Құстар-біздің досымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық тобының тәрбиешісі Атшыбеава Қарлығаш

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала

Оқу іс әрекеті:Экология негіздері.

Тақырыбы:Құстар-біздің досымыз.

Мақсаты:Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.

Көрнекілігі:Интербелсенді тақта,слайдтар,суреттер.

Пән аралық байланыс:тіл дамыту,сауат ашу.

Әдіс тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,жұмбақ шешу,мақал-мәтелдер айту,болжамдар,тыйым сөздер айту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар әрекеті

Мотовациялы қозғаушы

Шаттық шеңберіне тұрғызу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар тәрбиешінің көмегімен шаттық шеңберін қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Бүгінгі сабағымыз топтық сайыс түрінде өтеді.

1-Бүркіт тобы.

2-Тоқылдақ тобы.

3-Аққу тобы.

4-Қарлығаш тобы.

Ой қозғау.Слайд:(Төренің суреті.)

-Балалар, біздер «Айжұлдыз» бағдарламасындағы Төрені білеміз бе?

-Оның табиғатты үнемі қорғап,қамқор болып жүретінін білеміз бе?

-Ол өзінің салған суретін біздерге жіберіпті,қараңдаршы бұл қай жыл мезгілі деп

ойлайсыңдар?

-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

Балаларға көктем мезгілі бейнеленген суретті көрсету.

Мағынаны тану.

Бүгін біздер «Құстар-біздің досымыз»тақырыбымен танысамыз.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Құстар табиғаттың бір бөлігі.Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.Құстардың түрі өте көп.Олардың бәрі пайдалы ..Көктем мезгілі

-Дала құстарын нешеге бөлеміз?

-Отырықшы және жыл құстары.

-Отырықшы құстарға қандай құстар жатады?.

-Жыл құстарына қандай құстар жатады?Көктемде

құстардың туған жерге оралатын кезі.Құстар өздеріне ұя салатын ыңғайлы орын іздейді.Бірі батпақтан,енді бірі шөп-шаламнан ұя жасайды.

Слайд:Ұялар.

С.Көбеевтің «Құстың ұясы»әңгімесімен танысамыз.

1.әңгімені түсіндіру.

2.сұрақ-жауап.

Әліппе дәптермен жұмыс.

-Суреттен не көріп отырмыз?

-Дала құстарын нешеге бөлеміз?

-Мына құстар қайсысына жатады?-

-Тоқылдақ неліктен орман дәрігері деп аталады?

-Жыл құстарына қандай құстар жатады?

-Неліктен жыл құстары дейміз?

Сергіту сәті.

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

Топтық жұмыстар орындаймыз.

1-топқа тапсырма.Бүркіт тобы.

1.Жұмбақ шешу.

Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан

Жүнімнен жұлып

Бесікке қадаған

Бұл қай құс?

2.Он екі айдың біреуі

Сірә оның атында

Өзге ұяға із тастап

Мен деп жар сап жүреді.

2-топқа тапсырма.Тоқылдақ тобы.

Мақал -мәтелдер айту.

Құс қанатымен ұшады,құйрығымен

қонады.

Ит тамағы үшін жүгіреді,

Құс тамағы үшін ұшады.

3-топқа тапсырма.Аққу тобы.

Болжамдар құсқа байланысты.

Қарлығаш келген кезде қораға қонса,қой егіз табады, ал егер үйге қонса,үй-жан басы көбейеді.

Түсіңе қарлығаш кірсе-бақытқа кенелесің. Жыл құстары топ болып ұшса,көктем ерте келеді.

4-топқа тапсырма.

Құстарға байланысты тиым сөздер айту.

1.Құстың ұясын бұзба.

2.Жұмыртқасын жарма.

3.Аққуды атпа.

4.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.

Ой толғаныс. «Құстардың мекені»ойыны.

Берілген құстардың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып өз мекеніне орнату.

Тауға:Бүркіт.(құстарға байланысты

адам есімдерін айту).

Суға:Аққу.(Құстар туралы тақпақ айту)

Далалы жерге:Қарлығаш(Құстардың дыбысын салу.)

Орманға:Тоқылдақ (Жыл құстарын ата?)

Топтық тапсырма орындау.

1.Қызыл кітап туралы айту.

2.Құстардың пайдасы туралы айту.

3Құстар, дос сөздерін буынға бөлу.Ауызша сөйлем құрату.

4.Құстарға қалай қамқорлық жасайсың:?

Қорыту.

Құстарды халқымыз ерекше бағалаған.Өз балаларын балапаным деп еркелеткен. Әншімізді «бұлбұлға»,батырымызды «қыранға»,сұлуымызды «аққуға»теңеген халықпыз.Сондықтан балалар құстарды аялап,қамқор болайық! Мадақтау.

Барлығы танитындарын айтады.

Көктем мезгілі.

Сурет бойынша жыл мезгілін анықтайды.

Балалар

мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар әңгімеден түсінгендерін айтады.

Берілген сұрақтарға

Балалар өз ойларымен жауап береді.

Өлең жолдарын қайталап жаттығу жасайды.

Балалар жұмбақты қызығушылықпен шешеді.

Өздері білетін мақал-мәтелдерді айтады.

Балалар өздері естіп жүрген құсқа байланысты болжамдарын айтады.

Құстарға байланысты

тиым сөздер айтады.

Ойынға балалар қызығушылықпен

қатысады.

Топтық тапсырмаларды бірігіп орындайды.

Күтілетін нәтиже: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы.

Білуге тиіс: жыл құстарын ажырата білу.

Түсінігі: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінігі.

Көрсете білуі:құстарға қамқорлық жасап,оларды қорғау.

© 2010-2022