Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс)Открытый урок по знание мира на тему Мұнай және газ (3 класс) Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақсуат ЖОББМ

Баймуратова.Ж.С

Тақырыбы: Мұнай және табиғи газ

Сабақтың мақсаты:
• Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысында таралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.Қазақстанның мұнай өндіретін орындарымен таныстыру.
• Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
• Жалпы танымдық қабілетті,сабаққа деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сурақ - жауап,кестемен жұмыс,баяндау,иллюстрация,репродуктивтік әдіс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

Психолоиялық дайындық.

«Шаттық шеңберіне» шақыру

Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер-ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Топқа бөлу

І - топ «Мұнай»

ІІ - топ «Табиғи газ»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақ шешу.

  • Кенге жатпайтын пайдалы қазба. Әктастың бір түрі.Тығыз тау жынысы?

  • Қатты тау жыныстарының үгілуінен пайда болған, суға ерімейтін пайдалы қазба

  • Табиғатта қоспасыз таза күйіде кездесетін Бағалы металл?

  • Тау жыныстарының желге мүжіліп, көлдер мен теңіз түбіне шөгіп, жиналуынан пайда болған өте майда тау жынысы?

  • Ақшыл түсті өте жеңіл металл, ұшақ, ғарыш кеме жасауға пайдаланады, шоколад, ірімшік т.б тағам орайтын фольга дайындады.

  • Құрылысқа пайдаланады, дала шпаты, кварцтан тұрады. Метро, үй, басана қаптайды?

  • Ақ және ақшыл - сұрғылт түсті, құрылыста пайдаланады, кенге жатпайтын пайдалы қазба.

  • Көл түбінен өндіріледі, тамаққа пайдаланады.

М

Ұ

Н

А


Й

Г


А

З

ІІІ. «Мағынаны ашу» Мұнай және табиғи газ, оның құрамына, таралуына және қасиеттеріне түсініктеме.

Қазақстандағы минералдық отын қоры, 2008

Минералдық отын

Қоры

Әлемдегі орны

Әлемдегі қордағы үлесі, %

Мұнай, млрд т

5,3

8

3,2

Табиғи газ, млрд м3

3

10

1,6

Мұнайдың қасиеттері: Мұнай-қошқыл қоңыр, қара көк, қоймалжың сұйық зат. Мұнайды еш уақытта шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеп 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар, оның ең соңғы қалатын қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. 350 градус температурада қайнаған мұнайдан мазут бөлінеді, оны электор станцияларынды, металлургия пештерінде отын ретінде пайдаланады.Суда ерімейді,бірақ органикалық еріткіштерде ериді.Судан жеңіл,жанғыш зат.(neft - парсы тілінде тез от алғыш зат деген мағнаны білдіреді.)

Газдың қасиеті:Газ-толық қалдықсыз жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр арқылы тасымалданатын газ пропан «СзН », метанды «СН » кейбір автокөлікті жүргізуге пайдалынады

Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер

Газ С1 - С4(60С0) Бензин С5 - С11(60 - 200С0)
лигроин С8 - С14(150 - 250С0) керосин С12 - С18(180 - 300С0)
газойль С14 - С20(250 - 450С0) мазут гудрон С20(500С0)

1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір 6 облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы Атырау облысы. Олар қай облыстар екенін анықтап, кескін картаға белгіле. Көш бастаушы Атырау облысы. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.

Мұнайдың мен газдың зиянды жақтары:

Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауды. Мұнай мен газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді.

Мұнай және газ өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы, ауасы таза жаққа көшіреді.

ІV. Пайдалы қазбалар картасы.

Картаданы пайдаланып, мұнай мен газ кен орындарын табыңыздарда, мына кестеге толтырыңыздар.

Мұнай

Газ

V. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп - кішкентай ағаштар,

Ертің нән боп өседі.

Ойын: «Мен кіммін?»

VI.Бекіту: « Венн диаграммасы»

Мұнай Газ

айырмашылығы

ұқсастығы

айырмашылығы



ҮII. Үйге тапсырма:

І - топ: «Мен мұнаймын»

ІІ - топ: «Мен газбын» тақырыбында эссе жазу.

ҮІІІ. Бағалау


© 2010-2022