Қазақ тілі. «Буынның түрлері» 5 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып. Қазақ тілі.

Тақырыбы: Буынның түрлері

Мақсаты: буынның түрлерін меңгерту, айырмашылықтарын айырту; ойлау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа дағдыландыру; өз бетімен еңбектенуге, досына көмек жасауға, ойын бөлісуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікір айту, салыстыру.

Көрнекліктер: тақырыпқа байланысты түрлі слайдтар, тест

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу Ә) оқушыларды екі топқа бөлу;

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, оқу құралдарын тексеру.

2.Сабақтың ұранын айтқызу:

Әрбір адам?- туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ?- үйрену, оқу, ұлағат.

Әрбір ісім?- тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзім?- шындық, бірлік, адалдық.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Буын (анықтамасын сұрау) 99- жаттығуды 2 оқушыға оқытқызу. Суреттер топтамасындағы 4 суретке қарап, табиғат көрінісін суреттеп жазып келу;

3. Үй тапсырмасын бекіту

«Жедел тест» арқылы

1.Қай сөздер буынға бөлінбейді?

А) ата, әже, немере

ә) анат, ата, ақын.

Б) ай, қант, тас

2.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:

А) құм-ырс-қа

ә) о-рам-ал

б) о-йын-шық

3. Бірыңғай жуан буынды сөзді тап:

А) адамгершілік

ә) қарапайымдылық

б) ізеттілік

4. Үш буыннан тұратын сөзді тап

А) көрермен

ә) оқытушылар

б) тәкаппарлық

5. Төмендегі сөйлемде неше буын бар?

Иесі бар елдің- киесі бар

А) 12 ә)14 б) 10

6.Буынның белгісін тап

А) сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады

ә) дауысты , дауыссыз дыбыстардан тұрады

б) сөздегі дауыссыз дыбыс пен буын саны бірдей болады.

7. «Кішіпейілділік» сөзі неше буыннан құралған.

А) екі ә) бес б) алты

8. Төрт буыннан тұратын сөзді тап

А) жәрмеңке ә) алтыбақан б) еңбекқор

9. Бірыңғай жіңішке буынды сөзді табыңдар

А) адамгершілік ә) ізеттілік б) қарапайымдылық

10. Буынға қате бөлінген сөзді табыңдар

А) құ-мырс- қа

ә) би-ік-тік

б) қоң-ыр-қай

5. Жаңа сабақ

Тақырыпты түсіндіру

Буын жеке дауыстыдан немесе дауысты мен дауысты емес дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнмеі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Ашық буын: жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын . Мыс: а-ға, ба-ла, қа-ла, да-ла;

Тұйық буын: дауыстыдан басталып дауыссызға аяқталатын буын. Ат, аз, ақ, өрт, ұлт, ант.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсақ , онда буын жігі өзгереді. Өрт+ і- өрті, оқ+ы- оғы, еп+і-ебі;

Бітеу буын: дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын: тал,төрт, бар, жаз

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

а.б б.б а.б а.б а.б а.б б.б

Ба-қыт-ты ба-ла-лық-шақ

6. Жаңа білімді меңгерту

Жаттығулар керуені:

А) оқулықпен жұмыс: 302 жаттығуды орындату.

Тақтаға екі қатардан екі оқушы шығарып жаттығуды буынға бөліп жазғызамын. Содан соң буын түрлеріне қарай ажыратқызамын. Қалғандары орнында орындайды.

ә) сызбамен жұмыс: Кітапты жауып, сұрақ - жауап алу.

Б) «Тату көршілер»

Берілген сөздерді буынға бөліп жазғызу.

І қатар . Күндіз, жапырақ, бүркіт, бақа, көлеңке, батыр, астық.

ІІ қатар: Нан, ғажап, арман, лақ, қарбыз, Асзат, мәдениет

В) «Кім шапшаң?»

1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?

2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын бола ма?

3. Шалға қарағанда балада не көр?

4. Қай буында дыбыс көп болады, ашық та ма, тұйықта ма, бітеуде ме?

5. Ант пен қант, оқ пен тоқ, ұрт пен мұрт, ерт пен серт деген жұп сөздерде екі ұқсастық пен екі айырмашылық бар екен. Соны тауып дәлелдеші.

6. Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар, олар қалай ұқсас бола алады?

7. Сергіту сәті

Бір, екі, үш, бір , екі үш

Бұлшық етте міне күш

Бір, екі, үш

Біз жинаймыз күш

Төрт, бесғ алты,

Отыр, тұр, шалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Орыныңа қон

8. Мағынасын ажырату

304 жаттығудаға ұлағатты сөздер оқытып, мағынасын ашып жазғызу.

9. Қорытынды . «Ойлан тап»

Дамқан әріптерлі орнына қой, буынға бөліп, буын түрлеріне ажырат.

А) нмәдиете- мә- де- ни- ет

ә) тледиреда- те-ле-ди-дар

б) жрапықа- жа-пы-рақ

в) баотанқ- бо-та-қан

2. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған үш құстың атын жаз

Қас-қал-дақ, бұл-бұл, бүр-кіт.

Екінші буыным қайда?

Ай- айна, айдын, айла, аймақ, айлақ, айша.

4. Екі ашық буыннан құралған туыстық қатынасты білдіретін үш сөз жаз: а-та, ә-же, а-ға, а-па.

5. Екінші , үшінші буыным қайда?

10. Үйге тапсырма беру: 305 жаттығу

Болашақта қандай мамандықты таңдайсың? Таңдаңан мамандығыңа ана тілі қажет деп ойлайсың ба? Осы сұрақтар төңірегінде ойтолғау жазып келу;

11. Бағалау:

Оқушылардың білімін өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалау.

© 2010-2022