Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы мен әрпі (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
1 сынып Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Ойын, суреттер, талдау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырмасын сұрау
1) Өткен сабақтағы өлеңді мәнерлеп оқыту.
(Кім кінәлі өлеңі)
2) Өлең мазмұнымен жұмыс
а) Өлеңдегі балалардың атын жазу
ә) Кінәлі кім? (Елемес)
б) Елеместің әрекеті дұрыс па?

3) Өткен сабақты қорытындылау.
− Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? − Ү ү
− ол қандай дыбыс? − Дауысты, жіңішке.

Сөздер ----------- Дыбыс саны ---------- Әріп саны
көже
сән
әке
шана

«Адасқан буындар» ойыны.
түл ----- рек
жү ------ кі
түй ----- ше
күл ----- ме

буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау, тақтаға жазу.

III. Жаңа сабақ. «Г г» дыбысы мен әрпі.
1. Жұмбақ шешу.

Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады.

Гүл.
Г г дыбысын дауыстап айту,әріп таңбасымен таныстыру.
Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас.
Буын құрау.

Га го гу ге гө ги гү гі гә.
IV Оқулықпен жұмыс
а) Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату.
ә) Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.

V «Ақ көгершін» өлеңі
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Оқушыларға оқыту
2. Өлеңмен жұмыс
а) Өлеңге А. Жұбанов ән жазғандығы туралы, көгершін ерекшелігіне тоқталу.
ә) көгершін сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
«Ақ көгершін» әнін айтып, билеп бойды сергіту.

Бағалау.
Үйге: Өлеңді , бағандағы сөздерді оқып келу.


© 2010-2022