Балалардың бақыты ашық сабақ 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Екпінді орталау мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Бекітемін

Мектеп директоры


__________________

М.Жайлыбай









Ашық сабақ


Тақырыбы : Балалардың бақыты





















2015-2016 о/ж

2- сынып

Сырбай Мәуленов "Балалардың бақыты"

Сабақтың тақырыбы: Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов

Сабақтың мақсаты: а) Өлең авторымен танысу. Өлеңді талдау арқылы өмірдегі құндылықтардың, қасиетті ұғымдардың парқын ажырата білуге мүмкіндік беру.
б) «Бақыт» сөзіне сөзтіркестері мен көркем сөздер тізбегін құру арқылы сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасау.
в) Бақыт не екенін сезіндіру. Отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Ақынның портреті, фото суреттер,қима жемістер, «Бақыт ағашы».
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Біз қашанда біргеміз
Сөгілмесін іргеміз
Құшып күннің шуағын
Кездесейік қуанып
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақ - жауап:
- Мұрат кім болуды армандады?
- Бала Мұраттың арманы қалай іске асты?
- Теңізшіге қандай мінез - құлық керек деп ойлайсыңдар?
- Сенің арманың қандай?
ІV. Мақсат қою.

Бақыт деген балалық шақ ойнаған

Ата-анаңмен туған күнді тойлаған

Болса егер ата-анаң қасында

Бала қамын үнемі жүріп ойлаған

V. Жаңа сабақ.
Сырбай Мәуленов - 17.09. 1922, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келген - ақын, Халық жазушысы. Мәуленовтің алғашқы өлеңі 1937 ж. Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде жарияланған. Ақынның "Өлеңдер" атты тұңғыш жыр жинағы 1948 ж. жарық көрді. Қазақ поэзиясында лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақынның бірі.
Балалардың бақыты
Аспан тұрса күлімдеп,
Айқын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт -
Болса Отаны аман - сау.
Басын бұлт қабайлатып,
Тұрса асқақтап Алатау...
Балаларға сол бақыты -
Аман болса әкесі,
Қатар өссе тәтесі,
Аман болса анасы,
Жүрсе алдында ағасы,
Болса мөлдір өзені,
Болса байтақ даласы!

Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану.

1.Түсінуге қиын сөздерді белгілеу.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Жоғары төмен қарайық
Солға, оңға бұрылып
Орнымызға қонайық

Шығармашылық тапсырма
Өлең ұйқасын тап:
Таң шуағы арайлап,
Дала нұрға...(бөленді)
Балалардың барлығы
Ұйқысынан...(оянды)

Бақыт әлеміндегі жұмбақтар
1 - жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал - мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз? (Ата)

2 - жұмбақ:Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің
Білер оны сұрағын. Ол кім? (Атаң)
VІ.Сабақты түсінгенін тексеру .

Суретпен жұмыс
VІІ.Бекіту.

Жұппен жұмыс. «Бақыт ағашын» топтастыру

(Оқушылар өз ойларын қағазға жазып, ағашқа қыстырады.
Бақыт деген немене?
Айтшы білсең егер де,
Бақыт деген немене?
Бақыт деген, шырағым

Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүлбағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ - гүлі далаңның
Алақаны анаңның
Ботам деуі әжеңнің
Тыныштығы әлемнің.
Қайда бақыт мекені
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.
VІІІ. Үй тапсырмасы:
1. Балалардың бақыты оқу мәнерлеп
2. Отбасы бақыты әңгімелеу
Бағалау. Балардың білімдерін бағалау.



© 2010-2022