План урока по математике на тему: Ондықтармен санау 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 1-сынып. Ондықтармен санау (ойын сабағы).

Опубликовал Жаннур Рахметолдина в 6 Июнь 2013 - 11:00Нет комментариев

План урока по математике на тему: Ондықтармен санау 1 сынып

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, "№ 5 Күршім орта мектебі" КММ, бастауыш сынып мұғалімі -Рахманова Нургуль Байзолдақызы

Көрнекілігін осы жерден алыңыз!

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ондықтармен санауын меңгерту,алдыңғы алған білімдерін пысықтау. Ондықтар арқылы өрнектер шығаруды, ондықтарды қосып, алуды үйрету.
2. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, жылдамдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сандар, санағыштар, оқулық суреттері, интерактивті тақта, плакат.
Сабақтың типі: ойын сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топпен, деңгеймен, оқулық, карточка.

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар математика сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр.Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.
а) «Сәлем - сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» дегендей,келген қонақтармен амандасып алайық.
ә) Оқушыларды түгендеу,сабаққа зейіндерін аудару.
б) Психологиялық дайындық. Бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Арайлап әр күні,
Атады таңымыз.
Тілейміз Отанға,
Отбасы, достарға.
Әр күнге сәттілік,
Әр күнге жақсылық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен материалдарды пысықтау: «Алма жинау» ойыны.
ІІІ. Жаңа сабақ. Ондықтармен санау. (мақсат қою)

Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Еңбектену арқылы
Беске қолды жеткізу.

IV. Оқулықпен жұмыс.
1. «Баспалдақ» ойыны. (Бірліктермен,ондықтармен санау)
2. №1. Түсіндіру.(сұрақ-жауап)
3. Дәптермен жұмыс:
4. ( Көркем жазу )

№2. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны. Есеп.
Сергіту сәті: Санамақ.

V. 1. Интерактивті тақтамен жұмыс: «Ойна да, ойла» ойыны.
Шарты: Балықтардағы өрнектердің мәндерін тауып, аквариумдерге орналастыру.

2. «Математикалық эстафета» (Деңгей бойынша жұмыс)
І-деңгей: 40+20 (тізбектей тауып жалғастыру)
ІІ-деңгей: 10+5
ІІІ-деңгей: 4+3

VІ. Өзіндік жұмыс. «Кім алғыр?» ойыны.

№4. Теңдеу шешу.а) 4+а=7 а-6=2 7-а=1 а+1=8 (Тақтада екі оқушы орындайды.)
ә) Сандар құрамын атау.(партада отырған оқушылар орындайды).

Сергіту сәті: «Бір деген бе,бір деген»

VІІ.Математикалық диктант.
1. Бір қолыңда неше саусақ?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. 7 мен 9-дың арасында қандай сан?
4. 1 жылда неше ай бар?
5. Бірінші қосылғыш- 7,екініші қосылғыш- 2,
6. Ең кіші бір таңбалы сан?
7. Азайғыш 8, азайтқыш 3
8. 10-ның алдында қандай сан?
9. Ең үлкен екі таңбалы сан?
10. 9>5
11. 2<6

«Шатаспақ» ойыны. Шарты: Логикалық сұрақтарға жауап беру.
1.Бір жұмыртқа 5 минут піссе, төрт жұмыртқа неше минут піседі?
2.2 жылқының неше аяғы бар?
3.Қобдишада 4 қалам бар. Оларды 4 балаға таратып бер. Қобдишада бір қалам қалуы керек. Бұл қалай?
4. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? (міну керек)
5. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)

VІІІ. Сабақты бекіту:

- Сабақ ұнады ма? Ендеше барлығың үшін « Сөзді тап » ойынын ойнаймыз. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, жақсы бір сөзге ие боласыңдар.

ІХ. Үйге тапсырма: 175 бет, №5 және Ш.т
Х. Бағалау.



© 2010-2022