Презентация по әдебиеттік оқү на тему Дала

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: С. Сейфуллин «Дала».

Мақсаты: С. Сейфуллин туралы білетіндерін тиянақтай түсу, «Дала» өлеңінің мазмұны мен идеясын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Ақын туралы білетіндерін тиянақтайды. Өлеңнің идеясын ұғынады, мазмұнын игереді, өз ойын дәлелдейді

Оқыту техналогиясы: СТО технологиясы

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:Жеке, жұппен,топпен жұмыс жасау, Шеңбер бойымен әңгімелеу,диалог, INSERT, топтастыру.

Сабаққа қажетті құралдар:АКТ,А1 қағазы ,түрлі түсті қағаздар.

Қолданылған әдебиеттер:Алматы кітап,Ана тілі Әдістемелік құрал.

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңберін құру

(Аптаның қай күні екенін сұраймын

Ізгі тілектер тілейді

әр күнге сипаттама береді

- Сәрсенбі-сәтті күн, бұл күнгі бастаған істер тек алға басады.Жұма-қасиетті күн,жұма күнгі тілектер қабыл болады. Сондықтан бір-бірімізге, жанымызға жақын адамдарымызға жақсы тілектер тілеп жүреміз.

Қызығушылықты ояту:

Топқа бөлу

Ізгі тілектер айтып, ұсыныс білдіріп жатамыз, осының себебі неде екен?

Геометриялық фигуралардың түстеріне қарай топқа бөлу. Таңдаған түстеріне байланысты әр адамның мінезіне сипаттама беру.

Қызыл түс: Сіз энергияға толы жансыз. Сіз кез келген жұмысты тез әрі сапалы орындай аласыз. Көбісі сізден үйреніп жүреді. Сіз ешнарседен қорықпайсыз.т.с.с.

Бағалау критерийімен таныстыру:

Ой шақыру- 1ұпай- қызыл Мағынаны тану-2 ұпай- сары

Ой толғау-3 ұпай-жасыл

1-3 ұпайға -«3»

4-5 ұпайға -«4»

6 ұпайдан жоғары -«5»

Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар.

1топ-Қызыл түс-«Күннің батуы»

2топ-Көгілдір түс- «Аспан әлемі»

3топ-Сары түс- «Күн шапағы»

4топ-Жасыл түс- «Табиғат сұлулығы»

болып 4 топқа бөлінеді.

Ой шақыру

Табиғат туралы слайд шоу көрсету.

Жазғы дала неліктен «Кестелі жібек көрпедей» деп аталады?

«Табиғат пен адам егіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

/жеке , жұпта, топта жұмыстарын тыңдау\

Топтастыру әдісі арқылы білгендерін постерге түсіреді.

Топта талдап бір оқушы шығып сыныпқа өз пікірлерін айтады.

Мағынаны тану



Оқулықпен жұмыс

Дала дегеніміз табиғат. Ал біз табиғатсыз өмір сүре алмаймыз.Табиғат бізді асыраушы. Сол себепті табиғат пен адамды егіз дейді екен. Сондықтанда табиғатты қорғайық балалар.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Дала » деп аталады.

АКТ / табиғат сұлулығын бейнелейтін бейнетаспа.\

Өлеңді 4 топқа бөліп беру.

«Сиқырлы таяқша» әдісі

1.Даланы неге теңейміз?

2. Табиғат пен ананың қандай ортақ қасиеттері бар?

3.Адам баласы табиғаттың сұлулығына неге сонша тамсанады?

С.Сейфуллин туралы мәлімет береді.

Слайд шоу

Таулы жер мен далалы жазықтардың сұлулығына мән береді

Табиғаттың қыбырлаған жәндіктері мен ұшқан құсын,жүгірген аңдарын байқап, анықтайды.

«Шеңбер бойымен» дауыс ырғағымен өлеңді тізбектей оқып INSERT әдісі арқылы ақпараттарды анықтайды.

Толтырылған кестелер бойынша топтармен пікір алысады.

Сөздік жұмысын жүргізіп, түсініксіз ұғымдарды талдайды.

Өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелейді.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сергіту сәті

Үнтаспа

Қимыл қозғалыстарын қайталайды

Ойтолғау

Ой шақыру сатысындағы орындаған «Топтастыру» жұмысына қайта оралу.

Жұмысты бағалау критерийі:

  1. Іс қағазға жазу стилі

  2. Мазмұндылығы

  3. Тілдің қолданылуы

Постерді өлең мазмұнындағы идеямен толықтырып, суретін салады және ортада қорғайды

Оқушылардың бағалауы:

«Өте жақсы»- «Жұлдыз»

«Жақсы»- «Кун» /толықтыр\

«орташа»- «Ай» / іздену\

Үй тапсырмасы

«Дала» өлеңін оқу, 6 сұрақтан жоғары сұрақтар құрап келу. Өз қиялыңдағы табиғатты бейнелеп сурет салу.

Күнделікке жазады

Бағалау

Фишкаларды санау арқылы

Басбармақ (өзара топты бағалау)

Топ мүшелерін бағалау


Оқушының аты -жөні

Постер

«Кестелі жібек көрпедей»

Табиғат пен адам егіз

Автор

Өлеңді әңгімелеу

Сұрақ жауап

Постер

сурет

Жалпы

ұпай

1

ұпай

1

ұпай

2 ұпай

2

ұпай

2

ұпай

3

ұпай

1


2


3


4


5


Кері байланыс

Бағдаршам Презентация по әдебиеттік оқү на тему Дала

  • Қызыл түс - түсінген жоқпын;

  • Сары түс - әлі де сұрақтар бар;

  • Жасыл түс - барлығы түсінікті.



© 2010-2022