3 санын қосу кестесі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Социализм негізгі орта білім беретін мектебі

Қажғалиева Гүлмира Ахасовна

бастауыш сынып мұғалімі

Математика 3- сынып

Тақырыбы: Өткенді пысықтау

Бағасы. Саны. Құны

Мақсаты:

Білімділік:

а)8-бен 9- ға көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту;есептеу дағдыларын жетілдіру;

Дамытушылық:

ә)Заттың бағасы, саны, құнын табуға арналаған есептер шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

б) Шапшаңдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді пысықтау
Жаңа сабақты түсіндіру.
Біздің сабағымыз бүгін ерекше болмақ.Біз сіздермен математика еліне
саяхатқа шығамыз.Саяхатқа шыққанда ертегі кейіпкерлерімен кездесеміз.
Олар біздерге тапсырма әзірлеп қойған.
Сол тапсырмаларды орындасақ ертегі еліне қонаққа барамыз.Ол үшін
алдымен жұмбақ шешейік:
Дыбыстайды ,зырлайды
Чух-чух деп қоймайды.(поезд)

-Ал, ендеше пойызға жақсылап жайғасайық.

-Қараңдаршы, бірінші аялдамада бізді кім күтіп тұр?

-Алдаркөсе.

Алдаркөсенің тапсырмасы: 7,8,9-дың көбейту кестесін жақсы жатқа айтсаңдар" Ертегілер еліне" тез жетсіңдер,- дейді. Қане, кім тез айтып береді?

2-аядамада :Мақта қыздың қатығын қайтарып беру үшін, мысық көмектесулеріңізді сұрайды.

Мақтақыздың тапсырмасы №2 есепті шығарыңыз.
5дәптер-35теңге
8дәптер-?теңге
шешуі:35:5═7(т)

8·7═56(т)
Жауабы: 8 дәптер 56 теңге
1-дәптердің бағасын қалай білуге болады.?
Құнын санына бөлу керек. Б═ Қ : С

3-аядамада Маша мен Аю күтіп тұр екен.

Олардың тапсырмасы:№3 есеп құрастыр және шығар .

5 дәптер -40 теңге

72 теңгеге-? дәптер

шешуі:40:5═8(т)

72:8═9(д)

Жауабы:72 теңгеге 9 дәптер

Келесі аялдамада Бауырсақ түлкіден құтқаруыңызды сұрайды.

№4 Есепті шығар

9 жәшікте-54 кг жүзім

3 жәшікте-? кг жүзім

шешуі:

Жауабы: 3-жәшікте кг жүзім.

Осы ертегідегі бауырсақтың тапсырмасы.

№ 6 ( 4 м+ 4м)∙ 2═ (7м+2м)∙2═

( 6м+4м ) · 2═ (3м+5м)·2═

Келесі аялдамада қасқыр мен қызыл телпек күтіп тұр екен.

Қызыл телпекті қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық.

Қызыл телпек" ертегісіндегі қасқырдың тапсырмасы.

(234-225) ∙(9-9) 9 ·9+(2 ∙9+1) 8 ·4+9 ∙ 6

(240-200) ¦8 (999-990) ·8 7 ·8- 9 ∙ 3

9∙ (543- 540) 8· (45-5) 8· 8-7∙ 8

Ертегі кейіпкерлері сіздерге риза болды.

-Балалар , енді мектебімізге оралайық.

- Саяхат сіздерге ұнадыма?

Сабақты қорытындылау.Бағалау.

-Бүгін біз сабақта не үйрендік?

-8,9-дің көбейту және бөлу кестесін, баға, сан, құны туралы ,периметр табуды, теңдеу шығаруды қайталадық.

Үйге №5,7

© 2010-2022