Жаңа жыл тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін №43 орта мектебі

Астана қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі

Рахимбаева Г.С.

«Жаңа жылдық Буратино хикаясы»

Бастауыш сыныпқа арналған жаңа жыл мерекесі

Құрастырушы: Рахимбаева Гульсара Силановна

«Жаңа жылдық Буратино хикаясы»

Түлкі Алиса и мысық Базилио балалардың жаңа жылға арналған мерекесін өткізбеуге бел байлайды. Олар шыршаға үлкен құлып салып қояды. Ал құлыпты Карабас шалға беріпті. Шырша шамы жанбаған. Буратино осы шырша мерекесін ойдағыдай өткізу үшін өзінің күш жігерін жұмсап, мерекені есте қалардай өткізуге уәде етеді.

Ортада шырша тұр. Шыршаның шамы жанбаған. Шыршаның белінде құлып тұр. Көңілді әуен ойнап тұр. Сықырлаған есік және қатты дыбыс естіледі. Осы дыбыспен қоса Буратино кіреді. Балалармен қол алысып амандасады. Шыршаны жүгіре жүріп балалармен амандасып шығады.

Буратино:
- Сәлем достар, сендер мені білесіңдер ғой.
Бұл мен, Буратино, және ертегіні бастаймыз!

(Ертегі әуені ойнап тұрады,микрофон арқылы сверчоктың дауысы естіледі)

Сверчок:
- Эй, Буратино,сен неге қуаныштысың, бүгінгі мереке болмайды, сондықтан жаңа жылды қарсы алмайтын болдық. Мереке болмайды.

Буратино:
- Неге мереке болмайды?Жоқ, жоқ мен келіспеймін,қарашы, қанша балалар келгенін. Біз бүгін жақсы көңіл көтереміз.И сен өзің кімсің,а?

Сверчок (Шырылдауық):

(Буратино шыршаны айналып шығады, бірақ ешкімді таппайды.)

Сверчок (Шырылдауық):
- Құлыпты көріп тұрсың ба? Сен осы құлыпты алтын кілтпен ашпасаң, бүгінгі шыршаның шамы жанбайды. Сондықтан жаңа жылда келмейді.Мерекеде болмайды.

Буратино:
- Ол алтын кілтті қайдан, кімнен аламын?

(Шырылдауық) Сверчок:
-Сұм Карабаса-Барабаса шалдан.

(Шырылдауықтың дауысы осымен кетеді).

Буратино:
- Айтуға оңай, оны қайдан табамын.

(Залға Мальвина кіреді, артынан әдемі, ұзын көйлек қыздарда кіреді. Мальвина оларға би үйрете бастайды. Мальвина осы қыздармен би билейді.)

Буратино (мысқылдап):
Ха-ха-ха, осы сендер қызықсыңдар,қайдағы би, ха-ха-ха.

Мальвина:
- Сен неге ұялмайсың, қыздарды мазақтағанын қалай, осы сен тәрбиессіз баласың.

Буратино:
- Мен бе тәрбиесізбін бе, но мен тығыршықтаймын. Қазір мен сендерді ұстап аламын. (Қыздар дауыс шығарып қашып кетеді).

Мальвина:
- Артемон, Артемон, мында келші!

(залға Артемон дауыс шығарып кіреді)

Артемон:
- Гав, гав, гав, менің ханшайыммым шақырдыңыз ба.Сізді кім ашуландырды. Мынау ма? (Дауысы анық, созыңқы шығарып) .

Буратино (Кекештеніп, қорқып әзер сөйлейді):
- Ия, мен, бірақ мен ойнағаным ғой, мен оған тиісейін дегенім жоқ.

Мальвина:
- Оған тиіс пе, Артемон,біз оны тәрбиелейміз.Қапу етіңіз,Буратино, маған орындық әкеп беріңізші.

Буратино:
- Не, мен бе, қызға орындық, әкеп беруім керек пе.

(Артемон ырылдайды.)

Буратино:
- Жарайды,жарайды, жақсы.

(Орындық әкеледі, Мальвина отырады.Мальвина жұмбақ жасырады.)

Мальвина:
-Қымбатты қыздармен ұлдар, мен сендерге жаңа жыл мерекесіне әдейі арнап әнмен би әкелдім.

(Балалар шеңберге тұрады,оларға Мальвина оңай би түрін көрсетеді,соны балалар қайталайды)

Буратино:
- Ия, билеңде, ән шырқандар, бүгін бізде мереке болмайды, шыршаның шамдары жанбайды. Жаңа жыл келмейді. Осы ескі жылда қала береміз, өйткені бізде алтын кілт жоқ.

Мальвина:
- Ах,ол қалай, неге, неге?

Артемон (Мальвинаны уата бастайды):
- Гав, мен білемін, алтын құлыпты қайдан іздеуге болатынын. Ол Карабас - Барабас шалдан іздеуге болады. Жүріндер мен сендерді сонда апарамын.

(Мальвина және Буратино Артемонның артынан жүреді

Әуенмен залдың басқа жағынан Алиса түлкімен Базилио мысығы кіреді.)

Түлкі:
- Қандай аспанымыз ашық, осы залда екеуміз ғана, Шыршаны ешкім күзетпейді. Оның ойыншықтары әдемі, жарқырап тұр.

Базилио:
- Ал онда ойыншықтарын үзіп алайық, оны сатып жіберейік, ақша табамыз, Канар аралына барамыз, күннің астында қыздырынамыз, мяу!

Түлкі:
- Сен ақымақсың, көрмейсің бе, шыршаның шамдары жанбағанын. Біз екеуіміз Карабас шалға алытн кілтті сатып жібердік қой.

  • Тыныш біреу келе жатыр, қайыршы сияқты бола қалайық.(Ата - аналарға барып садақа сұрай бастайды.)Түлкі:
    -Құрметті ата -аналар! Бізге ақша беріңіздерші. Біз ашпыз, Ақша жинамадық. Бізге ақша, ақша…

(Ата-аналарға арналған конкурс. Орындықпен ойнатуға болады. Осы уақытта залға Буратино кіреді.)

Буратино:
- Сенде не істеп жатырсыңдар? Мен сендерді бір жерде көрген сияқтымын? Осы сендер емессіңдер, ме, шыршаға құлып салған,а?
Түлкі мен Мысық:
- Жоқ, сен осы не айтып тұрсың,а ? Біз ондай жаман қылық жасай алмаймыз, ғой. Біз балаларды жақсы көреміз. Олардың ата аналарын да жақсы көреміз.
Буратино:
- Осы сендер тәрбиелі болсаң, мені Карабас шалға апарыңдаршы. Мен одан алтын кілтті алуым керек.
Түлкі:
- Сен уайымдама, қазір оны осы жерге шақырыамыз. (Қара мұрт) Ка-ра-бас-Ба-ра-бас, мына кел, Ка-ра-бас-Ба-ра-бас.
(Барабан дыбысы естіледі. Карабас келеді, мойнында алтын кілт бар)
Карабас:
- О-го-го, о-го-го, не болды, қорқып тұрсыңдар, дұрыс сендер менен қорқу керек. Мен сендердің иелерің. Мен қашан жаңа жыл болғанын қаласам, сонда жаңа жыл болады. Мен сендерге Аяз ата боламын! Ха-ха-ха!
(Түлкі мен мысық оның айтқанын қайталайды, оған қызмет жасайды.)
Буратино:
- Қара мұрт Карабас-Барабас осы екеуіміз шын жарысайықшы. Сен жеңсең, кілт сенде қалады, ал мен жеңсем маған бересің.
(Карабас Түлкі мен Мысықпен үшеуі ақылдасып , екі жақта келісіп, бірдей екі топ құрады, ұлдардан. Тартыспақ тартысады. Осы тартыстың үстіне Аяз ата кіріп, Буратиноның тобына көмектеседі)
Аяз ата:
-Мен Аязбын.Жоқ мен Аязбын
Карабас:
- Жоқ, мен Азз атамын.
Аяз ата:
- Аязда қызыл мұрын және ұзын сақал болу керек.
Карабас:
- Менде де ұзын сақал бар. ( Мысық пен Түлкі Карабастың сөзін қайталайды.)

Аяз ата:
- Жақсы онда, сен Аяз ата болсаң, онда осы тұрған балаларды қатыру керек.

(Карабас жүгіріп жүріп, балаларды қатыруға тырысады.)

Аяз ата:
- Сен өтірікшісің,
Ұзын сақалды болсаңда,
Енді уақытты алмай, кілтті әкел,

  • Ал өзің осы жерден көзіңді құрт.
    (Карабас кілтті Буратиноға береді, ал Түлкі мен Мысық қашып кетеді. Буратино кілтпен құлыпты ашады).
    Аяз ата:
    - Шырша үш рет айнал

  • Шырша шамы жарқыра

Ал, балалар, бір,екі, үш
Біздің шырша жарқыра
(Шырша жарқырайды. Әуенмен залға Ақша қар мен қарша қыздар кіреді.)
Аяз ата:
- Салем, менің немерем, сен жалғыз емессің, ғой.
Ақша қар:
- ИЯ, менімен бірге қарша қыздар келді. (Қарша қыздар биі)
Аяз ата:
- Ал кім маған жаңа жылға арналған тақпақ айтып береді.

Ақша қар:
- Кім маған жаңа жыл туралы ән шырқайды!
Аяз ата:
- Сендермен болған сәтіміз бізге ұнады. Бірақ маған уақыт тығыз, кетуім керек. Басқа балалар тосып қалды.
Ақша қар:
- Біз сендерге бір жылдан соң келеміз. Ескітеріңді қағып, тағы күлкі мен әнге булығып, жаңа жылды қарсы аламыз.

Бірге:
- Сендер бақытты болыңдар!

Жаңа жыл құтты болысын!



© 2010-2022