Тәрбие сағат. Тақырыбы: Ана тілің арың бұл 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілің арың бұл»

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ұлттық тіліміз туралы білім дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық :Оқушылардың қлтжандылық сезімін,тіл туралы танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік :Оқушыларды ана тілін құрметтеуге,сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Ахмет Байтұрсыновтың портреті, «Тіл -тарих» атты газеті,тіл туралы қанатты сөздер, «қазақ мақал-мәтелдері»жинағы, «Тіл туралы заңы» т.б

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,мәнерлеп оқу.

Сабақтың түрі :ашық сабақ.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа әзірлеу

Ән ұранмен сабақты бастау.

ІІ. Жаңа сабақ: «Өнер алды қызыл тіл»

Ана тілім -дана тілім айбарлым,

Сыры терең,тұнығындай қайнардың.

Ана тілім-қасиетім қастерлім,

Бір өзіңнен бақыт нәрін алғаным -деп ақындар жырлағандай,халқымыздың өшпес асылы ,сөнбес шырағы, мол қазынасы,сан ғасыр тарихы бар,қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім арың бұл» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңдер.

Тіл адамның саналы өмірінің құралы өнерлі мәдинетті білімді қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді.Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмаса мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет.Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бірі үлкен қателігі бар.Ол мынауҮСөйлесе кетсең көпшілігі-ақ мүдіріп аузына сөз түспей білген сөздің өзін бұзып айтып қиналады да қалады.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте деп ақын Қадір Мырзалиев жырлағандай өз тілімізді қадірлеп,қастерлеп,құрметтеп жүрейік.

Мақал-мәтелдер айтысы:

Ана тілі -дана тілі

Ана тілін алмаған-аман болып көп жүрмес

Сөздің атасы-ақыл,

Анасы -тіл.

Тіл бас жарады,

Бас жармаса тас жарады.

Тіл қылыштан өткір.

Өнер алды қызыл тіл.

Тілге шешен,күшке мешел.

Кісі көркі-күз,

Жүздің көркі-көз.

Ойдың көркі-тіл,

Тілдің көркі-сөз

Тіл -тиексіз

Ақынның тілі қылыштан өткір,қылдан нәзік.

Адам тілінен Ат аяғынан жазады.

Ең тәтті де-тіл,

Ең ащы да-тіл,

Ең жұмсақ та -тілі,

Ең қатты да -тіл

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі ой өсіреді.

Піл көтермейді,тіл көтереді.

Тілден биік асқар жоқ,Тілден терең теңіз жоқ.

Оқушыларға сұрақтар беру:

1.Тіл не үшін керек?

2.Күн сәулесі не үшін керек?

3.Тіл мерекесі қашан?

4.Орыс тілі қажетпе немесе өзге тілдерді білу мүмкін бе?

5.Қазақ тілінде қандай журналдар бар?

Балалар сендер бір-біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?

-Қазақ тілінде,ана тілінде, сөйлесеміз.

-Неге біз өз тілімізді ана тілі дейміз? Себебі,бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.Дұрыс айтасыңдар !

Ана тілі дегеніміз,ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой .Ал ана деген -бәрінен де ,қастерлі,аяулы да асыл жан.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі,оның бақыты ,тірегі.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің негізін салушы педагог,көрнекті ғалым.

1893-1937 жылдары өмір сүрген

Алғашқы араб әліпбиі негізінде әліпбиді жазған адам.Оның әліпбесі 1912-1929 жылдары пайдаланған .

Жазған кітаптары:1.Әліппе .

2. «Тіл -құралы» 3 кітаптан тұрады.

3. « Әдебиет танытқыш» деген әдістемелік еңбек

А.Байтұрсыновтың Араб әліпбиі 28 әріптен 1912-1929 жылдары аралығында қолданылған.

Латын әліпбиі 1929-1940 жылдар аралығында қолданылған.

1941 жылдан бастап орыс әліпбиі қолданыла бастады.Орыс әліпбиінде 33 әріп ,қазақша 9-дыбыс қосылған .Қазірде сол әріптер. Ә,ө,ғ,ү,ң,һ,қ,і,қ осы әріптермен 42 әріп құрылған.

Тақпақтары:

Ана тілін ардақтайық

Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда -ақ берген білім.

Ең алғаш сол тілменен сыртқа шықты,

Сүйгенім,ұнатқаным ,жек көргенім. (С.Торайғыров.)

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желкібас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас. (Қырғыз ақыны:Сабрнағаев.Б.)

Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,

Тілімнің мәпелей біл ала қылмай,

Аямай арам шөбін отап отыр.

Тоза сақта көзінің жанарындай. «Украйн ақыны:М.Рыльский)

Газет «Тіл -тарих» ортадағы тастағы жазу .Монголия жерінен Орхан Енисей өзендерінің бойынан табылған жазу.Бұл ескерткіштердегі жазуды біздің ата-бабаларымыз жазып қалдырған.Бұл тасқа қашалған жазу Күлтегін батыр жыры VІІ ғасырда жазылған руна жазуы деп аталған

Тіл туралы заң.

1)С.С.С.Р-дің кезінде 1989ж «Тіл туралы заң» қабылданды.

2)1997ж 11 шілдеде тағыда «Тіл туралы заң» (Бұл заң егемендік алғаннан кейінгі қабылданған 1-ші заң)

3)2001-2010 жылдарға арналған тіл туралы бағдарлама қабылданды.

4)2010-2020 жылдар аралығында тілдерде жетілдіру бағдарламасы қабылданды

Қазақ тілім-анам тілім,

Қастерлейді ұл -қызың мәңгі сені .

Болашағым бақытым,дара тілім.

Ана тілі-ана сүтім,арым менің.

Сәулетім,сая бағым ,сәнім менің.

Аспаным өзіңменен арайланып,

Нұрланып атар ылғи таңым менің.деп балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Ән Бол жаным орындайтын 3-сынып оқушылары.

Балалар ,міне осы өлең -тақпақтарда айтылғандай ,өз тілімізді,қадірлеп,оны сүйе білуіміз керек.Тіл бар жерде,ұлт та, жер де,болмақ.Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлейік.

Тіл -адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерлі ,білімді,мәдинетті,қоғамның белсенді азаматы,болуды ол тіл арқылы үйренеді.Тіл оның ішінде қазақ тілі де халықтың барлық іс-әпекетінің, қарым-қатынасыныңқұралы болғандықтан оның мәдинетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.

Балалар бүгін біз не білдік,не үйрендік? Тіл тарихын,

Тілді топтастыру: ащыда тіл,тұщы тіл,батыр тіл,сүйексіз, тас жарады,өткір тіл, 22-қыркүйек тіл мерекесі,

Ана тілін ардақтайық

Сүйемін туған тілді,анам тілін,

Бесікте жатқанымда -ақ берген білім.

Ең алғаш сол тілменен сыртқа шықты,

Сүйгенім,ұнатқаным ,жек көргенім. (С.Торайғыров.)

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желкібас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

(Қырғыз ақыны:Сабрнағаев.Б.)

Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,

Тілімнің мәпелей біл ала қылмай,

Аямай арам шөбін отап отыр.

Тоқа сақта көзінің жанарындай.

«Украйн ақыны:М.Рыльский)

Ана тілі -дана тілі

Ана тілін алмаған-аман болып көп жүрмес

Сөздің атасы-ақыл,

Анасы -тіл.

Тіл бас жарады,

Бас жармаса тас жарады.

Тіл қылыштан өткір.

Өнер алды қызыл тіл.

Тілге шешен,күшке мешел.

Кісі көркі-күз,

Жүздің көркі-көз.

Ойдың көркі-тіл,

Тілдің көркі-сөз

Тіл -тиексіз

Ақынның тілі қылыштан өткір,қылдан нәзік.

Адам тілінен Ат аяғынан жазады.

Ең тәтті де-тіл,

Ең ащы да-тіл,

Ең жұмсақ та -тілі,

Ең қатты да -тіл

Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білі біл.

© 2010-2022