Қазақ тілі Зат есім аудандық семинар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.02.2016 жыл Пәні: Қазақ тілі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Смайлханова Ғалия Үйсінбайқызы

Қант зауыты орта мектебі

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі, электрондық оқулық

Сабақтың жабдығы

Интербелсенді тақта, слайд, суреттер, кесте, стикер, бағалау парағы

Сабақтың мақсаты нәтижеге бағытталған

Оқушылар зат есім, олардың жазылу емлесі туралы біледі, сөйлем ішінен зат есімді ажырата алады. Оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды, сөздік қорлары молаяды, байланыстыра сөйлеуі артады. Ынтымақтасқан ортада топпен жұмыс істей алады.

Сабақта қолданылатын технология мен әдіс- тәсілдер

СТО, ОБ және ОҮБ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Аквариумдағы балық», «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі», «Бағдаршам»

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөлу

Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлу.

Оқушылар түстер арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал орнату

Балалар, бір- бірлеріңе деген жақсы көңіл- күйлеріңді білдіріліп көріңдер.

Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Орындарынан тұрып, бір- бірлеріне қарап, жақсы көңіл- күймен өлең жолын айтады.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Үй тапсырмасын қайталау

Өткен сабақтар бойынша суретпен жұмыс, тапсырмалар беру, қайталау.

Өткен сабақ бойынша берілген суретке зер салып, тапсырмаларды орындайды, қайталайды.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, сабаққа мақсат қою.

Сөзжұмбақты дұрыс шешу үшін сұрақтар қоямын. Шешуін тапқызу.

Суреттерді көрсету, бұл суреттегі заттардың атын білу үшін қандай сұрақ қояр едіңдер?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, сөздерді орнына жазу арқылы сөзжұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын ашады. Тақырып бойынша өздеріне мақсат қояды.

Суреттерді көріп, бұл суреттегі заттардың атын білу үшін сұрақ қояды.

Мағынаны тану.

Тақырып бойынша топқа тапсырмалар.

Кітаппен жұмыс

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.


Дәптермен жұмыс

Топқа тапсырма:

  1. топ: аңдар

  2. топ: құстар

  3. топ: отбасы мүшелері

Топпен орындалған жұмыстың нәтижесін таразылау.

Қабат, қабат қапталған, Ақыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Ол не? (Кітап)

Ендеше кітабымызды ашып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайық. Оқушылардың пікірлерін мұқият тыңдау оларды формативті бағалау, қосымша бағалау парағына белгі қойып отыру. Ұшымен қазық, Жол көзді жазық. Үстінен өттім, Асыл сөз жазып. Ол не? (Дәптер)

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Оқушылар берілген тапсырмаларды топта талқылайды, ой бөліседі, пікірлеседі, түйінді ой айтады.

Оқушылар топтық жұмыстың нәтижесін таразылайды.

Тақтадан жұмбақты оқиды, шешуін табады. Қандай сұраққа жауап беретінін айтады.

Оқулықта берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылар бір- бірін «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Тақтадан жұмбақты оқиды, шешуін табады. Қандай сұраққа жауап беретінін айтады.

Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Дене қимылы жаттығулары

Оқушылар орындарынан тұрып дене қимылы жаттығуларын жасайды.

Ой толғаныс

Сабақты қорыту

«Аквариум» әдісі

Ауызша орындау. Тақтадан көрсету.

Жетіқарақшы - жұлдыз.

Ақсақал - ата, қарт адам.

Дәрігер-

Бірқазан - құс.

Әншілер-

Тасбақа - қосмекенді жәндік.

Асқабақ - көкөніс.

Берілген сөздерге сұрақ қойып, сөздің мағынасын ашады.

Бағалау

Бағалау парақшаларындағы жұлдызша, смайликтер бойынша жинақ бағасын қоямын.

Өзін- өзі, бірін- бірі бағалайды.

Үйге тапсырма беру

Тапсырмаларды орындау, ереже жаттау.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

Рефлексия

Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін, сабақтан алған әсерлерін «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігіне жабыстырған стикерлер арқылы білемін.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігіне жабыстырады.



© 2010-2022