Есептік және реттік сан есім (қазақ тілі, 3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім (қазақ тілі, 3-сынып) Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін кеңейту. Есептік және реттік сан есімдерді меңгерту, бір-бірінен ажырата алуға үйрету. ә) тәрбиелік: Жаппасбай Нұрсейітовтың өмірлік жолы арқылы оқушыларды Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу. б) дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, тест Сабақтың көрнекілігі: Жаппасбай Нұрсейітовтың портреті, ескерткішінің суреті, Қызылорда облысының картасы т.б. Пәнаралық байланыс: математика, өзін-өзі тану, ана тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу, құралдарын алғызу. 2. Психологиялық дайындық. Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кіл бестіктер болсын!
  • Бүгінгі сабағымызды біз ерекше өткіземіз.
  • Алда қандай мейрам келе жатыр? (9 мамыр - Жеңіс күні)
  • Біз қай мектепте оқимыз? (№233 орта мектебінде)
  • Кімнің атындағы мектеп? (Жаппасбай Нұрсейітов)
  • Жаппасбай Нұрсейітов кім? (Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр)
  • Олай болса, мен сендерге Жаппасбай Нұрсейітов туралы мағлұматтар беремін, ал сендер қазақ тілі пәнінен, оның ішінде сан есім туралы алған білімдеріңді ортаға саласыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
  • Қазақ тілінде сөз таптары нешеу? Атаңдар.
  • Қандай сөз табын өтіп жатырмыз?
  • Сан есім дегеніміз не?
  • Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Негізгі, туынды сан есім дегеніміз не?
  • Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара, күрделі сан есім дегеніміз не?
  • Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Есептік, реттік сан есім дегеніміз не?
  • Сан есімдер көбінесе сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?
ІІІ. Жаңа сабақ. Күн ретін жазу. Көркем жазу минуты. Жаппасбай Нұрсейітов (портретін көрсету) Бб Тт бб тт Бб Тт бб тт Бір, тоғыз, төрт, бес, тоғызыншы 1945 жыл 9 мамырда - Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен күн 1-тапсырма Жаппасбай батыр 1923 жылы тоғызыншы мамырда Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Он сегіз жасында әскерге шақырылған. Онда жаяу әскер, шабуылдаушы, барлаушы қызметін атқарған. Мәтінді көшіру, сан есімдерді табу, сөз құрамына талдау, байланысын сызбамен көрсету. Мәтінде неше сөйлем бар? (3 сөйлем - Анасы ұлының қара қағазын 3 рет алған) 415-жаттығу. Көшіріп жазу. Сан есімдерді сөз құрамына талдау. Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ. Әр түрлі әріптермен жазылған сан есімдерді қосыңдар. Шыққан сан 20 - Жаппасбай батыр 20 жасында «Кеңес Одағының батыры» атағын алған. 416-жаттығу.

Сан есімдерді оқу. Реттік сан есімдерге - көптік жалғауларын, есіптік сан есімдарге ІІІ жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт. Сан есімдерді сөз құрамына талдау. Есептік сан есім бірі екісі үші алтысы оны Реттік сан есім біріншілер екіншілер үшіншілер алтыншылар оныншылар 5 сөз 5 сөз 5 саны - Жаппасбай батырдың аты 5 жер мен затқа берілген. 1. Украинаның Сумск облысындағы мектеп пен көшеге берілді. 2. Ресейдегі Мурманск қаласындағы базаға орналасқан су асты сүңгуір қайығына батырдың аты берілген. 3. Қызылорда қаласында 2000 жылдың 12 маусымда «Кеңес Одағының батыры Жаппасбай Нұрсейітов атындағы қор» атты қоғамдық қор құрылды. 4. 2003 жылы Қызылорда қаласындағы №233 орта мектебіне Жаппасбай Нұрсейітовтың аты берілді. 5. Қызылорда қаласындағы Зеленый көшесіне Жаппасбай батыр аты берілді. Сергіту сәті. Бір-біріне тілек айту. (тілектің ішіне сан есімдерді қосып айту) 418-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Сан есімдерді табу. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту. Бір топ бала тоғаннан Он бес балық ұстадық. Бөліскенде оларды Тиді әркімге үш балық. Сынайын бір ал сені, Бала саны қанша еді? (бес бала) 1+5 65 - Биыл Ұлы Жеңіске - 65 жыл 2-тапсырма. Мәтінді көшіру, сан есімдерді табу, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. Қызылорда қаласына 49 жасында көшіп келді. 74 жасында қайтыс болды. Қазіргі кезде 2 қызы, 3 немересі бар. Соңғы сөйлемде неше сөз бар? (7 сөз) Мәтінде неше сөйлем бар? (3 сөйлем) - Жаппасбай батыр шайқастарда 7 рет жараланып, оның ішінде 3 рет ауыр жарақат алған. ІV. Жаңа сабақты бекіту. Тест жұмысын тарату. V. Қорытындылау. Ән. «Әрқашан күн сөнбесін!» VІ. Үйге тапсырма. 414-жаттығу VІІ. Бағалау.

Төреханова Шолпан Исамбайқызы

Қызылорда қаласы

№233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

© 2010-2022