Ғ дыбысы және әрпі /сауат ашу/

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ғ ғ дыбысы және әрпімен таныстыру.Өз бетінше сөз, сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелері: Ғ ғ дыбысы және әрпін таниды.

Өз бетінше сөз, сөйлем құрастыра алады.

Әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, Ғ әрпінің баспа түрі, текшелер.

Іс-әрекет бөлімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

Шаттық шеңберін құру. Шеңберде тұрып: Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

-Қазір қай жыл мезгілі?

Қандай өзгерістер байқадыңдар?

Жұмбақ жасыру:

Көп әріп ішінде,-

Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)

Ғ дыбысын айтып көрейік.

Ғ қандай дыбыс? Неліктен дауыссыз?

Қандай текшемен белгілейміз?

Әріптің баспа түрімен таныстыру.

Ауада жазып көрсету.

Дид. Ойын «Сөйлемді толықтыр»

Өзімнен үлкен бауырым... .

Қыз құлағындағы әшекей...

Атам ат...

Тіл ұстарту.

Сергіту сәті:

Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкенін алманың,

Анамызға сыйлаймыз.

Дәптермен жұмыс:

1.Сурет бойынша

2.Жазу жұмыстары

3.Дыбыстық талдау. Топтық тапсырма

Балалар жауаптары.

Балапан, доп, піл сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Ауада жазады.

Топпен бірлесе отырып жауап береді. Ол Ғдыбысы.

Сөздердегі Ғ дыбысын дауыстап айтады. Таға сөзіне текшелер арқылы дыбыстық талдау жасайды. Буынға бөледі.

Топ мүшелері бірлесе отырып жауап береді.

АҒА

СЫРҒА

ТАҒАЛАДЫ.

Ға-ға-ға атқа тақты таға.

Сөздеріне сәйкес қимыл жасайды.

1.Дыбыстық талдау жасату.

2.Баспа түрін жазу.

3. 1-топ (торғай),2-топ (ғарыш),3-топ (қарға) сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Қорытын

ды

Бағалау

Қандай дыбыспен таныстық?

Ғ дыбысы қандай дыбыс?

Бағалау

Ғ дыбысы кездесетін сөздерден мысал келтіру

Бірін-бірі шапалақтау арқылы бағалайды.


© 2010-2022