Презентация к уроку казахского языка в 2 классе по теме Үй жануарлары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 2 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары мен олардың төлдерінінің атауларымен таныстыру, үй жануарларына байланысты ертегі, ән, тақпақтар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: тақырып бойынша сөздік қорды меңгерту, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Төрт түлікті дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығы артады, үй жануарларына, олардың төлдеріне сүйіспеншілікпен қарау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сөздік, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, сөзжұмбақ, тақырыпқа сай сюжеттік суретттер, буклет, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу.

  • Бүгін нешесі?

  • Бүгін сабақта кім жоқ?

  • Аптаның қай күні?

  • Ауа райы қандай?

  • Үй жануарларын ата.

Үй тапсырмасын тексеру:

Берілген суреттердің қазақ тілінде атауларын атап сөз тіркесін құрастыру.

Жасыл жапырақ

Бес сары жапырақ

Үлкен ағаш

Құстар ұшып кетеді

Жаңбыр жауады

Жаңа сабақ.

1-тапсырмадағы суреттер бойынша үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын атайды.

  1. Мына суреттерде нелер бейнеленген?

  2. Үй жануарлардың пайдасы қандай?

  3. Төлдерін ата.

  4. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

  5. Мақсатымен таныстыру

2 тапсырмадағы жұмбақты оқу, оқушылар жауабын табады.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Алты қозы, екі қой,

Бәрін санап, айта ғой.

11+5+2+5+6+2=

Жұмбақтың жауабы: 31

3 - тапсырмадағы сурет бойынша сөйлесу үлгісіне үш оқушы тақтаға шығып ,рөлге бөлініп оқиды. Қошақаным әні орындалады.

4 - тапсырмада лақ туралы ертегі, ал қозы туралы ән бар екені туралы түсінік беріледі. Оқушылар сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы бұл ақпаратты нақтылай түседі.

5 - тапсырмадағы сөйлесу үлгісін оқу арқылы оқушылар бота туралы тақпақ бар деген қорытынды жасап, 6- тапсырмадағы осы бота туралы тақпақты мәнерлеп оқиды. тақпақ хормен қайталату арқылы жатталады.

Боташым

Айналайын жан ботам!

Кіп-кішкентай ақ ботам!

Айым, күнім, боташым,

Қуанады анашың.

Сергіту сәті.

1,2,3,

Ал, кәнеки, ұш!

4,5,6,7,

Мынау - ауыл шеті.

8,9,10,

Ал, кәнеки, қон.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

  1. тап. Суретке қара. Жаз.

  2. тап. Сөйлемді толықтырып жаз.

  3. Тап. Сөзжұмбақты шеш

қ

о

й

т

ү

й

е

с

и

ы

р

е

ш

к

і

ж

ы

л

қ

ы

қ

о

з

ы

б

о

т

а

б

ұ

з

а

у

л

а

қ

қ

ұ

л

ы

н

Сабақты бекіту: тақтада ұсынылған құпия сөздердің дұрыс жауабын жедел табулары керек.

бтао - бота

үйте - түйе

ызоқ - қозы

кзү - күз

ергеті - ертегі

қапқат - тақпақ

Үй тапсырмасы: 41 беттегі 6 - тапсырмада берілген тақпақты жаттау.

Бағалау:

© 2010-2022