- Преподавателю
- Начальные классы
- Тыныс алу мүшелері 3 - сынып
Тыныс алу мүшелері 3 - сынып
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Бақыт Г.Б. |
Дата | 20.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
ШҚО Өскемен қаласы
Ұлан ауданының білім бөлімі
Герасимовка орта мектебінің
«Бастауыш сынып мұғалімі»
БАҚЫТ ГУЛЖАЗ
Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері Сыныбы: 3 - сынып Мақсаты: Білімділік: Өкпе және оның қызметі, тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстары және ауа жолдары, тыныс алу гигиенасы туралы түсінік беріп, тыныс алу мүшелерімен таныстыру. Дамытушылық: Балалардың еркін сөйлеуін, ойын анық, нақты алуын, жаттық оқуын дамыту. Тәрбиелік: Тыныс алу гигиенасын сақтауға, тазалыққа,достыққа, түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа сабақ Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау. Қолданылатын көрнекіліктер: өкпенің суреті, сызба, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Салеметсіңдерме балалар, отыра қойыңдар. Психологиялық дайындық Жаңа сабақ Өкпе және оның қызметі
- Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тыныс алу мүшелері».
- Балалар сендер ауа дегеннің не екенін білесіңдерме?
- Сонымен, балалар, ауа дегеніміз түссіз, иіссіз газды айтады екенбіз.
- Осы ауаның адам баласына қандай пайдасы бар?
- Біз ауамен тыныс аламыз т.б
- Олай болса тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?
- Ауыз, мұрын, кеңірдек, өкпе.
- Ал. балалар мына «Өкпе және оның қызметі» деген тақырыпты абзатысқа бөліп оқып жіберейікші жарай ма? - деп
- Адам ауасыз өмір сүре алама ?
- Жоқ
- Өкпеге енген ауада қандай газ көп болады?
- Оттегі
- Ол денеге қалай тарайды?
- Ол тыныс алғанда денеге келіп қан тамырлар арқылы бүкіл денеге таралады.
- Өкпеден сыртқа шыққан ауада қандай газ болады?
- Көмірқышқыл газы
- Ол қалай жасалады?
- Ол денеде түзіліп, қанмен қосылады да, қан тамырлар арқылы өкпеге енеді, одан сыртқа шығарылады. Осы процестер арқылы біз тыныс алады екенбіз.
- Ал, балалар, мына суретке қарайықшы, біздің өкпеміз неше бөліктен тұрады екен?
- Екі
- Қайда орналасады екен айтып жіберіңдерші?
- Кеуде қуысында
- Ал тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстары, ауа жолдары дегенді кім оқиды? - деп әр балаға бөліп оқытып алам да мұны да осылай түсіндірем.
- Балалар біз тыныс алып көрейікші қандай құбылыс байқалады екен?
- Біздің қабырғамыз жоғары көтеріле ма?
- Иә
- Таза ауа өкпеге қалай кіреді деп ойлайсыңдар?
- Біздің тыныс алуымыз мұрын қуысы, кеңірдек және кеңірдектен тармақтана ауа тамырлары арқылы енеді екен. Түсінікті ма балалар?
- Ал тыныс шығарып көрейік, мұнда қандай құбылыс байқалады екен, қане өзіміз айтып жіберейік?
- Қабырғамыз төмен түсіп, кеуде қуысы тарылып, өкпеміз де кішірейеді.
- Тыныс шығарғанда өкпеміздегі көмірқышқыл газы қалай шыығады?
- Ауа жолдары арқылы.
- Ал, олай болса сол ауа жолдарына нелер жатады?
- Мұрын қуысы, кеңірдек, қолқа, шеміршекті түтікше, өкпе, қолқа.
- Ал балалар біз тыныс алу гигиенасын қалай сақтаймыз?
- Балалар деніміз сау болу үшін бізге не істеген пайдалы?
- Балалар біз деніміз сау болу үшін мыналарды істеуіміз керек:
- * Таза ауада серуендеу
- * Табиғат аясында демалу
- * Дене еңбегімен шұғылдану
- * Спортпен айналысу
- * Жылы киіну керек
Тыныс алу мүшелері
Кеңірдек қолқа өкпе
Ауа жолдары
Мұрын кеңірдек шеміршекті
қуысы түтікше Бекіту Балалар, тақырыпты түсінсек мына «Тыныс алу» сөз жұмбақты тез орындап жіберейікші.
- Нені шексек тыныс алу мүшелеріміз жиі ауруға шалдығады? Темекі
- Тыныс алғанда қай мүшеміз жоғары көтеріледі? Қабырға
- Тыныс алуға қатысатын бірінші мүше? Мұрын
- Таза ауа өкпеге ауаның несі арқылы барады? Жолы
- Демалыс күндері табиғат аясында көбірек болған дұрыс па? Дұрыс
- Адам несіз өмір сүре алмайды? Ауа
- Шаңды ауамен тыныс алу немізге зиян? Денсаулық
- Өкпе қайда орналасқан? Кеуде
Т
Ы
Н
Ы
С
А
Л
У
Қортындылау:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік? Не білдік?