«Математика әлемінде» курстық бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Қостанай облысы.Қарасу ауданы әкімшілігінің мемлекеттік білім беру мекемесі бөлімі Октябрь орта мектебі»ММ





«Математика әлемінде» курстық бағдарламасы«Математика әлемінде» курстық бағдарламасы


«Математика әлемінде»

(3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы және

кешендік әдістемелік құралы)


Құрастырушылар:

Закарина Куралай Кадетаевна,Ильясова Айдана Айдынқызы










Қостанай қаласы 2013 жыл

«Математика әлемінде»

(3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы және

кешендік әдістемелік құралы)


Құрастырушылар: Бастауыш сынып мұғалімдері Закарина К.К ,Ильясова А.А

Рецензент:Сын-пікір білдіруші: Физика-математика ғылымының кандидаты,пофессор: Ж.-Н.М.Кужукеев

Бұл бағдарлама оқыту мен танымдылық бағытына жүйеленіп жасалған. Аталып отырған бағдарлама математикалық ұғымды нығайтумен қатар оқушының білімге деген құштарлығын арттырады.

Берілген құрал 3-сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады.

Тапсырмалар оқыту мен дамытуға арналған.Сол себепті логикалық тапсырмалар,жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Яғни,назар аудару,елестету,есте сақтаудың түрлері,сұрыптау , зейінді дамыту және ойша тұжырымдамажасау.

Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды,көлемі көбейіп,тапсырманы

орындау жылдамдығы артады.

Бұл жинақта ұсынылып отырған материалдар математиканы оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған.Құралда өздігінен орындайтын тест және баланы тез есептеуге баулитын тапсырмалар бар.


Қостанай қаласы



Түсінік хат.

«Математика әлемінде» курстық бағдарламасының бастауыш сыныпта оқытуда атқарар рөлі зор.Бұл пән оқыту мен танымдылық бағытына жүйеленіп жасалған. Аталып отырған бағдарлама математикалық ұғымды нығайтумен қатар оқушының білімге деген құштарлығын арттырады.

Сонымен қатар бұл 3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы және кешендік әдістемелік құралы екі бөлімнен тұрады.

  1. 3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы.

Бағдарлама жүйелі жасалып,оқушы деңгейіне сай саутты құрылған.

  1. Мұғалімдерге арналаған сабақ жоспарлары.

Мұғалімдерге арналған сабақ жоспарлары мұғалімдерге жұмыс жасауға және бағдарламаны оқушыға меңгеруге бейімделіп жасалған.

Бағдарламаның өзектілігі: кіші жастағы оқушылардың тұлғалық деңгейін арттырып,олардың жан-жақты қалыптасуына бағыт береді.Сондай-ақ есте сақтауының,жадысының,зейінінің негізін қалайды.

Бағдарлама бағыты:

-баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау;

-оқушының дүниетанымын арттыру;

-баланың көңіл -күй жетістігін қалыптастыру;

-ой шақырып,ой түйіндей білуге үйрету;

-психологиялық денсаулығын нығайту;

Сондай-ақ баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интелектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру қажет.

Берілген құрал 3-сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді

болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады.

Тапсырмалар оқыту мен дамытуға арналған.Сол себепті логикалық тапсырмалар,жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Яғни,назар аудару,елестету,есте сақтаудың түрлері,сұрыптау , зейінді дамыту және ойша тұжырымдамажасау.

Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды,көлемі көбейіп,тапсырманы

орындау жылдамдығы артады.

Бұл жинақта ұсынылып отырған материалдар математиканы оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған.Құралда өздігінен орындайтын тест және баланы тез есептеуге баулитын тапсырмалар бар.

Тақырып бойынша құрастырылған тапсырмалар жүйелі дамытып оқыту

идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық мақсаттылық:ақыл ой жүйесі,ақыл-ой жетістігі: қорытындылау, салыстыру,саралау,тарату,оқушылардың алған білімдерін жоғары дәрежеде тиянақтап бекіту.

Бағдарламаның мақсаты:

-сандық сауаттылықты қамтамасыз ету;

-геометриялық ұғым беру;

-елестету және логикалық ойлау деңгейін қалыптастыру;

-құратыру тұрғысынан алғашқы элементтерді қалыптастыру;

-оқушылардың алған білімін жоғары дәрежеде тиянақтап бекіту;

-ойлау қабілетін,танымдық белсеңділігін арттыру;

-ой-өрісін дамытып,оқушыларды байқағыштыққа,шапшаңдыққа ойын дәлелдеуге үйрету;

-танымдық тапсырмалар арқылы баланың интелектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-оқушыларды өз ойын дәлелдеуге баулу, пәнге қызығушылықтарын арттыру;

-жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту;

-назар аудару, елестету,есте сақтаудың түрлері,зейінді дамыту;

Бағдарламада нәтежиеге жету үшін зерттеу және жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар берілген.

Бағдарлама бастауыш сыныптарда таңдаулы курс сабақтарын жүргізуге бағытталып отыр.

Сабақ 3 сыныптарда аптасына 1 рет,1 жылда 34 сағатты қамтиды.

Оқушы біледі:

-аримметикалық іс-әрекет құрамын;

-өлшеу және салыстыру әдісін;

-сандардың разрядтық құрамын

-геометриялық фигуралар туралы;

-басқатырғыштар,сөзжұмбақтар,логикалық есептер шешу;

Оқушы істей алады:

-санауға берілген тапсырмаларды ауызша есептеуді;

-білімін есептер шығаруда қолдануды;

-геометриялық фигуралардың ауданы,перметрін табуды, салуды және фигураны ажырата алады

-басқатырғыш,сөзжұмбақ,тапсырмаларды талдайды,шеше алады;

-өз бетінше шешім табуға үйренеді;

Күтілетін нәтиже:

1.Қазіргі заман талабына сай,білімді,білікті,ой-өрісі дамыған, қабілетті тұлға қалыптастыру;

2.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру,ақыл-ой деңгейін қалыптастыру.

3.Өз бетімен жұмыс істеуге,логикалық тапсырмаларды шешуге білу.

Бағдарламаның мазмұны

3 сынып 34 сағат

Бағдарлама төмендегідей 7 бөлімді қамтиды.


І-бөлім «Цифрлар әлемінде» (4-сағат) оқушылар бұл бөлімде цифрлар мен сандар тарихы туралы қызықты мағлұматтар алады.Есептеу тәсілдерін үйренеді.

ІІ- «Логикалық ізденіс» (4-сағат) Бұл бөлімде оқушылар өз беттерінше ойланып,шешім қабылдап,өз пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.Сондай-ақ тез ойлау,шешім табуға тырысады.

ІІІ- «Теңдеулер әлемі» (5-сағат) Оқушылар сөз есептер арқылы немесе жалпы белгісіз сандарды табуға тырысады.Өз беттерінше теңдеу құрып,шешун табуға үйренеді.

ІҮ-бөлім «Есептеулер елінде» (4-сағат)Бұл бөлім есептер шығаруға бағытталған.Оқушылардың деңгейіне жеңілден қиындата отырып тапсырмалар беріледі.Оқушылардың танымдылық қабілеттерін анықталып,қалыптасады.

Ү-бөлім «Басқатырғыш басқыштары» (6-сағат) Оқушылардың ойлау, қызығушылық,іздемпаздығын қалаптастыруға арналған тапсырмалармен қамтылған.

ҮІ-бөлім «Дүниетаным» (6-сағат) Бұл бөлімде оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар беріліп отыр.

ҮІ-бөлім «Фигура сыры» 5 сағат Геометриялық фигуралар туралы қызықты және жалпы мағлұматтар беріледі.Геометриялық тапсырмалар орындалады.




«Математика әлемінде» 3 сыныпқа арналған таңдаулы курс қосымша сабағының

күнтізбелік жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты



І-бөлім «Цифрлар әлемінде»

1.

Цифр және сан. Заңдылық

2

Сан мен цифрдың айырмашылығын ұғындыру

2.

Ескіше сандар

1


Ескіше сандардың таңбалануымен таныстыру

3

Цифр шаршылары

1

Цифр шаршыларымен жұмыс жасап үйрену


ІІ- «Логикалық ізденіс»

4

Жоғалған таңбалар

2

Математикалық таңбаларды дұрыс анықтау, орналастыру.

5

Логикалық танымдылық

2

Логика тізбегін жалғастырып үйрену


ІІІ- «Теңдеулер әлемі»

6

Теңдеу .Артық қатарды табу.

1

Теңдеу шешуді үйрену.Заңдылықтарды түсіну

7

Теңдеу құрастыру

2

Оқушыларды сөз есептер арқылы теңдеу құра білуге баулу

8

Математикалық танымдылық.Ескіше санау

1

Ескіше санау ұғымдармен танысу

9

Қозғалып кеткен фигуралар

1

Әртүрлі геометриялық фигуралар туралы білім қалыптастыру.


ІҮ-бөлім «Есептеулер елінде»

10

Ауызша санау және есептеу әдістері

1

Ауызша есептеу,санау арқылы есептер шығару

11

Көбейтудің дәстүрден тыс кестесі

1

Көбейтудің дәстүрден тыс кестесін қолдануға үйрету.

12

Дөңгелектеу әдісі

1

Сандарды дөңгелектей отырып есептеуге үйрену

13

«Тез есеп»

1

Ауызша тез есептеуге үйрету


Ү-бөлім «Басқатырғыш басқыштары»

14

Сандық басқатырғыштар

2

Сандық басқатырғыштар арқылы жұмыс жасау белсенділігін арттыру

15

Араласып кеткен сандар

2

Араласып кеткен сандарды орналастыру

16

Орнымды тапшы

2

Орны ауысып кеткен сандарды орналастару


ҮІ-бөлім «Дүниетаным»

17

Жас өлшемі тапсырмада

1

Жас ерекшелікті анықтауға берілген тапсырмаларды шешу

18

Ақшаға байланысты тапсымалар

1

Аз,көп,баға,құн ұғымдарына байланысты тапсырмалар орындау.

19

Транспортқа байланысты тапсырмалар

1

Қозғалысқа байланысты тапсырмаларды үйрету

20

Бір уақыттағы,бір бағыттағы қозғалысқа байланысты тапсырмалар

1

Қозғалысқа байланысты тапсырмалар арқыл дүниетанымды жетілдіру

21

Бір уақыттағы,қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа байланысты тапсырмалар

2

Қозғалысқа байланысты тапсырмалар арқыл дүниетанымды жетілдіру


ҮІ-бөлім «Фигура сыры»

22

Фигураның ауданы мен периметрін табуға берілген тапсырмалар

2

Аудан және фигура туралы ұғымды арттыра түсу

23

Фигураның құрылымы

1

Әртүрлі геометриялық фигуралар құрып үйрену

24

Геометриялық басқатырғыш

1

Геометрилық тапсырмаларды орындауға үйрету,логикасын дамыту.

25

Сіріңкемен жұмыс

1

Басқатырғыштар шешуге үйрету



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. С.Төрениязова «Математикадан қызықты тапсырмалар»

  2. М.Оспанов,Қ.Қосанов «Логикалық тапсырмалар»

  3. Л.Чилингирова «Ойнап, математикаға үйренеміз»

  4. О.Досжанова «Ойнай-біл,ойлан біл»

  5. . Савин А.П. «Жас математиктің энциклопедиялық сөздігі »

  6. Винокурова Н.К. Развиваем способности детей. ,,Росмэн". 2003 г.

  7. Тихомирова А.Ф. Математика в начальной школе. Творческий центр ,,Сфера". 2001 г.


© 2010-2022