Дүниетану Адамдардың көктемгі еңбегі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіДүниетану Адамдардың көктемгі еңбегіСабақтың тақырыбы:. Адамдардың көктемгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1 Жыл мезгілдері туралы айта келе, көктем мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. 2. Ұжымдық еңбекке баулу. 3.Білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Көктем мезгіліне мазмұнды сурет, слайд

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар қазір бізде дүниетану сабағы. Кітабымызды ашып сабаққа дайындалайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жылдың неше мезгілі бар?

Оқушылар: 4 мезгіл

Көктем мезгілінің айларын атайықшы?

Оқушылар: Наурыз, Сәуір, Мамыр Біз өткен сабақта көктем туралы мағлұмат алдық. Көктемде қандай өзгерістер болады?

Оқушылар: Көктемде күн жылына бастайды, жаңбыр жауады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, адамдар жылы киіне бастайды.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Бүгін біздер адамдардың көктемгі еңбегімен танысамыз. Көктемде адамдар қызу еңбекке кіріседі. Жеміс ағаштарының қураған бұтақтары кесіледі. Ағаштардың түбі қопсытылып, діңі әктеледі.

Көктем-адам еңбегінің қызған кезі. Адамдар дәнді дақыл, көкөніс егілетін жерді әзірлейді. Көктемде егін егіп, көкөніс көшеттерін топыраққа отырғызады. Өскен егінді,көкөністі суарып күтеді.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Мақал-мәтел айтқызу.

Жері байдың- елі бай.

Еңбек етсең емерсің.

Еңбек еңбек түбі зейнет.

Жер саулуғы -адамның денсаулуғы.

ҮІІ. Жаңа білімді бекіту:-Егісті қалай күтеді?-Бақта қандай жұмыс түрі істеледі?-Өз ауылыңдағы көктемгі адам еңбегі туралы не білесің?Ә.Дүйсенбиев:»Көктем» өлеңін оқып беру.

ҮІІІ Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

Начало формы

Мақсаты: Балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктері, ауа-райының өзгерістері туралы жан-жақты түсінік беру, қоршаған орта туралы ұғымын тереңдету, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиеші: Балалар, бізге Жұмбақбай ата қонаққа келді. Ол құр келмеген, біздің білімімізді, өнерімізді байқау үшін тапсырмалар әкеліпті. Жұмбақбай ата: Менің мынау қоржынымда асықтар бар. Ол асықтар түрлі-түсті. Ендеше тапсырмалар да әр түрлі болмақ. Осы асықтардың түсіне сай, конверттерде тапсырмалар жазылған.

Тәрбиеші: Жұмбақбай атаның қоржынынан асықтарды бір бірлеп алып тапсырманы орындауға кірісейік (Жұмбақбай ата отырады) Бала қоржыннан жасыл түсті асықты алып көрсетеді.Жасыл коверттегі тапсырманы орындау.

Тәрбиеші: Қазір жылдын қай мезгілі? (көктем мезгілі) Көктемде неше ай бар? (үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр) Көктемгі ауа-райының ерекшелігі? Ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді. Ендеше асық та көктемдей жасыл түсте екен. Көктемгі табиғат құбылыстарын атау?(жаңбыр, бұлт,күн, кемпірқосақ )

Сергіту сәті: (қимылмен көрсету) Күн ұйықтайды,

Күн оянады.

Жел соғады

Жел қатты, қатты соғады.

Найзағай шатырлайды

Жаңбыр жауады

Жаңбыр басылды

Күн ашылды.

Ойын: «Сипаттау арқылы жұмбақтың шешуін тап». Балалар күн, жаңбыр, бұлтты сипаттайды өз сөздерімен, бір бала соны суретіне қарамай, ойланып табу керек.

Досбол 22.01.2013 жауап берді

Конец формы

Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Начало формы

0дауыс

Конец формы

Начало формы

Көктем туралы әңгіме.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады. (маса, шыбын, аю, кірпі)

Тәрбиеші: Көктемде қандай киім киесіңдер?

Балалар: Күртеше, жеңіл бас киім, жұқа кофта т.б

Тәрбиеші: Азамат көктем туралы тақпағын айтып берсін.

Жарайды, отыра ғой.

Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Дымбілмес: (музыкамен кіреді қолында аңдар мен үй жануарларының суреті бар)

  • Балалар, Қонақтар сәлеметсіздер ме? Мені таныдыңдар ма? Мен Дымбілмеспін.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен қайдан жүрсің?

Дымбілмес: Балалар, сендердің орманға баратындарыңды естіп келдім. Орманға менде барайыншы. Менің де орманды көргім келеді.

Тәрбиеші: Балалар Дымбілместіде өзімізбен бірге ала кетеміз бе?

Балалар: Иә, ала кетейік

Тәрбиеші: Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық. Дымбілмес сенде көзіңді жұм.

Балалар: (Көздерін жұмады)

Тәрбиеші: Ал, көзімізді ашайық. Балалар орман өзі қандай болады? Орманда нелер болды?

Балалар:

  1. Орманда күн шығып тұрады. (Күн іледі)

  2. Су болады. (су іледі)

  3. Құстар болады.

  4. Ағаштар болады.

  5. Гүлдер, шөптер шығады.

  6. Жәндіктер болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар біздің орманымыз қандай керемет болды.

Дымбілмес: Енді білдім орманның қандай болатынын.

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат» Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші. Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат?

Балалар: Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар.

Тәрбиеші: Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.

Балалар: Тас, су, қар.

Тәрбиеші: Өте дұрыс айттыңдар, балалар. Ал Дымбілмес сен білесің бе, орманда қандай аңдар тұрады?

Дымбілмес: Білмегенде ше, әрине білем. Қазір мен көрсетемін. (Тақтаға іледі суреттерді аю, түлкі, ешкі, түйе, т.б)

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмес дұрыс көрсетті ме? Осы жануарлардың барлығы орманда тұрады ма?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес.

Тәрбиеші: Қайсысы артық, қайсысы дұрыс емес?

1-бала: Ешкі, қой

2-бала: Түйе, сиыр.

Тәрбиеші: Оларды неге алып тастадың?

1-бала: Олар үй жануарлары.

Тәрбиеші: Неге оларды үй жануарлары дейміз?

2-бала: Себебеі олар үйде адамдарға жақын тұрады. Оларды адамдар бағады, су береді, шөп береді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың. Ал мына аңдарды бір сөзбен не деп атаймыз?

3-бала: Орман аңдары деп атаймыз.

Тәрбиеші: Неге оларды орман аңдары деп атаймыз?

4-бала: Өйткені олар орманда, адамдардан алыста тұрады. Олар өз тамағын өздері тауып жейді.

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсың, отыра ғой. Дымбілмес осы орман аңдарының төлдерін білесің бе?

Дымбілмес: Білмеймін, мүмкін балалар көмектесер.

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеске көмектесіп жіберейік.

Конец формы



© 2010-2022