Ана тілі 1-Сынып Сөйлеу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Ана тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлеу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың білімдерін, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, танымдылық белсенділігін арттыру.Мәдениетті,сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Саяхат сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: Сызба, сурет, тірек-сызба.

Психологиялық ахуал

Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шолу жасаймыз1. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П - дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т - дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл - тіл)
5. Шыр - шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)
С
Ө
Й
Л
Е
У
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу
Ауызекі сөйлеу ----------------------------------Жазбаша сөйлеу
Үн арқылы берілетін сөйлеу ----------------Жазылып берілетін хабар

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

1-топ

Диалгты оқу

2-топ

Мәтінмен жұмыс

3-тиоп

Сұрақтар дайындау

Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы
ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.
Б) Мәтіннің мазмұны талданады.
1. Мәтінде кім жайлы айтылған?
2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
3. Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
4. Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

- Ертеде бір қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін аралап жүріп бір кішкене планетаға кезігеді. Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды) қалай біледі?
Балалар ол планетаның атын онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.
- Ол меркурий планетасы екен. Меркурий планетасы қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.
Қорытындылау.
- Сонымен, балалар, сөйлеу не үшін қажет екен?
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

Үйге тапсырма

Мазмұндау,мақалды жаттап ал

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Ана тілі 1-Сынып Сөйлеу

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022