Менің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағатыМенің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағатыМенің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағатыМенің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағатыМенің Отаным-Қазақстан 3сынып Сынып сағатыТақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, сағыныш сезімін ояту;

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық

сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,

авторларының суреттері, қанатты сөздер

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

А)Топқа бөлу

1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен

ә) Білім күнімен және алғашқы қоңырау күнімен құттықтау
б)ҚР Әнұраны.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

2.«Ой қозғау» Қазақстан туралы не білеміз?

ұлан - байтақ,қазба байлықтары бар

Қ

а

з

а

қ

с

т

а

н





Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр

кең алқапты жазық далалы жерлерге бай

Тәуелсіз ел,рәміздері бар





Кім білгір? ойыны . Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.

  • ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?

  • Еліміздің бас қаласы

  • ҚР президенті

  • ҚР туының авторы

  • ҚР елтаңбасының авторлары

  • Әнұранымыздың авторлары

  • Еліміздің көрікті жерлері

  • Отан туралы өлең айт

  • Отан туралы ән шырқа

2.Негізгі бөлім Менің Отаным - Қазақстан

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
Еліміздің рәміздерін атайық.
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

3. «Есіңде ме.........? Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Отан от басынан басталады.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.

4. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы. (халық)
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
«Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік

Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы
туралы заң т. б.)
Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан) 5.Ата Заңымызға-20жыл 1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған уақыт. Бұл Республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бергі екінші Конституциясы. Тарих үшін 20 жыл қас-қағым сәт. Алайда бұл мемлекет өміріндегі сындарлы жылдар болды. Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз - Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

6.Қорытынды....

Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.



© 2010-2022