Кітап білім-бұлағы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап білім- бұлағы

Мақсаты: Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғымдыру.

Кітап жасаудағы адам еңбектері.

Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға

үйрету

Көрнекіліктер: кітап оқу, құрметтеу туралы жазылған плакаттар, кітап

көрмесі, слайдты суреттері.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! «Кітап білім бұлағы» атты тәрбие сағатын Абайдың мына сөзімен бастағалы отырмын.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Кітап білім-бұлағы

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары-бірінен- бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Кітап-рухани прогресстің кепілі,ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті жақындастырар,түсінікке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап- әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру -білімге қызықтыру. Барлық ілім-білімді кітаптан аламыз.

Кітап білім-бұлағы

Сол мақсатпен 3 «А» сынып оқушылары тәрбие сағатын «Кітап пен оқырман» атты тренингпен бастағалы тұр. Олар басқа оқушыларды үнемі кітапханамен байланыста болуға шақырады. Кезекті оқушыларға берелік.

  1. оқушы: Кітапхана-кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір.

  2. оқушы: Оқушыларды әрдайым кітапханамен байланыста болуға шақырамыз.

Даналық сөздер

« Оқулықты құрметте, күтіп ұста кірлетпе »

«Кітап өмір ұстазы»

«Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.»»

«Күш - білімде, білім - кітапта»

«Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.»

«Кітап - алтын қазына.»

«Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт.»

« Кітап - білім бұлағы, білім - өнер шырағы.»

«Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.»

Ортаға бүгінгі тәрбие сағатымыздың кейіпкерлері «Кітап» пен «Кітапханашы» шақырайық.

Сәлеметсіздер ме балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.

1. Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде білім беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен оны жақсы көремін.

2. Тілі бар, үні жоқ ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

3. Қабат -қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның алабер,

Айытқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді).

Кітап: Тәрбие сағатын жұмбақпен тегіннен тегін бастап тұрған жоқпын.

Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ «Кітап» туралы не білеміз, ол

қандай мағына береді, кім айтады?

1-оқушы: Кітап - нәзік те, тұнық әлем. Кітап - білімнің түпсіз аспаны, терең

бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен

мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау

рухани қазына - кітап.

2-оқушы: О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

3-оқушы: 1972 жыл - ЮНЕСКА - ның шешімімен «Халықаралық кітап

жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап, «23 сәуір -

Халықаралық кітап күні» деп жарияланды.

4-оқушы: -Кітап -ел мен жерді сүю,талапты кішпейіл болуға, төзімділікке

баулиды.

5-оқушы : -Кітаптан әркім ақыл -кеңес, тәлім -тәрбие,үлгі -өнеге алады.

Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Кітапханашы: Біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар. Білім туралы Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік,оларды басып шығаруға аға, апаларымыз көп еңбек етті.

6-оқушы:

Орманшының аялы,

Алақайы өсірген.

Сансыз ағам саялы,

Қағаз үшін кесілген.

7-оқушы:

Баспаларды күн -түні,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам, кім үшін,

Маңдай тері тамады.

8-оқушы:

Кітаптарды баршаға,

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

9-оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып әр түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

10-оқушы:

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

11-оқушы:

Оқулықты мектебім,

Бекер саған теп -тегін .

Білмейсің -ау сен бірақ.

Қаншама еңбек кеткенін.

Кітапханашы:

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады. Соның бірі айғағы кейінгі жылдары «Мектеп»,«Жазушы», «Алматыкітап» баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып,жас өспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде. Жаңа оқу жылында сендерге «Атамұра» баспасынан шыққан жаңа оқулықтар беріліп, білім нәрімен сусындап жатырсыңдар. Әр кітап- Отан байлығы екенін түсініп, кітапты лас қолмен ұстауға, жыртып, жазуға болмайды.

«Кітапты күтіп ұстайық» көрініс көрсету.

Оқушыға қашып,жалба-жұлбасы шыққан екі оқулық кездеседі.
Оқушы: Оқулықтар, неге осыншама түрлерің жаман. Өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?
Оқулық: (жыламсырап) Иә, ауырып тұрмыз, жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.
Оқушы: Иә, жағдайларың белгілі боп тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар-ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.
Оқулық: Иә, сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.
Оқушы: Жүріңдер, мен сендерді «Кітап емханасына апарайын. «Кітап дәрігеріне келеді). Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, «Ана тілі», тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың: су тиген, содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозын: кір қолмен ұстаған, кір майдың іздері түскен, беттеріңді бүктеген.


«Математика» оқулығы кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозын: сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп, беттері шашылып қалған. Екінші диагноз: беттерді шимайлаған, белгі соққан. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін, емханада жатып емделесіңдер.

Кітапханашы: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және оған ұқыпсыз қарайтын балаларда кездеседі. Кітапты ерінбей оқысаң , ол саған ақыл айтудан ерінбейтін, жалықпайтын шебер ұстаз.

Кітап -жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың.

Қорытындылау:

Мұғалім: Елбасымыз кітап туралы өз сөзінде былай деген екен.

«Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап мәдениет пен руханиатты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды.»

Сонымен қатар елбасымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгелі жазған бірнеше кітаптары туралы бейне баянды тамашалайық.

Бейнеролик көрсету:

Жастайымыздан зерек болып өсуімізге таудай талап керек. Сондықтан кітап оқудың да маңызы өте зор. Елбасымыздың кітаптарын оқи отырып, мемлекетіміздің тарихымен танысып, оның көрегенділігіне куә болайық. Алда келе жатқан 1-желтоқсан тұңғыш президент күні құтты болсын.!

Кітап білім-бұлағы

Мектебіміздің көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кітапханашы апайымызға сөз кезегін берейік.

Рефлексия:

Кітапханада қандай кітап болғаның қалайтының оқушылар арман ағашына жазып қалдыруға мүмкіндіктері болады.

«Арман ағашы»


© 2010-2022