Сауат ашу: Гг дыбысы мен әрпі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таниды; Г әрпі бар сөздерді дұрыс оқиды,.
Дамытушылығы: Г дыбысын білу арқылы оқушылардың тіл байлығы, ой - өрісі, есте сақтау қабілеттері дамиды.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап,топпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, сөздер, көгершін суреті,гүл суреті,бұлт,күннің көзінің суреттері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2.Оқушыларды топқа бөлу.

Гүлдердің түстері арқылы./қызыл,сары,көк,күлгін/
Сабаққа зейіндерін аударту.
3.Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!-дей отырып тақтадағы күннің бетін жауып тұрған бұлттарды алу үшін үйге берілген тапсырманы қайталайық.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныс болдық?

-Ү қандай дыбыс?

-Неге дауысты?

-Дыбыс пен әріп туралы не білеміз?
- «Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау( 2 - 3 оқушы)

Ү әрпін жазба түріндегі бас әрпін, кіші әрпін кім көрсетеді?
Үкі деген сөзді кім жазып көрсетеді?
Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
Үкі деген сөз бе, сөйлем бе?

4.Әр топқа тапсырма

Ү әрпінен басталатын сөздерді жаз

Ү әрпі бар сөздерді тауып астын сыз

Түнде ұйқы көрмейтін құс /үкі/

Көндіз жарқыратып сәулесін шашатын не? /күн/ үәрпінің астын сыз


5. Жаңа сабақ

Ендеше ,күннің көзі ашылды,қазір жұмбақ шешу арқылы қалған суретті ашамыз. Жұмбақ. Аналарға сыйлайтын.

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар.

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

-Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл», «Гүлім», «Гүлсім» дегенде қандай дыбысты бірінші естіп тұрмыз? Ендеше бүгін біз Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
6.Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.
7.Сергіту сәті

Егер суық тигізіп қалса, осы өсімдіктің жаңадан жасалған шырынын өте пайдалы.Иммунитетті көтеру үшін осы өсімдіктің шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Ал енді осы өсімдіктіі суретін мен бір жерге жабыстырып жасырып қойдым ,тауып аламыз. Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Оқулықпен жұмыс кезеңі
8.«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту. Көгершін сөзін қыйлған әріптердер құрастыру. 9.«Автор орындығы» стратегиясы
«Ақ көгершін»өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Мағынасына тоқталып өту.
10.Дәптермен жұмыс кезеңі
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтаға үлгі көрсету.
11.Әр топ жоғалған буындардан сөздер құрастырады.

12. Сабақты қорыту

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді гүлдерге бейнелеп көрсетіңіздер.
Оқушыларды мадақтау



























© 2010-2022