Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп:Төңкеріс негізгі мектебі. Мерзiм 26.06.2015ж. №22 Тақырып:Шыншылдық- адамдықтың белгісі Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік. Мұғалiм: Махулбекова Қ.М. Cынып: 1 Оқушылар саны: 11

Сабақ мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

1. Білімділік: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

2.Дамытушылық: адамгершілік қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу; Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi. :

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т сақтау. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.

Нұр сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.

Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.

Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өзө жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».

Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру.

Ә. Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі оқуға берілген болатын.
Сұрақтарға жауап алу:
Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.
Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз. «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.
Шындық неге жеткізеді?

Ал өтірік ше?

Мысал келтір.
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген дана
лы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.

1 сұрақ. Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
2 сұрақ. Шындық неге жетелеп отыр?

3 сұрақ. Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
4 сұрақ.
Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, адамгершілік қарым- қатынастарға байланысты сюжетті суреттер арқылы баяндап беру тапсырлады.

Топпен ән айту

«Балдырғандар әні
Сөзін жазған: О. Әубәкіров. Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы:

Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады 2\рет\
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы
Үй тапсырмасы.

«Жауапты іс» деген мәтінді оқу;
ә\ Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді оқыңдар.
Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.
Соңғы тыныштық сәтi.

Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.


© 2010-2022