ЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Рахимжанова Апидаш Муратовна, бастауыш сынып мұғалімі

№25 қазақ қыздар гимназиясы

Мұғалім қызметіндегі басты мақсаты - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін , оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы және кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы тәсілдермен меңгергендігін жете түсінуі. («Мұғалімге арналған нұсқаулық», 7 бет) Б.Блум таксаномиясы бойынша сабағыма 6 білім деңгейін салып 7 модульді ықпалдастырдым. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушыны пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6бет.) Дүниетану пәні. 2-сынып. Сабағымның тақырыбы: «Ауаның маңызы». Мақсаты : Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру Міндеттері:

  • Оқушылардың сөздік қорын арттыру, тілін дамыту;
  • Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Оқушыларды сабаққа дайындау кезеңінде сабақтың мақсаты мен міндеттерін ашып, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модулін қолдандым. Уақытты үнемдеу үшін және жаңа ақпараттар беру үшін АКТ-ны қолдандым. Сол сияқты талантты және дарынды балалармен де жұмыстар ұйымдастырылды. Қолданылған құралдар ретінде тақырып бойынша қосымша мәлімет, 6 телпек, постермен жұмыс, топтастыру, бағалау стратегияларын пайдаландым. Оқу нәтижесінде тақырып бойынша өзара көмек көрсетуді, топтық жұмысқа бейімделе бастауды, постермен жұмыс жасай алуды, ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды көздедім. «Шaттық шеңберiнiң» педaгoгикaлық мәнi - әрбiр бaлa өзiне тaныс үлкен дoстық шеңберiне қaбылдaнғaнын сезiнедi, өзiне сенiмi aртып және өзгелердiң де сенiмiне ие бoлaды. Оқушылар сабақ басында ұйымдастыру кезеңінде жайлы атмосфера құру мақсатында бір-бірінің қолдарынан ұстап, өлең жолдары арқылы сәттілік тіледі: Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын. Арайлап атқан әр күнің Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын.

Шаттық шеңберінен соң көңiлдерi серiгiп қaлды. Сaбaқтың бaсындa көңiл - күйлерiн бaғaлaу пaрaғынa түстер aрқылы көрсетiп, «Бaғдaршaм» әдiсi бoйыншa көңiл-күйлерiн бaғaлaп aлдым. Жасыл - көтерiңкi, сары - oртaшa, қызыл - төмен өлшемдерi бoйыншa өз-өздерiн бaғaлaды. Бaғaлaу нәтижесiнiң бoйыншa 22- oқушыдa көтерiңкi деңгей екенi aнықтaлды
ЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбер»
Оқушыларды топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында сынып оқушыларын «Мозайка» әдісі арқылы төрт топқа бөлдім. Топпен жұмыста топ ережесін құрудан бастадым. Алдымен, сынып оқушыларымен топ ережесінің не үшін қажет екенін анықтап алдық. Төрт топ өз ережелерін құрды, төртеуінен ортақ бір ереже шығарды. Ол ережені тақта алдына іліп, әрқашан орындап отырды. Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірімен ынтымақтастыққа, бірлікке, алға қойған мақсатқа жетуге және әр оқушыны оқытуда алға жетелейді. Себебі, әр оқушы топпен жұмыста тапсырма орындағанда өзінің ойының қате болуынан қорықпайды. Оның ойы топпен талқыланып, нақты жауаппен сұрыпталып ортаға ұсынылады. Сабағымда жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Жұмбақ - белгілі қасиеттерін ғана меңзеп жасырылған зат, құбылыстарды шешкізу мақсатында құрылған танымдық мәні зор ұсақ жанр. Ондағы менің мақсатым жұмбақ арқылы олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, ойын дамыту. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ , қалай ойлайсыңдар?- деп түрткі сұрақ қойдым. Сұрақ қоюдың үлгісін «бастама -жауап -кейінгі әрекет» нысаны бойынша қарастырдым.Оқушылардың жауабынан кейінгі әрекет - әр топтың пікірін тыңдау, өзімнің тарапымнан ,топ атынан шыққан оқушылардың жауабын құптау, мадақтау болды. Оқушылар өз ойларын айтып, жұмбақты шешті:


Түсі бар көрінбейді, Біртұтас бөлінбейді. Тынысы ол тіршіліктің, Ешқашан жерінбейтін (ауа) Жаңа тақырыпқа шыға отырып, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындады. Сабағымның білу кезеңінде оқушылар ауа туралы не білетіндері жайында яңни бастапқы білімдерін тексеру мақсатында мәтін бойынша жұмыс істеп, ауаның маңызын ашты. Таныс емес сөздердің мағынасын ашу мақсатында «Түртіп алу стратегиясын» қолдандым. Мәтінді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп, өз ойларын топта талдады. Батискаф - терең мұхиттардағы су астын зерттейге арналған арнаулы аппарат. Акваланг- су астында тыныс алу үшін арнайы аппарат. Оқушылар бұл аппараттарды теледидардан көргендері жайлы әңгімелеп, өз ойларын қосты. Олардың пікірінен соң қалған оқушыларда көргендерін естеріне түсірді. Сабақтың бұл кезеңін «Бағдаршам» арқылы бағаладым. Интербелсенді тақтамен «Ауаны қажет ететін заттарды» және «Ауаны қажет етпейтін заттарды» топтады. Сабағымның түсіну кезеңінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдісін қолдана отырып, ауаны қажет ететін заттарды бір жаққа, қажет етпейтін заттарды бір жаққа топтастыру тапсырмасы берілді. Бұл тапсырмада сын тұрғысынан ойлауды үйрену орын алды, себебі, оқушыларда бір-бірінің шешіміне келіспеушілік «әңгіме - дебат» түрі көрінді. Мерсердің зерттеуіне сүйенсек әңгімедесудің үш түрі бар: 1.Әңгіме - дебет; 2.Топтық әңгіме; 3.Зерттеушілік әңгіме («Мұғалімге арналған нұсқаулық», 39-40 б.) Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі әдістерін пайдаландым. Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Мысалы: не білеміз? қандай түрлері бар? Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мысалы: …болса, қалай болады? қалай? неге? не үшін? айырмашылығы неде? себебі неде? Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы: көмектесе алатындар бар ма?» неліктен? қайда қолдануға болады? [Нұсқаулық 41б, Мерсер ,1995] Мерсердің жоғарыда атап өткеніндей әңгімелесудің үшінші түрі зерттеушілік әңгімесіне көштік. Оқушылар қызыға қатысты. Бір топ допқа ауа қажет емес десе, екінші топ допқа ауа қажет, себебі, ауасыз доппен ойнай алмайсың деп өз ойын дәлелдеді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, ұжымдық білім мен пікір қалыптастырады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Өз ойын, пікірлерін білдірді. Oқушылaрдың сыни тұрғыдaн oйлaнa oтырып жaуaп берулерiн тaлaп ететiн сұрaқтaр тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрдың oй ұшқырлығын дaмытып қaнa қoймaй, сoнымен бiрге бaсқa бaлaлaрдың дa терең oйлaнып, сұрaқтaрғa жaуaп берiп үйренулерiне мүмкiндiктер бередi. ЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ «6 қалпақ» стратегиясы «Ауаның маңызы»
Сабағымның талдау кезеңінде ауаның маңызын ашу мақсатында «Алты қалпақ» сратегиясын қолдандым. Бірінші топқа - адам үшін ауаның маңызы, екінші топқа - өсімдіктер үшін ауаның маңызы, үшінші топқа - жануарлар үшін ауаның маңызы, төртінші топқа - тіршілік үшін ауаның маңызын дәлелдеу тапсырмасы берілді. Әр топ талдап постерге түсірді. Әр топтан бір оқушы шығып, ауаның маңызын ашып, өз пікірлерін ортаға салды. Олар өз ойын айтуға талпынды. Топпен жұмыста белсенділіктерін көрсетті. Синтездеу кезеңінде жест арқылы бағаланды. Сабақтың ортасында сергіту сәтін ұйымдастырдым. Музыка әуенімен «Қаражорға» биінің қимылдарын орындады. Сабақты жақсы көңілмен жалғастырып кетті. Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру, оқушылардың ой-қиялын, шығармашылықтарын дамыту мақсатында бағалау кезеңінде «Ауа - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазғыздым. Бағалағанда формативті бағалау түрлерін : бағдаршам, «Нүктелі дауыс» әдістерін қолдандым. Соңында өзім жиынтық бағамен бағаладым. «Нүктелі дауыс» әдісімен нысанаға нүктелерді жапсырту арқылы оқушылардың білімдерін бағалай отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын байқадым. Оқушылар нысананың ортасына қарай (қызыл бояуға) нүктелерді көп жапсырып, жаңа сабақты жақсы меңгергендіктері анықталды. Нәтижесінде: Жоспарланған жұмысымның жақсы нәтиже бергеніне көзім жетті. Оқушылардың берілген тапсырмаларды бір-бірімен тығыз байланыс орната отырып орындағаны сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізді. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, ынталары, танымдық және ойлау қабілеттері біршама артты. Топпен жұмыс істеу қалыптасты. Қорытындылай келе білім сапасын арттыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан осы мақсатта білім мазмұнын жаңашаландыру және оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән беру керек деп ойлаймын.





































© 2010-2022