МАТЕМАТИКА Өрнек 10 - а Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өрнек. 10 - а

Мақсаты: Әріпті, өрнектерді санды өрнектерге айналдырып, мәндерін есептеу жолдарын түсіндіру. Әріпті өрнектер туралы білімдерін жетілдіру. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Өзара ынтымақтастыққа, шыншылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Іші-сыртына» ойыны, «Кім жылдам?» ойыны, «Жұбын ата» ойыны.

Көрнекіліктер: плакаттар, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

Оқушыларды дұрыс отырғызып назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырманы тексеру.

4-мысалдың орындалуын қадағалап тексеремін.

9-а

а = 9, а = 0

9-9 = 0 9-0 = 9

«Ішіне-сыртына» ойыны.

Санды және әріпті өрнектерді бөліп алу.

Өткен сабақты еске түсіру

Осы ойыннан а+9 а-9 а+0 а-0 әріпті өрнектерін көрсете отырып білімдерін пысықтап түсінік беріп өтемін Мұнда а-ның орнына мәндерін қойып өрнектің мәнін тауып алған болатынбыз

Математикада әріпті өрнектерді жазу үшін латын әліпбиі қолданылады

3. Жаңа сабақ

Олай болса балалар бүгін біз 10-а түріндегі өрнекпен танысамыз.

1-мысал.Кестені толтыр

а

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10 - а


Түсіндіре отырып оқушыларға орындатамын.

Егер азайғыш бірдей болып ,азайтқыш артатын болса,онда айырманың мәні кемиді,егер азайғыш бірдей сан болып,азайтқыш кемитін болса,онда айырманың мәні артады.

«Жұбын ата» ойыны.

МАТЕМАТИКА Өрнек 10 - а Ашық сабақ

Дәптермен жұмыс

Сәуірдің 17-сі

Сынып жұмысы

Өрнек.10-а

10 10 10 10 10 10

3-есеп.

Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр.Аулада неше ағаш өсіп тұр?

Мына амалдарды орындап,нені табасың: 6+4,6-4?

А) Қарағай-6

Қайың-4

Барлығы-?

Шешуі: 6 + 4 = 10

Жауабы: барлығы 10 ағаш

Ә) (ауызша орындау)

Қарағай - 6 ? артық

Қайың - 4

Шешуі: 6 - 4 = 2

Жауабы: 2 қарағай артық.

Б) (ауызша орындату)

Қарағай - 6

Қайың - 4 ? кем

Шешуі: 6 - 4 = 2

Жауабы: қайың 2-ге кем

Сергіту сәті.

«Кім жылдам?»ойыны.(Сандар құрамын көрсету )

МАТЕМАТИКА Өрнек 10 - а Ашық сабақ

Өзіндік жұмыс

3+4 9-6 4+3

2+7 10-7 8-3

7-3 6+3 6+0

Шығармашылық тапсырма.

МАТЕМАТИКА Өрнек 10 - а Ашық сабақ

4.Сабақты қорытындылау.

-Бүгін не білдіңдер?

5.Үйге тапсырма: 2-мысал

6.Оқушыларды мадақтап бағалау.



© 2010-2022