Конспект внеклассного занятия Көңілді мәре

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект внеклассного занятия Көңілді мәре Тақырыбы: Көңілді мәре

Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.
Түрі: жарыс сабақ
Қатысатын командалар: 1, 3, 4 сынып оқушылары, капитан командалары, сынып жетекшілері.
Керекті құралдар: ту, қапшық, қарындаш, ұш шығарғыш, формат, доп секіретін жіп, т. б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Чемпион болу оңай ма?
Шынықсаң шымыр боласың,
Арман болған талайға.
Сауығып айдай толасың,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Спортты серік ете біл,
Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Сайысқа қатысуға ортамызға
Спорт саңлақтарын шақырамыз.
Жарысқа қатысқалы отырған 1-4 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар:
І топ - Құрметті халайық!

Жарысты байқап көріңдер.
ІІ топ - Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
1. Мектеп психологы - Т.Н. Ковалева
2. Дене тәрбиесінің мұғалімі - Жанти Алмасбак
3. Бастауыш сынып мұғалімі - Кульмуханбетова Г.А.
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру / топ атын, ұранын таныстыру.
2. Өз туыңды тік!
3. Сурет салу.
4. Өз біліміңді тексер!
5. Кім шапшаң?
6. Паровоз
7. Қара жорға биі.
. Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!
1. Таныстыру: Әр топ атын, ұранын таныстыру.
2. «Өз туыңды тік!» Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.
3. «Сурет салу». Ойын шарты:

Бірінші топтан бір бала шығып, не салу керектігін ыммен түсіндіреді. Соны екінші топтың баласы салу керек.
Мұғалім барлық салынғанс уретті , қазыларға тапсыру.
4.«Өз біліміңді тексер!»
Ойын шарты:
1 - допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу; (есеп шығару)
2 - аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, тапсырма орындау, жүгіріп келу; (алақай, демалыс сөздеріне дыбыстық талдау )
3 - допты аяқпен итеріп барып, тапсырма орындау және жүгіріп келу; (қыс туралы мақал айту)
4 - допты қолмен демеп жермен апару, тапсырма орындау, жүгіріп келу; (қыс туралы тақпақ)
5 - скакалкамен секіру, тапсырма орындау, жүгіріп келу; (өзің туралы айт)
6 - қос аяқпен секіріп, тапсырма орындау, жүгіріп келу. ( жұмбақ)

Жұмбақтар

  1. Аяғыма байладым ,қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

  2. Отқа салсаң жанбайды, суға салсаң батпайды. (мұз)

  3. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ , сурет салады. (аяз)

4.Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

5. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

6. Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.

6. «Паровоз» ойыны. Ойын шарты: команда ойыншылары ретсіз орналасып,

қолтықтасып тұрады, осы тізбекпен кедергілер арқылы өту.
8. «Қара жорға» биін нақышына келтіріп билеу.
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Қара жорға билесін, - дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодон орта мектебі






Қысқы демалыс уақытындағы өткізілген іс-шара


Сыныптар: 3,4 «Б»

ӨТКІЗГЕН: Байманова Г.С.

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ



© 2010-2022