1-сынып сауат ашу Ққ дыбысы мен әріпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе

Уақыты:

Мұғалім:Жонкебаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Ққ дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер, интерактивті тақта.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі


Оқушыларға Ққ дыбысы мен әрпін таныту, буындардан сөздер құрату; әдемі, көркем, сауатты жазу дағдысын, іскерлігін қалыптастыру;
Ққ дыбысы мен әрпін таниды, буындардан сөздер құрайды. Сауатты жазуға және сауатты оқуға дағдыланады.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

I. Психологиялық көңіл - күй.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп

Қызығушылықты ояту

а) Сөзжұмбақ шешу
Қандай сөз шықты? \Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен қала деген сөзді шығарту.\
Буынға бөліңдер, бірінші буындағы қандай дыбыс таныс емес.
Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Қ дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
Дыбыстық талдау жасату.
Қа - ра - қат, қа - ла, қа - лақ, қо - нақ сөздерін буынға бөліп,

қ дыбысының орнын байқату.

Мағынаны тану


Сөздік қоржын.
қала қара қалақ қалта ақ
қола қора қонақ тақта лақ
орақ ақпан Қанат
ошақ алақан Қайрат
қарақат қошақан Қуат
Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Дәптерді ашайық
Қолға қалам алайық
Ққ әріпін әдемі етіп жазайық

Оқулықпен жұмыс: Бағандарды сөздерді хормен оқыту.

Сергіту сәті

Сергіту сәті \ «Думан» ойын сауықтыру орталығы\
Ғимараттардың алғашқы үш қабаттарында ойын - думан және спорт орталықтары, сондай - ақ конференциялар, келіссөздер, көрмелер және концерттер өткізуге арналған залдар орналасқан.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.

Ой толғаныс

Терме диктант :

Бәйтерек (монументі)
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Қала, нан, бала, бақа, шопан, қалақ, қонақ, лақ.
«Ақ орда» тапсырма
Суреттердің атын атап, дыбыстық талдау жасаңдар.
Ақ Орда резиденциясы - Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Бейбітшілік пен келісім сарайы Тапсырма «Тиінге көмектес»
Өтілген әріптерді себетке салу.
Бейбітшілік пен келісім сарайы - архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Тапсырма: «Тиінге көмектес»
Өтілген әріптерді себетке салу.
Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:
Қ қандай дыбыс?
Сөздің қай буынында жазылады?
Қала аттары қалай жазылады?
Қала тақырыбына мәтін құрау.
Сөйлем құрату.
Алмат қалада тұрады.
Қарағай тауда өседі.
Ой қорыту
«Менің орным қайда?» ойыны
Суреттерді орналастыру.
Рефлексия:
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?

Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады












© 2010-2022