«Сиқырлы қазан» сайыс сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сиқырлы қазан» сайысы


Мақсаты:баллардың көне дәстүрді ұмытпауға, салт-дәстүрді қайта жаңғыртуға, шапшаңдыққа, ұшқырлыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті әріптестер және оқушылар. Бүгінгі даярлық топ оқушыларымен өткізілетін «Сиқырлы қазан» атты сайысымызға қош келдіңіздер демекпін.

Бүгінгі «Сиқырлы қазан» сайысына «№27 ЖОББМ»КММ-нің мектепалды даярлық топ оқушылары қатысады. Сайыскерлер 2 топтан тұрады. Олар «Қыран» және «Тұлпар» топтары.

Осы 2 топты қошеметпен ортаға шақырайық.

«Тұлпар» тобы:

  1. Айкешова Жанерке

  2. Қайратұлы Ринат

  3. Божиева Перизат

  4. Бауыржанқызы Толғанай

  5. Жұмағалиева Айзере

  6. Жақсылықов Елдар

  7. Макулбекова мина

«Қыран» тобы:

  1. Махатов Ильяс

  2. Серікқалиев Олжас

  3. Серікқан Жанель

  4. Тұрлыханова Айсара

  5. Турсунова Альмира

  6. Шарипов Алибек

  7. Нұрзат Ақбота


Міне сайыскерлеріміз де ортаға келіп жайғасты.

  • Балалар бүгінгі сайыста бір-бірімізге тек жақсы тілектер тілейік. Міне менің қолымда кішкене қазан бар. Бүгінгі сабақта біз бір-бірімізге тек жақсы тілектер тілейік.

  • Міне қазанның ішіне көптеген тілектер жиналды. Мен енді осы тілектер басқа жаққа ұшып кетпес үшін, аузын жауып қоямын. Ешқайда шығып кетпей сайысымыздың соңына дейін біздің тілеуімізді тілеп тұрады.

Саққұлақ кіреді: Армысыңдар ма балалар. Мен тың-тыңдап жүріп бір дыбыс естідім. 0 «Б» мектепалды даярлық тобында «Сиқырлы қазан» болғалы жатыр деген. Менің де көмегім тиіп қалар ма деп әдейі келдім.

Жүргізуші: Саққұлақ келгенің қандай жақсы болды. Мен мына сиқырлы қазанға барлық тапсырмаларды салып қойып едім. Енді сол қазанымды аша алмай тұрмын. Қақпағын ашатын сиқырлы сөзді ұмытып қалдым. Сен сиқыршының қалай айтатынын тыңдап айтып берші.

Саққұлақ: «Жарайды»- деп жерді әрбір жерден тыңдайды да, жүргізушінің құлағына сыбырлайды.

Жүргізуші: Мына саққұлақтың келгені қандай жақсы болды. Сиқыршы сөзді жеті батпан жердің астынан естіп қойды. Ал балалар бұл сиқырлы сөзді барлығымыз бірге айтпасақ қазанның аузы ашылмайды. «1,2,3 ахалай, махалай сиқырлы қазан ашыл» (3 рет айту)

Музыка ойналып қазанның беті ашылады. Міне балалар бәріміз қазанның бетін аштық. Енді ішіндегі тапсырмаларды алып, бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Таныстыру»

2-кезең: «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

3-кезең: «Бел асу» (ұлттық ойындар көрсете отырып, жұмбақтар шешу)

4-кезең: «Ертегілер әлемі» (ертегіден үзінді)

Сайыс бағдарламасымен таныстық, енді бүгінгі сайысымызда әділ баға беріп білімімізді таразылайтын әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.

Көріп отырғанымыздай 2 топтың екі жағына 2 қазан қойылды. Әр дұрыс жауаптарына қарай қазандарына бір жіліктен салып отырамын. Қай топ көп жілік жинаса, сол топ алға шығады.

Енді Саққұлақ қай топтың бірінші болып бастайтынын өзің шешіп бер.

Саққұлақ: Жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ

Қара сиырым қарап тұр

Қызыл сиырым жалап тұр

(қазан мен от)


Сайысымызды бастайық.

1-кезең «Таныстыру»

«Тұлпар» тобы

«Қыран» тобы

2-кезең: «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)


  1. Еліміздің президенті

  2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  3. Еліміздің елордасы қай қала?

  4. Сиырдың төлін қалай атаймыз?

  5. Мемлекеттік рәміздер

  6. Қыс айларын ата

  7. Е әрпіне байланысты сөздер айт

  8. Жаттаған тақпағынан үзінді айт

  9. Бір жылда неше ай бар? Атап айт

  10. Баласы бота, арқасында 2 жота (түйе)

3-кезең: «Бел асу» (ұлттық ойындар көрсете отырып, жұмбақтар шешу)

Алдарыңызда қатар-қатар тізілген 5 асық тұр. Бұл асықты бір-бірлеп шығып атасыңдар. Қай атып түсірсе, сол топқа қарама-қарсы топ өз жұмбақтарын жасырады. (2 топ бір-біріне алма-кезек 5-5 тен 10 жұмбақ жасырады)

«Тұлпар» тобы:

  1. Жазда тұрып жоғары

Күзде жерге қонады (жапырақ)

  1. Айдалада ақ отау

Аузы-мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

  1. Қос қолға киемін

Жып-жылы боп жүремін (қолғап)

  1. Қыс бойы жатады

Тәтті ұйқыға батады (аю)

  1. Аласа ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар (қой)

«Қыран» тобы:

  1. Тонын киіп туған

Бетін жалап жуған (мысық)

  1. Басында мүйізі бар

Үстінде киізі бар (сиыр)

  1. Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады (қоян)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

  1. Алты қырлы

Алты сырлы (қалам)

4-кезең: «Ертегілер әлемі» (ертегіден үзінді)

«Тұлпар» тобы: «Үйшік»

«Қыран» тобы: «Шалқан»

Осымен сайысымыз да соңына жетейін деді. Енді қазандағы жіліктерді санап, әділ-қазы алқасына сөз берейік. Әділ-қазы алқасы өз шешімін шығарғанша біз сендермен «Ойы жүйріктің тілі жүйрік» атты ойын ойнап көрейік. Бұл ойында сендер сабақта жаттаған мақал-мәтел, жаңылтпаш, тыйым сөздерді айтасыңдар.

«Тұлпар» тобы:

  1. Ананың сүті бал

Баланың тілі бал

  1. Таңғы асты тастама

Түскі асты қалдырма

Кешкі асқа қарама

  1. Шеше, шеше

Кеше неше

Сынды кесе

«Қыран» тобы:

  1. Анаға бала алтыннан да қымбат

  2. Дастархан басында керілме

  3. Тебіншек ат- шегіншек

Шегіншек ат-тебіншек

Қорытынды. Сөз кезегін әділ-қазы мүшелеріне беру. Балаларды мадақтау.

«Сиқырлы қазан» сайыс сабақ

«Сиқырлы қазан» сайыс сабақ

© 2010-2022