Разработка урока на тему «Одағай»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілі. Ашық сабақ. 17.04.2014.
Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер және олардың емлесі.
Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

  • Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.

  • Тәрбиелілік. Оқушыларды техникалық - ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу. Қатесіз, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, ребустар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, қимылды ойын.

  • Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері Ананың нәзік алақанындай Аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылаулар туралы білімдерін тексеріп бекіту.
  • Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қою тапсырмасы.
  1. Біздің сыныптың ұддары да қыздары да өнерлі.
  2. Менің ұстазым қалай оқитыным туралы айтты.
  3. Әкем Саяға өзіне көмектескені үшін алғыс айтты.
  4. Аружан мен Арай сабаққа бірге дайындалды.
  • Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейді. Шылаулар: мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ.




ІҮ. Мақсат қою кезеңі.
  • Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
-Бүгінгі сабақ тақырыбы: Одағай сөздер. Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерді талдау.
  1. Пай-пай, мына аттың жүйрігін-ай!
  2. Бәрекелді, келгендерің қандай жақсы болды!
  3. Алақай, алақай, ауылдан әжем келді!
  4. Апырай, ата қонысым еді! (М.Әуезов)
  • Ережемен таныстыру.
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды: Бәрекелді, өнерлі бала екен! Ойпырай, қауып алған жоқ па?! ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Сабақтың тақырыбын жазу.
  • Көркем жазу.
Суретті сөзді диктант : сауысқан, торғай, аю, қоян, түлкі.
  • 2-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайларды табу.
  • 3-жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жазу.
  • 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
ҮІ. Бекіту.
  • 5-жаттығу. Ребусты шешу.
ҮІІ. Қорытындылау.
  1. Балалар, бүгін қандай сөз табымен таныстық?
  2. Одағай деген не?
  3. Одағайлар қандай көңіл күйді білдіреді?
  4. Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?
  5. Сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсе ме?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
  • 6-жаттығу (176 бет) ережені жаттау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
  • Рефлексия.


© 2010-2022