Ғажайып жыл мезгілдері (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: «Достық туралы не білесің?»
Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;

Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,

өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі: Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі: Интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау страегиясы, сұрақ-жауап.
Барысы.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз», кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/

1 - оқушы: Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз жолдасың болсын.

2 - оқушы : Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малын бер
Көре - көре сүйінсін.
Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малыңды бер
Көре - көре күйінсін.

3 - оқушы: Жаман туғаның болғанша
Жақсы жолдасың болсын

4 - оқушы: Қажымалы мың жолдас жоқпен тең
Жаның қиған бір жолдас көппен тең

5 - оқушы: Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа

6 - оқушы: Есептескен дос болмас

7 - оқушы: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті жау алмас.

8 - оқушы: Досқа ат берме,
Ат берсең жай жүр деме

9 - оқушы: Дос деп сынамай сыр айтпа
Достың да досы бар

10- оқушы: Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады

11 - оқушы: Жақсы - жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас

12 - оқушы: Жақсы дос пайдасын тигізеді, зиянын тигізбейді
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

Мұғалім: Олай болса бүгінгі сынып сағатымыз «Достық туралы не білесің?» деп аталады.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы: Достық ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу. Достық киелі ұғым.

3-оқушы: Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

5-оқушы: Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.

6-оқушы: Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Достық - аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірініің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу? - деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық ,екіншісі-амал достық, - дейді.
-Дұрыс -ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:

- Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/

Мұғалім: Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші. Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:
Достық - адамдар арасындағы байланыс.

Айзат: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.

Мұғалім: Дос деген кім?
Шарты: Өлеңмен жеткізу.

1 - оқушы: Достық - деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес

2 - оқушы: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол - дағы

Мұғалім: Дос қандай болу керек?деген сұрағымызға ғұламаларымыз

Достық адам өмірінің тірегі. Толығырақ достық туралы даналық сөздеріне тоқтала кетейік!

/Оқушыларды тыңдау/
1 - оқушы: Адамның мінез - құлқы мен ақылы жайында дұрыс пікірге келудің сенімді тәсілі - оны кітап пен дос таңдауына қарай бағалау. К. Гельвеций

2 - оқушы: Қызмет пен достық - екі параллель сызықтар: қосылмайды.

3 - оқушы: Нағыз достар болу үшін бір - біріне сенімді болу керек.

4 - оқушы: Ұсақ-түйек кемшіліктерді бір - біріне кешіре алатын адамдар ғана шынайы достық байланыста бола алады.

5 - оқушы: Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады.

6 - оқушы: Қартайғанда достар саны көбеймейді,
Жоғалғанның бәрі ол кезде қайта оралмайды.

7 - оқушы: Бір ғана жағдайда: мәселен досқа шындықты ашып айтып, сол арқылы оған өзінің адалдығын дәләлдеу жайында болып отырған кезде ғана - бізге достың намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.

8 - оқушы: Достық ең алдымен шынайылық, жолдасының қателіктерін сынау керек. Достар жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.

9 - оқушы: Егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы, не ойлайтындығы туралы, ашықтан - ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір - біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір - біріңді түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер.

10 - оқушы: Тура шындықтың жанасқанына төтеп бере алмаған достық туралы өкініп те керегі жоқ. Қайда барса онда барсын.

11 - оқушы: Нағыз дос бақытсыздықта танылады.

12 - оқушы: Досыңды оңашада сөгіп, көп алдында мақта, көп алдында мақта

13 - оқушы: Өзіңнің достарыңды сақтаудың ең жақсы жолы оларға опасыздық етпеу

14 - оқушы: Достың қолы ғана жүрекке қадалған тікенді жұлып тастай алады.

15 - оқушы: Нағыз достық күншілдік дегенді білдірмейді.

16 - оқушы: Достықтың доңғалағына әдепті, сыпайыгершілік майын құйып отыру - даналық

17 - оқушы: Сенімсіз достар жазда ғана кездесетін қарлығаштар. Олар - күн сағаттары, олардан келер пайда күн сәуле шашып тұрғанда ғана.

18 - оқушы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, досыңа сеніп қаласың

19 - оқушы: Қиын - қыстау жағдайда досын тастап кеткен адам, сол қиындықты кейін өзі тартады

Ән: «Достық» Орындайтын: 1-сынып оқушылары.

Көрініс: «Екі дос»

Қорытынды.
1. «Алақан» тренигі.
2. Жағдаяттар шешу.


*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

Хор: «Біздің сынып»
Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде, менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100 сом ақшаң болғанша 100 досың болсын дегенді ұмытпа!



© 2010-2022