- Преподавателю
- Начальные классы
- Қазақ тілі пәнінен жоспар. Тақырыбы: Мәтін. Мәтіннің түрлері
Қазақ тілі пәнінен жоспар. Тақырыбы: Мәтін. Мәтіннің түрлері
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Төлеубаева И.М. |
Дата | 14.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіннің түрлері.
Пән: Қазақ тілі.
Сынып: 3 «А»
Сабақтың мақсаты:
-
1.Білімділік:
-
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру.Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйреті,олардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту
-
2.Дамытушылық:
-
Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
3.Тәрбиелік: Мәтінді зерделей білуге,құрауға дағдыландыру.Таза, ұқыпты,тиянақтылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың типі:қайталау.
Сабақтың әдісі:сұрақжауап,түсіндіру,талдау,
Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық дайындық:
-
. Ана тілің арың бұл,
-
Ұятың боп тұр бетте.
-
Өзге тілдің бәрін біл.
-
Өз тіліңді құрметте.
Күн реті.Көркем жазу.
2.Үй тапсырмасы: «Күзгі дала»мәтін жазу.
3 .Топтастыру.Мәтін туралы
4.Түсіндіру.
5.Білімдерін жүйелеу.
-
Мәтін дегеніміз-мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады.Мәтінге ат қоюға болады.
-
Мәтіннің түрлері.
-
Негізгі ой.
-
Мәтіннің құрылымы.
-
Тақырыбы.
. 1. Әңгімелеу мәтіні.
Сұрағы: Не істеді?
Тірек сөздері-етістіктерден болады.
(жүгірді,секірді,ойнады,ойнап жүр т.б)
2. Сипаттау мәтіні.
Сұрағы: Қандай?
Тірек сөздері-сын есімнен болады.
(түр-түсін,сынын,сапасын,қасиетін)
3. Пайымдау мәтіні:
Сұрағы: Неліктен?
Тірек сөздері: Өйткені,біріншіден,екіншіден,себебі т.б
1 тапсырма. Салыстыр қайсысы мәтін:
-
1.Біз үшінші сыныпта оқимыз.Інжугүл-хош иісті өсімдік.Мирас ұшқыш болғысы келеді.
-
2.Інжугүлдің гүл шщғының пішіні қоңырауға ұқсас.Оның гүлі аппақ.Тұқымы жануарлар арқылы таралады.
2 тапсырма.
Сурет бойынша ертегі құрау.Түлкі мен қарға.
3 тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Мәтін құрау.Топ-топпен.
4 тапсырма.
Ол іннен басын қылтитып,тасбақаға:
-Рақмет.Маған ін қажет емес.Өз інім өзімде,деп тасбақа қабығын жамылып бұға қалды.
Тасбақа мен тышқан келе жатып.-Інге кір.Мұнда қауіпсіз, - деді.Олар түлкіні көріп.Тышқан ініне кіріп кетті.
Сергіту сәті.
5 тапсырма.Кітаппен жұмыс.47 бет 8-жаттығу.
«Түлкі мен құмыраға »жоспар құру.
6.Сабақты бекіту: Сөзжұмбақ.
1.Мәтіннің түрін ата.
2.Тірек сөздері етістіктен болатын мәтіннің түрін ата.
3.Қандай сұрағына жауап беретін .Ол ...
4.Мәтіннің құрылымы.
5.Пайымдау мәтінінің сұрағы.
Бүгін не білдік?Сұрақ-жауап.
7.Үйге тапсырма: .228-229 бет «Жеті шал » жоспар құру.
8.Бағалау.Басшылар бағалайды.
Сабақтан алған әсерім.Кесте толтыру,сызу.
Мен сабаққа қатыстым
Белсенді/белсенді емес
Сабақтағы өз жұмысыма
Ризамын\риза емеспін
Сабақ мен үшін
Қысқа\ұзақ
Мен сабақта
Өзімді жақсы сезіндім\шаршадым
Менің көңіл-күйім
Жақсара бастады\мүлдем жаман
Сабақ мен үшін
Түсінікті\түсініксіз
Мұндай сабақтар
Қызықты\қызықты емес
Жұппен,топпен жұмыс істеген
Ұнады\ұнамады