Әдебиеттік оқу Өзен 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Сабақтың атауы

Төле бидің төрелігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Міндеттері: - оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қызығушылық ояту

Видео ролик

Оқушылар көңіл бөледі.

Видео ролик

Ой қозғау - Видео ролик кімдер туралы?

-Олар жөнінде не білесіңдер?

-Қандай шешендік сөздер білесіңдер? Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашу Тақырыпты айту, мақсатпен таныстыру Мақсатқа идея қосады.

Сергіту сәті

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»

Ой толғаныс

7 мин Негізгі бөлім

Мәтін мазмұнымен танысу Тізбектей оқу Мәнерлеп оқу Оқулық

4 мин Ой жинақтау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап беру

10 мин Топпен жұмыс Топтарға тапсырмалар беріледі.

Оқушылар топпен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды. Флипчартқа жазылған тапсырмалар

Ой түйін

Үйге тапсырма

Төле би туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Сабақтың атауы

Қазыбек бидің шешендігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан - жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой - өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазыбек би туралы мәлімет беру.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының XVII - XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған.Әдебиеттік оқу Өзен 3 сынып

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Ой толғаныс

Мақал - мәтелдер:
1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
Осы мақал - мәтелдерді оқи отырып не алдық?
Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.

НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би - шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік - билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)
БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата - ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!

Үйге тапсырма

Билер туралы мәліметтер жинақтау. Шиырма папка жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.





Сабақтың атауы

Е Өтетілеуұлы Балмұздақ

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Берілген шығарманы түсініп оқуға үйрету. Шығарманың негізгі идеясын түсіне білуге және Е. Өтетілеуұлының өмірімен қысқаша таныстыру.

Күтілетін нәтижелері Оқушы: - шығарманы, түсініп оқи алады;
- Алған білімдерін айта алады;
-- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады;

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өтетілеуұлы Ермек - 1938 жылы Әдебиеттік оқу Өзен 3 сынып

1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған.[1]. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962-1964 жылы Целиноград (қазіргі Акмола облысы]]) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964-1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974-1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы - "Балаусада" еңбек етеді. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің көлынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар редакцияланып, оқырман қауымға жетеді. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады. ректоры қызметінде. "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" күрмет белгісімен марапатталған.

Тәжірибелі де, ыждаһатты редактордың еселі еңбегі еленіп, "1976 жылғы социалистік жарыс жеңімпазы" атты белгімен, ал 1988 жылы ұзақ жылғы қажырлы қызметі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталады. 1977 жылы "Жалын" баспасының үздік редакторы аталады. Өзінің жеке шығармашылығына қосымша редактор жазушының құрастыруымен 1984 жылы "Жалын" баспасынан орыс тілінде "Мир вокруг нас" атты қазақ жазушыларының табиғат туралы әңгімелері және ақын Г.Брейгинмен бірлесіп, орыс тіліне қазақтың кейбір күлдіргі әңгімелерін жинап, аударып басып шығарады. Ал 1994 жылы"Балауса" баспасынан халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен және бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтары енген, оқырмандар жасына орай: "Балдырғандар үшін", "Естиярлар үшін", "Ересектер үшін" деп аталып, үш бөлімнен түратын "Жаттамақтар" деген көлемді жинақты құрастырады.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сұрақтарға жауап беру.

Қосымша тапсырма:

Әдебиеттік оқу Өзен 3 сынып Қыс бітіп көктем шыққаннан бастап кішкентайдан үлкендерімізге дейін дүкендерге жүгіретініміз анық. Неге дейсіз ғой?! Балмұздақ алуға әрине. Оны тамсанып жемейтін адам жоқ шығар. Жаз маусымында көшеде, кафелерде, дүкендерде, сауда орталықтарында балмұздақтардың түр-түрі қаптап кетеді. Осы балмұздақтың қайдан шыққанын білесіз бе?Бұл жайлы көптеген деректер бар.
Ертедегі гректің қолбасшысы Александр Македонскийдің әрбір қырғын ұрыстан кейін, қарды балмен немесе жеміс шырынымен араластырып жегені айтылады.Қар мен жеміс шырынын қосып жеуді тұңғыш рет шығыс елдерінің тұрғындары ойлап тапқан. Бұл елдерден итальян саяхатшысы Марко Поло балмұздақтың жасалу жолының түрлі әдістерін жазып алып қайтқан екен.

Дүние жүзінің көптеген елдеріне балмұздақ дайындаудың жолы итальяндықтар мен испандықтардан таралған деген де дерек бар. 1676 жылы француз қаласы Пломбирда тәтті тағамдар дайындайтын мамандар балмұздақтың жаңа түрін жасап шығарады. Осыдан бастап балмұздақтың «пломбир» атауы осы қаланың атымен аталып қалса керек. Ал «эскимо» деген атауды қай ел бергені белгісіз, бірақ француздар мен америкалықтар әлі күнге дейін өздеріне меншіктеп, таласып келеді.

Тұңғыш рет Нью-Йоркта балмұздақ 1786 жылы 10 маусым күні сатылыптыӘдебиеттік оқу Өзен 3 сыныпӘдебиеттік оқу Өзен 3 сынып

Ой толғаныс

1-топ

«Мәтіндегі негізгі ой»

2-топ

«Араласып кеткен оқиға» статегиясы

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Сабақтың атауы

М Әуезов Көксерек

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларға әңгіменің идеясын жан - жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір - біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп білім алуына мүмкіндік беру.

Оқу нәтижелері 1.Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
2.Топтық жұмыста өзін - өзі реттей алады.
3.Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзетіп,салыстырады.
4.Әңгіменің идеясын жан-жақты талдайды.

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика
3 топқа бөлу.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді..

Адам - тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.
Қасқыр - жыртқыш, ит - құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары
Табиғат- құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер

Тапсырмалар 1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек Қараадыр ауылында.
2. Көксерек - түз тағысы.
3. Жекпе - жек.

1.«Көксерек» шығармасының идеясын түсінеді.
2. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын біледі.
3.Оқушылар өз пікірлерін әңгіме желісімен талдайды.
4.Оқиғаның мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.
Сергіту сәті Жұмбақ шеше білейік
Күші десең, күші бар, Белестен шыққан бесті ит,
Тісі десең, тісі бар. Бүкір келген желісті ит.

Торуылдап ауылды Бейғам елді іздейді,
Түнде жортар ісі бар. Малдан күдер іздейді.
Ырғақты жаттығулар жасалады
Жаңа тақырып
Кубизм.
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.

ІІІ. Ой толғаныс
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Өз пікірің
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.

1.Мәтіннен алған әсерін айтады.
2.Өз пікірлерін ортаға салып.жинақтайды.
Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал - мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы - Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір - бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.

1.Сәйкес мақал- мәтел дер арқылы табуда шығармашылық жұмыс жасайды.
2.Жан-жақты ізденіс жұмыстары нда ойлау қабілеті дамиды

Үйге тапсырма беру
«Менің әңгімеден алған әсерім». эссе

Бағалау

Топта ортақ бағалау парағын дағы тап-сырмалар нәтижесінде бағаланады Бағалау парағы
Рефлексия «Бағдаршам» Кері байланыс

Сабақтың атауы

Р Әбілқадырова Әскербектің әтеші

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.
Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Әдебиеттік оқу Өзен 3 сыныпСурет бойынша әңгіме жүргізу.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сұрақтарға жауап беру.

Қосымша тапсырма:

1-топ

Мәтінді мәнерлеп оқу.

2-топ

Түсініп оқу.

3-топ

Шапшаң оқу

Ой толғаныс

Қосымша:

Аулада бір қора тауық, бір әтеш қыт-қыттап, өз тіршіліктерімен әбігер болып жүріпті. Түс ауа сырт жақтан бір әтеш қораға кіріп келіп, іштегі әтешке: «Мына мекиендер енді менің меншігім, сен қараңды батыр!» дейді. Екеуі бірін-бірі бас салып, таласа бастапты. Екеуі қатты таласыпты. Сырттан келкен әтеш жеңіп, жеңілген әтеш қашып отынның арасына кіріп кетіпті. Оның артынан тауықтар да отынның арасына кіріп кетіпті. Бәрі менен қорқып кетті деп ойлаған жеңімпаз әтеш, қоқиланып, отынның үстіне секіріп шығып:

«Қорықпаңдар, достарым,

Тасаланбай шығыңдар.

Нағыз ерді көріңдер,

Айтқанымды ұғыңдар.

Бұдан былай табжылмай,

Осы аулада тұрамын.

Кім ұқпаса сөзімді,

Соның басын жұламын.

Мен даңқты батырмын,

Жеңіп келе жатырмын...» деп озандата шырқай жөнеліпті.

Осы кезде аспаннан бір бүркіт келіп, жеңімпаз әтешті іле жөнеліпті. Бүркіт пен жеңімпаз әтештің қарасы үзілген соң, мекиендер де, жеңілген әтеш те отынның арасынан жайбырақат шыға келіпті. Әуелгісіндей тіршілік қарекетіне кірісіпті.

Жеңілген әтеш: «Бұл әтеш шынында мықты екен. Мен одан қашып отынға тығылдым, мекиендер бүркіттен қашып отынға тығылды. Отынға тығылу біздің қалыпты дағдымыз. Ол сырттан келгендіктен бұл дағдыны білмейді. Жеңгеніне масаттанып аспанға қараған жоқ, аспанға қараса ол сақтанар еді. Бір асқанған бір тосқан деген осы» депті.

Түнде қатты сырқаттанған әтеш қатты қобалжып: «Қырсық-ай, таң сәріде шақырғанға күйім келмейтін сияқты, күн қалай шығар екен» дейді.

Әтештің сөзін естіген жұлдыз: «Дүние - дүние болғалы адамдардың қаншама әтеш пен тауықты сойып жегені белгісіз. Бірақ, күн сонда да нұры мен жылуын тіршілікке төгіп келеді. Шолақ ойлы әтеш досым, сен болмасаң бұл дүние қараң қалмайды» деп жымиды.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін



© 2010-2022