«Қош бол, аяулы бастауыш!» тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы «Қош бол, аяулы бастауыш!» тәрбие сағаты

Казталов ауданы Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы

білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Құрманова Ұлғаным Абдрахманқызының

іс-тәжірибесінен

Тақырыбы: «Қош бол, аяулы бастауыш!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге, өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлықтарын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, ақыл, ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Өту барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Қош бол, аяулы бастауыш!» атты бастауышпен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар. Баршаңызға бүгінгі той құтты болсын!

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күркілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына төрт жыл бойы алған білімдері мен тәлім-тәрбиелерін көрсетуге дайын.

1-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күн болған сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Бүгінгі түлектерді ортамызға.

Әнұран орындалады.

2- жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым, қымбатты.

1-жүргізуші: Армысыңдар, аталар мен аналар,

Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.

Оқу оқы, адал еңбек етсін деп,

Тілеген ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2-жүргізуші: - Қадірлі, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін біз көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектеппен қоштаспақпыз.

1-жүргізуші: - Сондай-ақ, біздің ыстық-суығымызға шыдап, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Бастауышта білім алған өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

2- оқушы: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр-алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектебім»

2-жүргізуші: - Иә, осыдан 4 жыл бұрын, б осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

1-жүргізуші: - Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы отырмыз.

2-жүргізуші: - Сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

3-оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны ,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

4-оқушы: Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңқалар азамат бір-бір мықты.

1-жүргізуші: - Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі» деп, Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2-жүргізуші: - Олай болса, келесі әнімізді ұстаздарға арнаймыз.

Ән: «Ақылшы мұғалім»

5-оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

6-оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдарың, даналарың.

Өмірде сенің алар орныңа

Бірі де жеткізе алмас бағаларың.

7-оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

8-оқушы: Алтын ұяң мектепке кір деп соққан,

Әлі есімде сыңғыры қоңыраудың.

4 жыл бұрын біз аттандық

Шыңына білім деген асқар таудың.

9-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

10-оқушы: Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,

Сыныптан 15 бала орын алды.

Мөлдіреп отыр өңкей қара көздер,

Келе алмай сыртта қымбат ойын қалды.

Ән: «Біз дәуірдің түлегіміз»

«Қош бол, аяулы бастауыш!» тәрбие сағаты

1-жүргізуші: - Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен деп тілейді. Сондықтан да ата-аналардың сенімін ақтауға тиіспіз. Келесі ән-жырымыз ата-аналарға арналады.

11-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

12-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенсің анашым,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенсің анашым.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенсің анашым,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым.

13-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Ән: «Әкем-анам»

Көрініс: «Ата мен бала»

«Қош бол, аяулы бастауыш!» тәрбие сағаты

Үнді биі.

1-жүргізуші: Өнер сыры өнегеміз, бағымыз,

Сол өнермен кірер біздің сәніміз.

Тәнті болып қарсы алаңыз, ендеше,

4-сынып өнеріне бәріңіз.

Әлем биі.

Ән: «Мектебім»

Көрініс.

2-жүргізуші: - Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы,

Ата-ананың ақылы,

Болашаққа деген сенім.

1-жүргізуші: - Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз. Бір-бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?

14-оқушы: Құтты болсын, құрбыжан,

Алға аттаған қадамың.

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын.(5 баға шашу)

15-оқушы: Жайнаса бұлбұл бүлдіршін,

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайнап тұрған көктемдей

Өнерлерің гүл болсын.

«Біздің сынып»

Ән: «Сыныптастар-құрдастар»

Вальс.

1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерді қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір,

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.

  1. Мектеп директоры Абзал Ерғалитегіне беріледі.

  2. Келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

  3. Ұстаздарға.



© 2010-2022