Табиғатты аялайық. (тәрбиелік іс-шара)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Табиғатты аялайық.

Мақсаты:

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын байлығы мен әсем табиғатты аялай білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні:

Табиғатты қорғай білуге аялауға баулу.

Көрнекілігі:

Тақырыбы, табиғат туралы даналық сөздер, қабырға газеті.



  1. Әсем - табиғат - біздің тән жарамызды да, жан жарамызды да емдейді, теңдесі жоқ емші.
  2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Бастаушы: Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалну мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырып отыр. Экология деген сөз - тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрис Геккаль тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты. 1-оқушы: Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де «Табиғат» деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Олай болса ... 2-оқушы: Қадірменді қонақтар! «Табиғатты аялайық» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың міндеті, әрі парызы.
3-оқушы: Табиғаттың тарылтпасын мөлдір қаусар тынысын Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың! Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың?! Ол анаң ғой, ал сен оған сәбисің!

4-оқушы: Күн мен гүлден жаралған От сезім мен мейірім содан таралған. Тіршілік иесі - Жер Аллаға қараңдар! Зор қайғыдан күрсінгенде Ах, ұрады дүние. Жаратылыс заңдылығы бұзылса Сонда болар кім ие? 5- оқушы: Бүгін біздің арамызда қасиетті Жер Ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбунәсір әл Фараби , Асан Қайғы, қыл қобыздың ұрпағымын деп күніреткен қорқыт аталарың құрметті қонақ болып отыр. Сөз негізі сіздерге асыл, абзал балалар. 6-оқушы: Жер Ана Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендер өлкеміздің байлығы, асыл қазыналарын айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарды қырып-жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сан табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік. 7 - оқушы: Асан Қайғы - Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтып күн көрер Аяғы жоқ, қолы жоқ. Жылан қайтып күн көрер. 8 - оқушы: Қорқыт Ата - Қара тауларың құламасын Саялы ағаш сынбасын, Қанаттарың қырқылмасын. 9 - оқушы: Қазақ халқының ғұмыр бойы бір қасіреттен екінші бір қасіретке ұрынып келе жатқанын тарихтан білеміз. Ақ табан шұбырындыдан аман қалып, елімізді аштық жайлап, қалғандарын халық жауы, ұлтшыл деген жаламен атып, азаптап өлтірді. Отан соғысына қатысып елімізді қоршаған қаншама ер азаматтарымыздан айрылдық. Әлемнің төрт бұрышына босып кеткеніміз қаншама? Жар-Ананың түпкір - түпкірінен елім, Отаным, Қазақстаным деп келе бастағанда ол табиғаты төзімсіз жағдайға ұшырап жатса біздің елдігіміз қайда? 10- оқушы: Безендіріп құмдағы. Жер соқтырды. Қоғам оңған, заман азған Бірақ жерім дәл бұлай азбаған. 11 - оқушы: «Атамекен» әні. Әшімов Жалғас. 12 - оқушы: Табиғи байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік деп жүріп өзімізге - өзіміз қастандық жасадық. Сонау 1949 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қаруды жарып сынақ жүргізілді. Жарылыс кезінде бөлінген әр түрлі ауруларға ұшырады. Бірақ Семей - Невада қозғалысының талабы бойнша 1991 жылы маусымда сынақтарды жүргізуге тыйым салынды. 13 - оқушы: Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал, адамға ауа қымбат бәрінен. Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 14 - оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетіне саялы баққа айналдыратын байлық көзі судың да сұрауы бар - дейді халық. Осы мол суды есепсіз, мөлшерден тыс көп жұмсау, судың азаюына әкеп соғады. Мысалы: Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеліп қоректендіріп отырады, кейінгі кезде суды көп пайдаланудан өзеннің теңізге апарар суы тартылып, көлемі кішірейді. Тартылған су астынан тұз шығып, кеуіп ауа ластануда. Қазіргі жағдайда Арал - Балқаш аймағының экологиясы ауыр жағдайда. 15 - оқушы: Табиғаттың тамаша туындыларының бірі хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақытты бастамасы деп дәріптеген. Олар далаға ажар берген ақбөкен, ән мен сәннің иесі бұлбұл, су аруы аққу.

  1. оқушы: «Мөлдір бұлақ» әні.
  2. Оқушы: табиғатты қорғауда ата-аналардың ескерткен тиым сөздерін еске түсірейік. «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсауат бастырмайды.
  3. «Көктей - саласың» деп жамандыққа жарып көкті жұлғызбайды.
«Қарғысы қатты» деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді. «Құмырсқаның илеуін» бұзғызбайды. «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды. «Егеменді ел бүгін Қазақстан» Омарова Жұпар.
  1. оқушы: «Аңшы мен бала» атты көрініс.
  • Құс аулауға шығамысың?
  • Шығамын.
  • Атқаныңды жығамысың?
  • Жығамын
  • Мә, мылтығым атамысың?
  • Атамын
  • Сен ақыл айт.
  • Мен дем алып жатамын.
  • Құсың қайда қарағым - ау?
  • Атпадым.
  • Таппадың ба торғайдай құс?
  • Таппадым.
  • Көп еді ғой көлде құс.
  • Көп екен.
  • Я, неге атпадың?
  • Түк дәлелім жоқ екен.
  • Атуға сен қимадың ба?
  • Қимадым.
  • Туған жердің құстарын да
  • Өзіне қайта сыйладым.
20 - оқушы. Тиме аққуға! Мендейлердің атын ал, түйесін ал. Мендейлердің затын, биесін ал, Тиме аққуға. Аққудың киесі бар. 21 - оқушы: «Саржайлау» әні. 22 - оқушы: Қазақстан - Туған өлкем Жер көп пе сендей көркем. Көрсін деп күллі әлемге Жалауымды желге желпем. 23 - оқушы:Көз алдымда көгілдір тау мұнартып Аспанымда аққудың әні қалқып, Құшақтап бір өзің туған далам Жатамын көк шалғында жаным 24 - оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан, Сары белде сағымдар аралынан. Тарайды дән жұпары барлық жерге Қазақтың қасиетті даласынан. 25 - оқушы: Сулы дала. Сенің сүйген еркемсің, Жаным сенен жаратылған өлкемсің. Қандай жақсы, қазақ болып туғаным. О, туған жер! Тамашасың көркемсің. 26 - оқушы: Табиғат қызығамын сенің суретіңе Бас ием сенің құдіретіңе Тұрасың күллі әлемге нұр таратып, Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде. 27 - оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік Бір - бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз. Таза ауа үшін терімізді төгейік. «Отаным Қазақстан» әні Мұғалімнің қорытынды сөзі: Жарқырап күн нұрланып, Жайнасын тал бүр жарып. Астық өсіп далада, Жайқалсын гүл ырғалып. Жер анаға құстар - құт. Жасамаңдар дұшпандық. Аялауға аңдарды. Болсын дәйім құштарлық. Өссін тоғай, орманда. Өсіргенді қолдаңдар! Туған өлке гүлденіп, Табиғатты қорғаңдар















































1-оқушы Отан отбасынан басталады --------------------------------------------------------------------------------------- 2- оқушы Отан біздің туып өскен жеріміз. --------------------------------------------------------------------------------------- 3-оқушы Отан досымыз, туысымыз. --------------------------------------------------------------------------------------- 4-оқушы Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең, астанаң, Отан-аудан ауылың. --------------------------------------------------------------------------------------- Елтаңба Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат,әдемі, Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.

Құт-береке шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген

Жалау Көк аспадай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен тек, Елдің ашық қабағы. ------------------------------------------------------------------------------------------------- Әнұран Әнұраным- жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім, Туған жерім сағынарым, Мәңгі бақи шырқалады Республика әнұран

















© 2010-2022