«Өсімдік мүшелері» Дүниетану 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

1 сынып Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік мүшелері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жер астындағы мүшесі - тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру, өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; Дамытушылық: Логикалық ойлауларын дамыту Тәрбиелік:Табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктердің суреттері

Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру, ана тілі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сергіту сәті

Ү. «Гүл жинау» ойыны

VІ . Оқулықпен жұмыс

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

ҮІІІ. Қорытынды

ІХ. Үйге тапсырма

ХХ. Бағалау

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру.

а) Психологиялық дайындық «5» болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер, білім көп оқып, Өсе берсін санамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Өсіімдіктер» мәтінін сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ : - Өсімдіктің қандай мүшелерін білесіңдер?
- Өсімдіктің жер асты мүшелері қалай аталады? Тамыр - өсімдіктің жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді. Ағаштардың діңі болады. Осы діңнен жан жаққа бұтақтар тарайды. Ағаштардың биіктігі әртүрлі болады. Шөп тектес өсімдіктердің сабақтары жұмсақ, шырынды, жасыл болады. Жерден бір немесе бірнеше сабақ өсіп шығады.

ІҮ. Сергіту сәті Құстарға біз ұқсайық, Қане,қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық. Орнымызға қонайық.

Ү. «Гүл жинау» ойыны «Гүл жинау» ойынын ойнату. - Қырға шығып тереміз Қызғалдақтың қызылын. Біздер енді көреміз Ойынның да қызығын - деп енді «Гүл жинау» ойынын ойнаймыз. (оқушылар алты бөлікке бөлінген гүлдің суретін құрастырады)

VI. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушылар тізбектеп оқиды.


  1. Дәптермен жұмыс.

Өсімдіктердің мүшелерін атап жаз

ҮІІІ. Қорытынды. - Сонымен, балалар бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық? - Өсімдіктер дегеніміз не? - Бүгінгі біз қарастырған өсімдіктерді ата? Өсімдік мүшелерін ата

ІХ. Үйге тапсырма. Өсімдік мүшелері. Мүшелерін жаттап келу.

ХХ. Бағалау.



© 2010-2022