Cыныптан тыс жұмыс «КТК» ойыны 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cыныптан тыс жұмыс «КТК» ойыны 3-сынып

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға теория мен практиканы ұштастыра отырып,сөздік қорын дамыту,ауызша логикалық ойлауға тәрбиелеу.

Түрі:жарыс түрінде сайыс сабақ.

І.Үйымдастыру кезеңі.

Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің-тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің-шындық,бірлік,адалдық.

Оқушыларды ортаға шақыру.

Кезеңдері:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Қызықты төрттік.

3.Кім шапшаң?(жұмбақ жасыру)

4.Тіл өнері.(мақал жалғастыру)

5.Ұшқыр ой.

6.Кім жылдам?

ІІ.Қызықты төрттік.

Қазақ тілі.

1.Сұраулы сөйлемнің соңына не қойылады?(Сұрақ белгісі)

2.Жалқы есімдер қалай жазылады?(бас әріппен)

3.Сан есімнің сұрақтары.(Неше?Нешінші?Қанша?)

4.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?(2)

5.Мәтіннің неше түрі бар?(3-әңгімелеу,пайымдау,сипаттау)

6.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3-үнді,ұяң,қатаң)

7.Жуан дауыстыларды ата.(а,о,ұ,ы)

8.Жіңішке дауыстыларды ата.(ә,ө,ү,і)

9.Заттың атын білдіретін сөз табы.(зат есім)

10.Бес,алты,сегіз,тоғызыншы,екінші қай сөз табы?(сан есім)

11.Тұрлаулы сөйлем мүшелерін ата.(бастауыш,баяндауыш)

12.Зат есімнің түрлерін ата.(жалпы,жалқы,жекеше,көпше,негізгі ,туынды)

Дүниетану

1.Өсімдік мүшелерін ата.(Тамыр,сабақ,жапырақ,гүл)

2.Көру мүшесі.(көз)

3.Есту мүшесі.(құлақ)

4.Үй жануарларын ата.(сиыр,бұзау,т.б.)

5.Балық қайда болады?(суда)

6.Түйенің төлі қалай аталады?(бота)

7.Нанға не жағылады?(май)

8.Жұлдыз қай кезде пайда болады?(түнде)

9.Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?(4-оңтүстік,солтүстік,шығыс,батыс)

10.Адамға тыныс алу үшін не қажет?(ауа)

11.Балды қай аң жақсы көреді?(аю)

12.Құстар қай мезгілде келеді?(көктемде)

Математика

1.60 пен40 қосындысы.(100)

2.50 мен 20 қосындысы.(70)

3.100 жартысы.(50)

4.200 жартысы.(100)

5.Уақыт өлшем бірліктерін ата.(минут,секунд,сағат)

6.Бір ғасыр неше жылға тең.(100)

7.42 неше таңбалы сан?(2)

8.90 санынан 70 азайт.(20)

9.7 ондық 6 бірліктен тұратын сан.(76)

10.30 бен 40 сандарының қосындысы.(70)

11.25 пен 5 сандарыныңайырмасы.(20)

12.20 санын 7-ге арттыр.(27)

Ана тілі

1.Білім ұясы не?(мектеп)

2.Мемлекеттік тіл.(қазақ тілі)

3.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?(Т.Әубәкіров)

4.Қазақтың билерін ата.(Қазыбек би.Әйтеке би,Төле би)

5.Тәуелсіздіктің биыл неше жылдығы.(21)

6.Ел ордамыз.(Астана)

7.Туған өлкем өлеңінің авторы?(Ө.Тұрманжанов)

8.Жаңбыр жауарда аспанда қандай өзгерістер болады?(бұлттанады)

9.Тыраулап келетін қай құс?(тырна)

10.Балықшы мен балық ертегісін кім жазды?(А.Байтұрсынов)

11.Дарынды суретші кім?(Ә.Қастеев)

12.Мемлекеттің негізгі заңы.(Конституция)

ІІІ.Кім шапшаң?

Жұмбақтар жасыру.

1.Қанаты бар ұша алмас,

Құрлықта қаша алмас.(балық)

2.Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.(аю)

3.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)

4.Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні.(қасқыр)

5.Білерімнің куәсі,білмесімнің куәсі.

Іші толған қолтаңба,алып шығам әр таңба.(кітап)

6.Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.(сәбіз)

7.Орманда тұрады,өзі бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу.(түлкі)

8.Аяғы бар,басы бар

Арқалаған тасы бар.(тасбақа)

9.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян)

10.Түнде бармын,күндіз жоқпын.(жұлдыз)

ІҮ.Тіл өнері.

Мақалдың жалғасын табу.

1.Ел іші-(алтын бесік)

2.Ата-бәйтерек,(бала -жапырақ)

3.Ақыл азбайды,(білім тозбайды)

4.Батыр туса-ел ырысы,(жаңбыр жауса-жер ырысы)

5.Оқу білім бұлағы,(білім өмір шырағы)

6.Оқу-(инемен құдық қазғандай)

7.Шешен сөз бастар,(батыр қол бастар)

8.Досы көпті жау алмайды,(ақылы көпті дау алмайды)

9.Жақсы болсаң-(жақын көп)

10.Қыстың қамын -(жаз ойла)

Ү.Ұшқыр ой.

-Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап тап.

Атамекен Болашақ

ҮІ.Кім жылдам?

А әрпі Қ әрпі

1.Атың кім?

2.Досың кім?

3.Нені жақсы көресің?

4.Қайдан келдің?

5.Немен келдің?

6.Қандай кітап оқисың?

7.Сумкаңа не саласың?

8.Қандай гүлді білесің?

9.Жасың нешеде?

10.Ән айта аласың ба?

11.Бос уақытыңда немен айналысасың?

12.Қалтаңда не бар?

ҮІІ.Қорытынды.

Білім аққан сел дейді,бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп.Ақыл-ойға кен дейді.

Білім ой мен арымыз,рухани нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,қол соғамыз бәріміз.

-Әділқазы алқасына сөз беріледі,жеңімпаз атанған оқушыны мадақтау.


© 2010-2022