Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем

Бастауыш сынып мұғалімі: Алимбетова Куралай Назаровна

«№48 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:28.11.2014жыл.

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету;

Дамытушылығы: Оқушылардың ой -өрісін, шығармашылық ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелігі: Ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілдері: Ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, ізденушілік

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, Power-point презентациясы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.

Оқушыларды сурет қиындылары бойынша өз таңдауларымен үш топқа орналастыру.

Топтың ережесін еске түсіреміз.

ІІ. Өтілген материалды қорытындылау

-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

-Сөйлемнің қандай мүшелері бар?

-Тұрлаулы мүшелерге не жатады?

-Бастауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш дегеніміз не?

Үй тапсырмасын тексеру. 96-жаттығу

Мақалды сөйлем мүшесіне талда.

Сөйлем мүшелерінің байланысын тап.

Балалар бүгін бізге тағы да Негеш қонаққа келді. Оның бүгін не үйренгісі келіпті.

-Негеш: Мен жай сөйлем ,оның түрлері туралы білгім келеді.

-Білгішбек: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.Мысалы, Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті сөйлемдері- жай сөйлемдер. Қане, балалар біз бугін Негешке көмектесейік.Ол үшін көмекке Білгішбекті шақырайық.Білгішбек тапсырманың барлығын дұрыс орындай алады.

Негештің сұрағына жауап берсін.

Негеш, жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз « Жалаң және жайылма сөйлем »

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.Жазира биледі.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.Жазира әдемі биледі.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. Оқушылар Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.Сызбаны толтырып, қорытынды шығарады.

Жалаң және жайылма сөйлемЖай сөйлем мен оның түрлері

туралы білгім келеді?

Жалаң және жайылма сөйлемБір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке

сөйлемді жай сөйлем дейміз.

Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Негеш, жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз « Жалаң және жайылма сөйлем »

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.Жазира биледі.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.Жазира әдемі биледі.

Дидактикалық ойын:

Құраған жалаң ,жайылма сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналаствр.Жалаң және жайылма сөйлем

98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Жай сөйлемнің түрін анықта.

Оқулықпен жұмыс.

98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Жай сөйлемнің түрін анықта.

Сөйлемді көшіріп жазып, жай сөйлемнің түрін анықтау.

Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс

1топ «Аққала» тақырыбына ойдан өлең құрастыру;

2 топ «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрау;

3 топ Берілген мәтінді керісінше оқу.

Топпен жұмыс.

99-жаттығу.

1 топ Жалаң сөйлемді жазу;

2 топ Жайылма сөйлемді жазу;

3 топ Сызбаға сай келетін сөйлемді тауып жазу;

83-жаттығу.

Ребусты дұрыс шешіп, мақалды жазу.

Мақалды жай сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талдау.

Жалаң және жайылма сөйлем

Бекіту. Венн диаграммасы

Жалаң Жайылма

VI. Сабақты қорыту. Балаларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

100-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқу. Оларды жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу. Шешендік сөздер жазып келу.


© 2010-2022