Қазақ тілінен тест тапсырмалары /4-сыныптың қабілетті оқушыларына арналған/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен тест тапсырмалары

/4-сыныптың қабілетті оқушыларына арналған/

  1. «Шешендік өнер» грекше қандай ұғым екенін табыңыз.

А) Шешен сөйлеу.

В)Шешендік сөз

С) Риторика

Д)Әдемі сөйлеу

Е)Шешендік өнерді үйрету

2.Шешендік өнердің негізделетін нәрсесінің санын атаңыз.

А) 1

В) 3

С) 5

Д)4

Е)6

3. Төмендегі шешендік өнер туралы айтылған сөздің авторының кім екендігін анықтаңыз.

«... Шешен болу үшін бес қасиет қажет: бірінші -табиғи дарын, екінші -білім, үшінші -шешендерден үйрену, төртінші- сөйлеп жаттығу, бесінші-басқа ғылымдардан да хабардар болу.»

А) М.Цицерон

В)С.Сарайи

С)Платон

Д)М.Ломоносов

Е)Қорқыт

4. Төмендегі шешендік сөз туралы айтылған сөздің авторының кім екендігін анықтаңыз.

«Шешендік сөз дегеніміз- белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсәндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу»

А) А.Йасауи

В)С.Сарайи

С) М.Қашқари

Д)А.Байтұрсынов

Е)Қорқыт

5.Ежелгі түркі шешендігін нелерден іздеуіміз керектігін табыңыз

А) Тарихтан

В)Ескерткіштерден

С) Аңызға айналған әңгімелерден

Д)Жыр,толғаулардан

Е)Көсемдер сөздерінен

6.Ежелгі көсемдердің шешендігін дәлелдейтін кітапты табыңыз.

А) «Кабуснама»

В) Манас»жыры

С) «Дулыға »

Д) «Алтын шежіре»

Е) «Қорқыт»кітабы

7 .Төмендегі шешендік сөз туралы қанатты сөздің кімдікі екендігін табыңыз.

«Айқындық сөздің басты артықшылдығы»

А) Т.Мор

В) Цицерон

С) Аристотель

Д) Бабыр

Е) Ә.Науаи

8.Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңінің қай ғасырдан басталатынын атаңыз.

А) Х-ХІ

В) Х-ХІІ

С) ХІІІ-ХVІ

Д) ХІ-ХІІІ

Е) ІХ-Х

9. Қазақ шешендік өнерінің кімдерден басталатынын атаңыз.

А) Қорқыттан

В) Бабырдан

С) Майқы би мен Аяз биден

Д) С.Сарайидан

Е) Ә.Науаидан

10.Төмендегі шешендік сөздердің кімдікі екендігін атаңыз.

Құлаққа жағымсыз боқтық сөз айтқанша,

Жүрекке жылуы бар отты сөз айт.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

А) Қорқыттікі

В) Аяз бидікі

С) Майқы бидікі

Д) Абайдікі

Е)Жамбылдікі

11.Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңін атаңыз.

А) Х-ХІІ

В) Х-ХІ

С) ІХ-Х

Д) ХІ-ХІІІ

Е) ХІV-ХVІ

12. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңінің кімдерден басталатынын атаңыз.

А) Қорқыттан

В) Майқы би мен Аяз биден

С) Жиренше шешеннен

Д) Асан қайғы мен Жиренше шешеннен

Е) Абай мен Ыбырайдан

13. Төмендегі шешендік сөздердің кімдікі екендігін атаңыз.

Таза мінсіз асыл тас ,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз ,

Ой түбінде жатады.

А) Ыбырайдікі

В) Аяз бидікі

С) Асан қайғынікі

Д) Абайдікі

Е) Едіге батырдікі

14. Қазақ шешендік өнерінің үшінші нші кезеңінің өкілдерін атаңыз.

А) С.Торайғыров

В) Б.Майлин

С) Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би

Д) Асан қайғы

Е) Абай

15. 11.Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңін атаңыз.

А) ХІ-ХІІІ

В) Х-ХІ

С) ІХ-Х

Д) Х-ХІІ

Е) ХVІІІ

16.Төмендегі шешендік сөздің кімдікі екендігін анықтаңыз.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ер жетім.

А) Абай

В) С.Сейфуллин

С) Төле би

Д) Қазбек би

Е) І.Жансүгіров

17.Ғылыми мазмұнды қазіргі шешендік сөзді табыңыз.

А) Саяси шолу, саясат сөздер, конференция баяндамалары

В) Дәріс -ғылыми баяндама, ғылыми мақала

С) Бата, тілек,аза сөздер

Д) Діни уағыз, иман, тілек, құран сүрелері

Е) Айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі

18.Төмендегі шешендік сөздер шешендіктің қай түріне жататындығын анықтаңыз.

Қадірлі қауым !

Бауырлар !

Біз, тым құрыса ,араға апта, ай салмай, қазақ поэзиясының екі бірдей дүлдүл ақынынан айырылып отырмыз. Екеуі де рухы биік ұлттық поэзияның сәтті бір күні тәңірінің қалауымен туа салған тамаша талант еді...

А) Білім-ғылым мазмұнды шешендік

В)Әлеуметтік -саяси мазмұнды шешендік

С) Әлеуметтік -тұрмыстық мазмұнды шешендік

Д) Діни мазмұнды шешендік Е) Сот ісі шешендігі

19.Қазіргі шешендіктің түрлерінің нешеу екендігін табыңыз.

А) 2

В) 4

С)3

Д)5

Е) 6

20.Білімдік-ғылымдық сипаттағы шешендіктің неше түрге бөлінетіндігін

табыңыздар .

А) 1

В) 2

С)3

Д)4

Е) 5

Д) З.Қабдолов Е) Аристотель

Рустемова А .Т.

Бастауыш сынып мұғалімі


Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі




Шешендік сөздерден білімімізді тексерейік !

/Бастауыш сыныптардың қабілетті оқушыларына

арналған тест тапсырмалары /



Рустемова А.Т.

3-деңгейлі,1-санатты

бастауыш сынып мұғалімі



© 2010-2022