.

2. Мектептің ыстығына күйетін

Шәкірттері қадірлейтін сүйетін

Ибаш апай ұстазым

Жүрекке жыр көңілге сыр түйетін.

3. Бүгінгі күн үш тілді де меңгерген ,

Өгейсітпей үш тілді де тең көрген.

Жас маман Гаухар шәкірттерге ұқтырар

Тіл білімін оқушыға ендірген.

Ал енді, құрметті көрермендер бүгінгі сайыста бақтарын сынамақ болып тұрған сайыскерлермен таныс болайық.

2а сынып оқушысы Жаңай Бағлан «Еңбек бәрін де жеңбек» деген қанатты сөзді үнемі жадымда ұстаймын.

2ә сынып оқушысы Жұмасат Қанағат ұстанымым: «Білімді мыңды жығады , білекті бірді жығады »

2б сынып оқушысы Нұрберген Нұрсая «Халқыңа тырнақтай болса да пайдаң тисін» деген Бауыржан Момышұлының сөзін ұстанамын.

2в сынып оқушысы Жақай Бақытнұр «Армансыз адам, қанатсыз құс» деп ойлаймын.

2г сынып оқушысы Жолдыбай Аружан «Білімді ұрпақ- ел болашағы дей отырып » өзім де соған сай болуға тырысып жүрмін.

2ғ сынып оқушысы Уәлибек Айым «Білімсіздің күні қаріп , білімдінің түні жарық» деген қанатты сөзді мақсат етемін.

2д сынып оқушысы Берішбай Маржан Білім -таусылмайтын байлық ,-дей келе барлығымызға сәттілік тілеймін!

«Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» - деген екен Жүсіп Баласағұн.

Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Екінші кезеңнен бастап ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»
Олай болса , құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой ,терең біліммен пәндер бойынша алған білімдеріңізді көрсетіңіздер.

1 асу . «Бәйге»

«Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын

Қосатұғын күрең атын ,боз атын,

Басталады бәйге, атты жарысың

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын»

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.


1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, Елтаңба,Гимн)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Көкжиектің негізгі тұстарын ата?
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Су табиғатта неше күйде кездеседі?(сұйық,қатты,бу)

15. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылщын)

16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)
19 Қазақ хандарын ата (Қасым,Тәуке,Абылай)

20. а+35 өрнектің қай түріне жатады? (санды өрнек)


2асу: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді - дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1.Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің көшбасшысы (мұғалім-учительница-тичэр)
2. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап - книга - book)
3. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорып жүретін досы. (ит - собака - dog-дог)
4.Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық-кошка-cat-кэт)
5.Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі-лиса-fox-фокс)
6.Тіл жоқ өзінде,Сөзі бар ізінде (қалам-ручка-пен)

7.Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан.(күн-солнце-сан)

3 асу: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сиқырлы ұяшықтарға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар.Орташа деңгейдегі сұрақ 30ұпаймен белгіленеді. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанын атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: Дауыссыз дыбыстың неше түрі бар,ата.(қатаң,ұяң,үнді)

30 ұпай: Санды өрнек неден құралады? (саннан, амал таңбаларынан)

30 ұпай: М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айт.
30 ұпай: Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз - (арық), терең - (таяз), қою - (сұйық), қысқарды - (ұзарды)
40 ұпай: Екі балада 14 алма болды.Біреуі 1 алма,екіншісі 3алма жегенде,қалған алмаларының саны бірдей болды.Әуелде әр балада неше алма болған?(10мен4)

40 ұпай: «Тоқымқағар»дегенге қалай түсінесің?(Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі басқосу)

40 ұпай: Аңыз дегеніміз не?(Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме)
4 асу: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Тік төртбұрыштың қасиеті?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. Ауаның негізгі қасиеті?
11. 1 дм неше см?
12. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. Шаршы қандай фигура?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?
Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушыларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

© 2010-2022