Сыныбы: 2-сынып Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: «Сабақ» ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Сүйіндінова Жанна Ризабекқызы.

Сыныбы: 2 «а» сыныбы

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: «Сабақ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан - жақты әрі жеңіл түрде игерту. Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға , патриоттық тәрбие.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ құралдары, семантикалық карта, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәнаралық байланыс: Математика, информатика, тарих.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Айналаға алақаннан,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, жақсылық тілеп,

Біз сабақты бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау.

Топтық жұмыс:

-Әрбір топ тірек сызбаны пайдалана отырып, тамыр туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

-Алда қандай мереке келе жатыр?

-1-желтоқсан президент күні.

-Елбасы туралы не білеміз?

-(Оқушы жауабы)

1-слайд.

Өткенді пысықтау.

-Мозайкамен жұмыс.

2-слайд.

-Елбасы туралы мәлімет.

Жаңа сабақ.

Жұмбақты шешу.

Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары - төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі.

(Сабақ)

-Балалардың өсімдік сабағы туралы ойларын сұрау.

-Балалар өсімдік сабағы туралы не білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс.

Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі.

Сабақтың атқаратын қызметі: 1) Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір - бірімен жалғастырып тұрады.

2) Ол тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді.

3) Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.

4) Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі.

5) Сабақ тыныс алуға да қатысады.

Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақты дейді. Ал жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш келеді. Бұл өрмелегіш сабақ.

Сабақ - өсімдік тыныс алады - тамыр арқылы қорек жеткізеді.

Жерге төселіп өсетін өсімдіктердің, яғни қауынның, қарбыздың, асқабақтың сабағы-төселмелі сабақ деп аталады.

Ағаштың сабағын дің деп атаймыз.

3-слайд. Елбасы туралы.

Дәптермен жұмыс.

-Сабақтың түрлері. (Тірек-сызбамен жұмыс).

Сергіту сәті

Ал қанекей тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Суретпен жұмыс.(семантикалық картамен жұмыс)

Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын атау.

4-слайд. Елбасы туралы.

Сабақты қорыту.

«ББҮ» стратегиясы.

Білемін ----------------Білгім келеді--------------------Үйрендім

Шығармашылық жұмыс:

1-топ:Бес жолды өлең

2-топ:Жұмбақ құрастыру.

3-топ:Ребус құрау.

5-слайд. Елбасы туралы.

Үйге тапсырма.

-Мәтіннің мазмұнын айту.

-Өзіңнің үйіңнің маңындағы өсімдіктердің сабақтарын байқап, суретін салып келу.

Бағалау.

-Өзін-өзі бағалау. (Геометриялық фигуралар арқылы).



© 2010-2022