Қазақ тілі пәнінен сабақтың тақырыбы: Сан есімге жаттығу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Атырау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзахметова Сәуле Патиповна. Қазақ тілі 4сынып Сабақтың тақырыбы: Сан есімге жаттығу . Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сан есімге жаттығулар орындай отырып, мағынасына қарай топтап жаза білуге баулу. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге

дағдыландыру.Зеректікке,ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері:

  • Заттың санын, ретін анықтау.
  • Сұрақ қоя білуге үйрету.
  • Бір-бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері Сабақтың түрі: аралас сабақ Күтілетін нәтиже:
  • Сан есімнің сұрақтарын біледі.
  • Заттың санын, ретін аныктайды.
  • Сөйлемнен, мәтіннен сан есімді таба алады.
  • Сөз таптарын қайталайды.
Көрнекілігі: түсті дөңгелекше, слайдтар, суреттер, ребустар, сөз жұмбақтар Ұйымдастыру кезеңі Псхихологиялық дайындық Түстер арқылы топ құру. (Сары, қызыл, көк, жасыл) Үй тапсырмасын тексеру. 10-жаттығу. «Автор орындығы» әдісі Берілген сан есімдерді сөзбен жазу, дара, күрделі екенін айту. автор орындығында қорғайды. І.Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл» әдісі І топ. Сары түстер. (Берілген тапсырмаларды орындай отырып әр топ өздерінің аттарын қояды.Тапсырма топтағы оқушыларды толық қамтиды.) 1-тапсырма.

Заттың атын білдіретін сөздерді .... дейміз. ( ..... есім) 2-тапсырма.

(.... есімдерге) ..... кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтары қойылады.

3-тапсырма Кісінің аты-жөні, жер-су аттары,жан-жануарларға қойылған атаулар .... деп аталады.(.....есім) 4-тапсырма Кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді .... дейміз. (зат есімнің ... түрі) 5-тапсырма. Қай сөз табы? Заттың атын білдіреді кім?, не?,кімдер?, нелер? Жалқы есім Жекешетүрі Жалпы есім Көпше түрі Дара Септеледі Күрделі Тәуелденеді Негізгі Жіктеледі туынды Топқа қандай ат қоямыз? «Зат есім » ІІ Топ. Қызыл түс 1-тапсырма.

.... білдіретін сөздерді етістік дейміз. 2-тапсырма.

Етістікке .... деген сұрақтар қойылады. 3-тапсырма

Дара етістік .... сөзден тұрады. 4-тапсырма

... етістік екі, үш сөзден тұрады. 5-тапсырма. Қай сөз табы?
Заттың қимылын білдіреді не істеді?, не қылды? қайтті? Дара Негізгі Күрделі Туынды Болымды Жіктеледі болымсыз 3 шақта Топқа қандай ат қоямыз? «Етістік » ІІІ Топ. Көк түс 1-тапсырма.

.... білдіретін сөздерді сын есім дейміз. 2-тапсырма.

Сын есімге .... деген сұрақтар қойылады. 3-тапсырма

Берілген сөздерден сын есімді тауып астын сыз.


Қала, жақсы, бес, кіші, ойнады, ащы, секірді, сопақша, орман, жуас. 4-тапсырма. Сипатта. Алма қандай? 5-тапсырма. Қай сөз табы?
Заттың сынын білдіреді қандай? қай? Дара Негізгі Туынды Күрделі Топқа қандай ат қоямыз? «Сын есім »
ІVТоп. Жасыл түс 1-тапсырма.

.... білдіретін сөздерді сан дейміз.


2-тапсырма.

Сан есімге .... деген сұрақтар қойылады. 3-тапсырма

Дара сан .... сөзден тұрады. 4-тапсырма

... сан екі, үш сөзден тұрады. 5-тапсырма. Қай сөз табы? Заттың санын білдіреді қанша?, неше? нешінші? Дара Есептік Күрделі Реттік Топқа қандай ат қоямыз? «Етістік » ІІ. Мағынаны тану. 1.Оқулықпен жұмыс. «Ойын» әдісі «Өз орныңды топ» 13- жаттығу. Тақтамен жұмыс. Берілген сандарды сөздерге айналдырып жазу, әр топтан бір-бір оқушы шығып тақтаға жазады.Әр топ сан есімдерді табады, талдайды. 2.Көркем етіп жатқа жазу. 14-жаттығу. Топ атын өзгерту. Өзіндік жұмыс. Зат есім тобы. Ішінде сан есімі бар жұмбақ ойлап жаз. Етістік тобы. Ішінде сан есімі бар мақал ойлап жаз. Сын есім тобы. Ішінде сан есімі бар жаңылтпаш ойлап жаз. Сан есім тобы. Ішінде сан есімі бар 4 жол өлең ойлап жаз. Сергіту жаттығуы. Ойын:"Сөз ойла, тез ойла" Әр топ бір-бір сөйлем жазады. Сөйлем ішінде 4сөз табы болу керек. ІІІ.Ой толғаныс.1. «Бір айналым сөйлесу» әдісі. Топ аттарын алмастырады.

Терме диктант.15- жаттығу. Жасыл, адам,екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, көңілді, жеті, сексен, алты, терек. Зат есім тобы. Берілген сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазу. Етістік тобы. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді теріп жазу. Сын есім тобы. Берілген сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу. Сан есім тобы.Берілген сөздердің ішінен сан есімді теріп жазу. 2. Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға беріледі.

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім


Қызыл



Кітап



Айтты



Сүйкімді



Жапты



Қалың



Қағаз



Орындады



3. «Ассоцациямен» жұмыс. Топ аттары алмастырылады. Бұл әдісте оқушылар ауызша білгендерін ортаға салады. Зат есім туралы не білеміз? Сын есім туралы не білеміз? Етістік туралы не білеміз? Сан есім туралы не білеміз? 4.Шығармашылық жұмыс. Сөзжұмбақ пен ребус шешу. Топ аттарын тағы да алмастырылады. Сын есім тобы. Сөзжұмбақ «Сын есім»
Зат есім тобы. Ребусты шеш Етістік тобы. Сөзжұмбақ «Етістік» Сан есім тобы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. 5.Сабақты қорытындылау.

Сан есім туралы не білдік? 6. Үйге тапсырма 17-жаттығу

7.Бағалау Бағалау мониторгі бойынша бағалау.

© 2010-2022